Іш пыстырған өлеңдер…

Қыркүйек 4, 2009

Қазақ өлеңдерінде ең көп кездесетін сөзер хит-парады:

1. Жаным

2. Аяулым

3. Ғашығым

4. Кеш немесе кешір

5. Жүрегім

6. Алтыным

7. Қарағым

8. Сүйдім, сүйген едім, сүйемін, кейбір кезде ғашық болдым, ұнаттым

9. Айым («күнім» емес)

10. Сезім.

😦


Rin’Go тобында өзгерістер

Шілде 21, 2008

Демалыста жатып, мынадай жаңалықты естіп қалдым. Отандық “шоу-бизнес” саласында аз-мәз еңбек етіп жүрген, жас та болса біраз жетістіктерге жеткен Rin’Go тобында біраз өзгерістер болған екен. Топтан Алдан есімді әншісі кетіп, оның орнына Суперстар.кз жобасында бақ сынасқан Аян Бирбаев есімді жігіт және финалда өнер көрсетіп, жақсы нәтижелер көрсеткен Адылжан Умаров топты толықтыратын болыпты. Топтың продюсері Алуа Қонарова бұл өзгерістердің топтың әлемдік масштабта дамуына бағытталған деп түсіндіреді.

Жап-жақсы топ, маған топ мүшелерінің қарапайымдылығы ұнайды. Өлеңдері де, клиптері де жастарға үлгі берерліктей, менің ойымша олар түзу бағытта келе жатыр. Бір журналдан сұхбаттарын оқығаным бар еді, сұрақтарға тиянақты жауап беріп, өздерінің қарапайым отбасынан шығып, жеткен жетістіктері тек өздерінің күші мен білімдері екенін айтқан. Жас буынды қолдау ретінде блогыма жеке арнап қояйын деп ұйғардым.


Былтырғы жылы осы Rin’Go тобы жыл сайын Латвияда өтетін “Новая волна” байқауында жүлделі болып қайтқаны есімізде. Шыны керек, жарқ етіп шығып, тәнті болатындай өнер көрсетпесе де, талаптарының зор, мықты екені көрініп-ақ тұрды. Соны ресейдің примадоннасы байқап қалуы керек, жалпы ол сахнада кімнің-кім, қандай екенін бір естігеннен-ақ тани алатын дәрежеге жеткен шығар. Сөйтіп, өзінің жеке сыйлығын беріп, топ мүшелерін қуантқаны бар.


Ал осы жылы осы байқауға Қазақстан атынан «China Town»-ның қыздары бақ сынамақ екен. Шын айтсам, өз басым бұл топтан мәз емеспін. Тіпті, Дзинтари сахнасында қандай амплуада шығатындарын көзіме елестете алар да емеспін. Не болса да оны өз уақытында көре, ести жатармыз. Ал қыздардың мойнында қазақ елінің абыройы жатқанын естен шығармағандары жөн болар…


Қайда жырларың, мұңды әнің жүрекке бір маза бермеген?

Наурыз 13, 2008

Жақында Ресей президентін сайлау барысында жаңалықтардан репортаж беріп жатып, олардың қызыл алаңдағы концерттерін көрсетті. Сонда Ресей шоу-бизнесінің ірі тұлғалары – Любэ, Машина времени, т.б. өнер көрсетіп жатты. Олардың әйгілі хиттарын алаңға жиналған жасы бар, кәрісі бар барлығы хормен айтып, көңілдерін көтеріп жатыр. Сосын осы 8 наурыз қарсаңында Эдита Пьеханың концертін берді. Онда да ерте кездерде орындалған әдемі өлеңдер, құлаққа жағымды, түсінікті хиттар… Шынымды айтсам қатты қызығып кеттім…

Read the rest of this entry »