Сағындым сені, сағындым…


23469849_1184879825_11714812_mlove-copyЖалғандағы армандаған асылым
Мұңымды айтам мен өзіңе жасырын
Асау өткел өткізбеді
Қашқан жолдар жеткізбеді, жаным
Айлар өтті кездеспедің
Сырларымды сезбеспе едің, жаным
Сағындым сені, сағындым.

Бір өзіңді ойлай-ойлай жыл өтті
Ғашық жүрек от боп жанды, дір етті
Қара көзің күлімдеген
Кірпіктерің дірілдеген, жаным
Жайнап өскен гүлім деп ем
Жүрегімді тілімдеген, жаным
Сағындым сені, сағындым.

Ғұмыр кештім мен өзіңмен, аяулым
Шықпай қойдың сен есімнен, аяулым
Кездескенде көктем еді
Көкте тырна өткен еді, жаным
Құстар қайтты – оралмадың
Сен бақытты бол, арманым, жаным
Сағындым сені, сағындым…

М.Бесбаев

29 пікір | Сағындым сені, сағындым…

  1. Баян says:

    Сағындым сені, сағындым….Э-э-эх!

  2. Aikona says:

    Айқайлап айтқым келетін күндер де болып еді осы сөздерді…

  3. Ақ томпақ says:

    мынау М.Беспаевтің айтуындағы ән бе? естімеппін😦

  4. KonilAshar says:

    ой осы әнмен 2аптадай ауырған шығармын
    қазір Музарттың бір әнімен ауырып жүрмін
    гүлім сезем сол бір өзен арнасына тола алмайды..

  5. маке says:

    керемет ән! (қоштайтын смайликтер)

    алғашқы шумақтың екінші қатарын қате есіттім бе деп жүргем:
    жасырын ба,әлде шын сырым ба?

  6. Бахыт says:

    Сөзі мен әні кімдікі екен.

  7. Сағыныш деген субстанция адам бойын тербегенде, шынымен де поэзияға ұмсынып тұрасың, е…

    Тағдырыма Тайбурылдың тегеурін тәбәрік қып,
    Қайғысын қия салған Құлагердің,
    Әй, бозшулан бәдіре дүние, сен неткен тұманды едің…
    Сағымдарды қуа-қуа сағым сынып,
    Қара түнге шайтаның қайратқанда намысымды
    Үдеп кеткенде ахиретіңе сағынышым –
    Бір адам жібер, қасына қосып саумал сырамды менің!

  8. Айдана says:

    мен онв суйемин брак ол мени суймейди армияда казр жарты жыл болды

  9. Эльмира Абдукаримова says:

    Сагыныш…Сағындым…

  10. Nurgul says:

    Бұл өлең біреуге арналып жазылды ма?

  11. keide osi sozdi sirtina wigarip katti aikailagim keledi,birak ol mumkin emes😦

  12. Inta says:

    Cагындым сени…сагындым…журегимнин теренинен орын алган создер((((((

  13. aydik says:

    оййй..сағыныш..сағыныш..егер жүрегінде жан бар адам сағынбаса ол хайуан ғой !!!!!!!!!!

  14. Aidana says:

    САГЫНАМ,МЕНИДЕ ДАЛ СОЛАЙ САГЫНГАНЫН КАЛАЙМ…менин кадиримди билмейтин адамга озимди кыйуым дурыс па терен ойдамын…………..

  15. Акося says:

    Эх, осы оленмен талай омыр узындылеры байланысты еды. Окынышты барлык нарсенын соны болады екен гой.

  16. Aigerim says:

    sagynyw) men suigen adam dal osylai sagynganda, bari osylai bolar medi? ai jalgan dunie… jurekti auyrytpai koyasyn ba???

  17. Меруерт says:

    Жаным менин Кызылордада,озим Актобеде… Жаным Женис армыз мындаган шакырымдар болса да,журегим манги сизбен бирге…

  18. акыл says:

    сағындым сені, бірақ оны ешқашан білмей өтесің…..

  19. Аспан ашық, тұнық.
    Мен отырмын сені ойлаумен,
    Сұлу жүзіңді есіме алып,
    Не істерімді білмейтінім, бұл анық.
    Қасыңа сенің баруға асығамын,
    Сені ойлаудан мен шаршамадым.
    Қашан келесің сен жаным?
    Күте,күте мен тосудамын.
    Сенсіз талай күндер өтуде,
    Қуаныш,шаттық бәрі кетуде.
    Ертерек келші деп тілеймін мен,
    Алысқа сені алып кетуге.

  20. Арай says:

    Оны катты сагынып журмин,шыдай алар емеспин.

  21. жумаахмет says:

    Сүйем күйемді қалай түсінесіңдер жалпы.
    Мағанасын сендердің түсінгендеріңе мен түсінбедім

  22. serik says:

    Мен оны сағынамын… Сағыныпта жүрмин. Онымен қоштаскалы, дал солай сағынатындай әлі ешкімді жақсы көрмеппін…

  23. Arai Sovetova says:

    Ассаламуалейкум Алаш жастары! Әкеге деген сағыныш жайлы өлеңдеріңіз болса, бөліссеңіздер…

  24. Дана says:

    Сангыныш… Ол ар килы. Биреу суйгенин сагынса, биреу жастык шагын сагынар. ал биреулер ата-анасын, бауырларын сагынады. Сагыныш алыстагы сагым секилди,теренине унилсен де жете алмайтын , кудды бир куз секилди. Жаны орта жандар сагыныштан саргаяды, мунаяды,озин жалгыз сезинеди. Топ ишинде журсе де сагыныш сезими оны болек алып шыгып, ойы тылсымга кетеди.

  25. Guli says:

    Сагындым ана жайдарлы сенын жузынды,
    Сенын ашык дидарынды кулкынды,
    Сагындым ана акыл айтка созынды,
    Аркашан мен курметтеймын озынды!

    Ей-жастар ау курметтендер ананды
    Омырге акелген гой ол адамды
    Анан сенын тобендегы жаркыраган кунын гой
    Сол кундерын болмасыншы ешкашанда карангы!

    Жан анашым омыр бойы аман болшы аркашан
    Отынемын мен сенен ауырмашы ешкашан
    Арман болмас менде егер умытынды актасам
    Сагындым гой озынды кореды екем мен кашан…

  26. Фарида says:

    мен де бир жанды сагындым)
    мен 1 ак жигитпен журдим) сол жанды али де суйемин!!!!”””!!!! бир районда турсакта вообще кориспеймиз) оны бир рет теледидар-дан коргенде куанып калдым) коргим келип жур оны… каатты сагындым

  27. Армани says:

    Жаным Гулданамды кааатты сагындым.мен оны суйетиним соншалык созбен жеткизе алмаспын. Жигиттер кыздар шын СУЙГЕНДЕР БАКЫТТЫ БОЛСЫН.ЕЛДЕР АЙТА БЕРЕД ШЫН ГАШЫКТАР КОСЫЛМАЙДЫ ДЕП

  28. Бағлан Тулеуович says:

    мен сағынатын жан бар. оны көрмегелі 9 жыл болса да әлі де кезіктірем бе деген оймен жасым 33ке келсе де бойдақпын. іздеп те бардым үйіне.қонақ болып 1 күн үйлерінде күтіп ата-анасы оларға мен туралы айтқандығын айтты да менен ол туралы сұрамауды өтінді. не жағдай болғанын біле алмадым, бірақ сағынамын

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: