Терме тыңдайсыз ба?


Бұрын атам термелерді өте жақсы көруші еді. Ал мен болсам мүлде тыңдай алмайтынмын. МузАрттың концертінен кейін Мейрамбектің орындауындағы термені тыңдап, маған термелер басқа қырынан ашыла бастады. Әр сенбі сайын, бәрімізге жақын дос Ертай Нүсіпжановтың жүргізуімен «Сегіз қырлы» атты бағдарламада да небір керемет термелер айтылады. Әзірге көбімізге танымал Майлықожаның термесін жариялаймын. Терме 19-ғасырларда жырланса керек, бірақ бір байқағаным, өмір әлі де сол нақышта сияқты. Тек ғылым мен техника ғана дамуда…

Майлықожаның термесі. 

Ал білерсің, таңның атарын
Көрерсің күннің батарын.
Кейінгі жұртқа меймансың
Кеткен соң құрбы қатарың.
Керуен кетіп барады
Нарменен тізіп атқандай.
Жарық дүние аман бол
Тым құрбы өскен қатарым.

Ептеп кісі бай болмас
Маңдайға құдай бермесе.
Өлемін деп кім ойлар
Ажалы жетіп өлмесе.
Жылағанмен не пайда
Жыйылаған жұрт көрмесе.
Жырлағанмен не пайда
Тыңдаушы баға бермесе.

Дүниеге мейман көңілім
Мақтасам дауа тілерсің
Өлшеніп берген өмір бар
Уақытыңменен жүрерсің.
Бір күндері-ау қапа боп,
Бір күндері-ау күлерсің.
Бір қалыппенен еш пенде
Бітіре алмас үлесін.

Ажал келсе жатқызар
Маңдайға басқан ұйқыдай
Пендені дәулет мас қылар
Қыраудан кешкен жылқыдай.
Бауыры бүтін, бас есен
Сағынар саулық, күлкіні ай.
Қызықтырған түлкідей
Дүние өтер бір күні-ай.

Жақыннан күдер үзгендер
Жақынын ұрып, жат қылар.
Жылқыдан күдер үзгендер
Биесін сатып ат қылар.
Жақсы болса ағайын
Көңіліңді-ау шат қылар.
Жаман болса ағайын
Өзін-өзі жат қылар.

Жаман тоймас мал десе
Диқан тоймас жер десе.
Ер тілеуін береді-ау
Ертеде тұрып, “ел” десе.
Ұят пен беттің пердесі
Қымбатты ердің зердесі
Майлықожа ақынның
Ыбырат қып айтқан термесі.

15 пікір | Терме тыңдайсыз ба?

  1. naqirus says:

    Термені төккен бек рахат,
    Тыңдарға сана саф болса.
    (с) Пәтақтың Сарысы

    Терме жақсы ғой, Зере, әсіресе, әуезі мен сөзі үндесіп жатса. Орындаушысы шебер болса, қазақтардың Сүйінбайы айтпқашы, “қай-қайдағыңды қоздырып жіберетіні” де рас. Алайда, осы қазақ термелерінде кейде артық сөздер де көп болатындай сияқты маған. Мәселен:

    “Ептеп кісі бай болмас
    Маңдайға құдай бермесе”(с) Майлықожа;

    “Ептібайымайд” (с) Мастұр батыр;

    Қазақтың Абайынша айтсақ, “жұмыр келер айналасы” болуы керек сияқты.
    Бірақ, мойындаймын, қазақ термелерінің динамикасы дүр. Қарқын деген үйір жылқының шабысынан бетер дүбір ойнатады көңіліңде, деребең қозған шақта.

  2. satibaldi says:

    Базаржоқ жырау:

    Имеңдеп кемпір болып жүр,
    Небір сұлу бұралған.
    Алып кетпесең арбалап-ау
    Не пайда жиған бұл малдан? –

    дегеніне қарағанда, ол ғасырларда да өтірік майысатын қыздар көп болса керек, әжесстің.

  3. Абу Али ибн Хаттаб says:

    Қазіргі тілмен айтқанда, терме – бұрынғы кездің рэпі.

  4. Bayan says:

    Тыңдаймын. Рэпке ұқсастығы, бәлкім, епкіндете айтылғандығынан ұқсастық бар шығар. Бірақ, домбырамен орындалғаны ерекше естіледі.
    Мейрамбектің орындауындағы “Қазағым” (қателесуім мүмкін атауынан) кімнің термесі екен?

  5. satibaldi says:

    …Жұмыр басты пендесін,
    Құдыреті күшті құдайым
    Не күйлерге салған жоқ?

    Азу тісі ақсиған,
    Марқасақадай қасқиған,
    Көзі ақықтай сүзілген,
    Жыландай белі бүгілген
    Белгілі ару қор болып,
    Кімдерден жылап қалған жоқ?
    Жылай да қалған аруды,
    Кім жұбатып алған жоқ? Кім жұбатып алған жоқ?! – деп, Базаржоқ жыраудың айтқанына қарағанда, ол замандарда да қыздар жынД болған болса керек.

  6. make says:

    шернияз
    әбубәкір кердері
    құрманай төремұрат
    жақайым еспембет
    молда бәйім
    кете жүсіп
    балқы базар
    қарасақал ерімбет
    шораяқтың омары
    нұртуған
    тұрмағамбет
    байназар өтепұлы

    алмас алматовты тыңдағанша, түрікпеннің телеарнасын қарағаным жақсы
    ал ел ішіндегі асылдар көріне алмай отыр

  7. Спрос жоқ сонда да. пИЯР әлсіз ба екен…

  8. Bakytnur says:

    Hip-hop bizdin aitystan shykkan desem daulasatyndar shygar ma eken?

    • naqirus says:

      Детроидтың қараңғы кварталдарының біріне барып айтпасаң, бізде кез-келген осы тұжырымыңды дауламақ түгілі, қолпаштаумен қатар, сол академияның корреспондет-мүшесі атағын беріп жіберетініне бек сенімдімін.

    • Нұргүл says:

      Мейрамбектің қандай термесі болмасын ол өте мағыналы, жүрекке жақын.Тыңдап-түсіне білген адамға ол термелердің өмірде пайдасы мол!

  9. Шынгыс says:

    Ой бул музарттын термесыгой быр екы созын озы озгертып алган музарттын термесын тындасан осы екенын былесын

  10. Alibek Malika says:

    Верь…

    Живи живя неугомонно
    Твой свет сверкает для тебя
    Люби любя неотречённо
    Огонь в груди всё для тебя .

    Без устали ты улыбайся
    Чтоб всё вокруг тебя цвело
    Дарруй тепло не отрекайся
    Благодари,нам жить дано.

    Ты помни слишком краток срок
    Нам суждено здесь любоваться
    Твори добро как ангелок
    Чтоб ты потом не огорчался.

    И помни мы здесь не всегда
    Не огорчай родных и близких
    Запомни умные слова
    Люби и верь, всегда надейся.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: