* * *


Маздатып та мұздатып та бұл жүректі,
Дүрмекпенен тағы да бір күн өтті.
Біреу күлкі сыйлады…
Ал біреуі
өзі жұқа жүйкені күлдіретті.

Бір күн өтті зымырап, тағы ысқырып,
Екеумізді мүлдемге алыс қылып.
Мені айырып, ал саған айнымастай
Жақсы-жақсы достарды табыстырып.

Бір күн өтті… күшіңді жанығайсың!
Ертең мені көрсең де танымайсың…
Емінжарқын, елпілдек мінезіңмен
Таныс еместерге де тағы ұнайсың.

Өткізіп ап барлығын елегіңнен,
Бәріне адал боласың – сенемін мен!
Сен сырласып жүрерсің соларменен,
Мен тек қана өзімнің өлеңіммен…

Авторы: Гүлнар Салықбай

5 пікір | * * *

  1. Ainameken says:

    Гүлнар Салықбай ерекше ақын!!! өзгеше ойлайды

  2. Молдир says:

    бул олендердин аркайсысынын оз ерекшелиги бар.ар оленнин создери шоктыгы биик ари жалынды.осындай олеодерди жазган ага-апкелериме улкен алгыс айтамын

  3. Молдабай Жамбыл says:

    Не деген керемет создер адамды бауратып балқытарлықты олең екен. Сізге тек саттілік тілеймін!!!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: