Жіберілмеген хат


Саған арналған хатымды неден бастарымды білмей отырмын. Әйтеуір бойымды сағыныш билеп алғанын білемін. Жазғым келді… Арамыздың алшақтағанына біраз жылдар өтсе де мен әлі сені ойлаймын, сағынамын… Оның бәрі сенің орныңды ешкімнің де баса алмағанынан. Болашақта баса ала ма екен деген сұрақтар да жиі мазалайды.

Елдің көңілін қалдырудан да шаршадым, алдыма келгеннің бәрін сенімен салыстырып, әркез ойымнан шықпағанынан, бәрі ренжіп қайтады. Өйткені олардын әрбір іс-қимылдарында “Ол болса былай істер еді, былай айтар еді, мен естігім келіп тұрған сөзді айтар еді” деп ойым мың құбылады. Әрине, бұның бәрі махаббаттың жоқтығынан. Білмеймін, сен кеткелі ешкімді құлай сүйе де алмадым. Ал мені білесің ғой, бірінші принциптерім – сүю, махаббат, түсіністік, гармония. Әркез өмірімді идеализациялаудан жалықпаймын, өйткені басқаша өмір сүре алмаймын. Сондықтан қазір ешкіммен танысқым да келмейді.

Осының бәрін оқысаң жүрегің ауыратынын білемін, “Неге олай істейсің? Елдің бәрі мен сияқты емес қой, қаншама рет айтамын саған, сен бәрін жүрегіңе тез қабылдайсың” дер едің. Сосын көп уақыт ұйықтай алмай жүресің, өйткені мен мұнда тынышсызбын, сен үшін мұңлымын. Онымен қоймай мені жүрекке тез қабылдамауды өтінесің…

Осы өмірде сенің жүрегіңдей кең, мінезі қайратты, ақылы көркіне сай азаматты тағы кездестіре алар ма екем? Білмеймін, бір рет кездестіргенде Құдай оны менен көп көріп, айырып жіберді. Мүмкін ол кезде маған ондай бақыт көптік болған шығар. Ал қазір істеп жүрген игі істерімнің барлығы, ендігі кездекте көп көрмесе екен деген ойымнан да шығады. Егер маңдайыма жазылмаса да бәрібір, өйткені мен сен армандағандай, сен қалағандай, сен тамсанатындай, сенің өзің сияқты адам бола алдым. Өйткені мендегі бар, барлық жақсы қасиеттерге өзің үйреттің, сенің махаббатың, одан кейінгі қайғың…
Ия, сенің махаббатың маған үлкен мұң сыйласа да сен мен үшін ерекше адам болып қаласың.

Тағы да менің үлкен ұстамдылық қасиетім жылт етіп, саған осы хатты жібермеуге ұстап қалады. Өйткені сенің өз өмірің, ондағы өз проблемаларың, өз уайымдарың мен қуаныштарың бар. Бәлкім онда менің керегім де жоқ шығар. Сондықтан беймаза уақытта сені мазалағым келмейді.

Бұл сөздерің бәрін өзің жақсы сезесің деп ойлаймын. Сезбесең де өз еркің. Өйткені бұл менің өмірімдегі құбылыстар, менің мұңым және оған өзім ғана жауаптымын.

Сені тағы да жұмыс бабында көтеріпті ғой, құттықтаймын! Сенің еңбекқорлығын әрине елемеусіз қалмайды. Сендей адамы бар ұжым да сенен айрылғысы келмейтін шығар. Олар сені күнде көреді, қандай бақыт…

Қайғыда да, қуанышта да, жабыққан сәттерде де мен өзіңмен бірге екенімді ұмытпа… Ауырма, жолда абай бол, сүйдім.

30 пікір | Жіберілмеген хат

  1. Әдемі жеткізіпсің. Өте сыпайы, өте тұнық образда. Ол да осал емес екен. Жан жарасы жазылып, тән жарасы жазылмайдының кері. Уақытың емдер, сол терапевтке сен және өзіңді табыста. Егерәки оның басындағы жағдай бөгет болса онымен санаса алуың да үлкен күш екен. Бірақ түпсіз терең тұңғиыққа батып кетпеу де керек шығар. Бар ғұмырың алда әлі. Әлі біреуге қос-қостап ұл-қыз туып беріп, үбірлі-шүбірлі боласың. Ал алғашқы махаббат кейінгі құмарту мен құлшынуларға модель боп қала беретіні шын сияқты. Бармен санаса біл… Санасып та жүргенге ұқсайсың…

  2. Сені алғаш көрген кезде сұрап ем ғой “көзіңде бір мұң бар ғой” деп соның жауабын алған сияқтымын енді…

    Қыз баланың ғашық болуы шынымен қиын нәрсе… Бірақ, Зере сен мықты қызсың. Көңіліңдегі бұл мұңды шынымен уақыт емдейді. Болашаққа сеніммен қара.

  3. ittirlik says:

    Уақыт емдейді.

  4. bakytnur says:

    Kettik, kinoscenariya jazamyz!

  5. Сымбат says:

    Зере, сен мені біртүрлі қып жібердің ғой… Сірә бір менің біраз уақыт бұрынғы көңіл-күйімнің айнасындай, “қатты дауыстап күрсінген смайлик”.. Салыстыру қанша уақыт өтсе де қалмайтын сияқты. Бірақ өмірде барлық нәрсе өткінші ғой, ештеңе мәңгілік емес. Бір айдан кейін сағат сайын ойласаң, бір жылдан кейін аптасына бір жолы есіңе түседі, арғы бес жыл өткеннен кейін тек белгілі бір мейрамдарда есіңе түседі, сөйтіп күндердің күнінде сағым боп қана қалады..

  6. Bayan says:

    Ақзере, сірә, бұл хат жіберілмегендігімен де құнды шығар…
    …бәрі де жақсы болад…келер күн…

  7. Айко says:

    жақсы сөздер екен. НЕгізі сүйу де өнер ғо. Зережан. сіздің жүрек ерекше. кейбір аянышты сүйе алмайтын адамдар да бар. яғни, Бұл дегеніңіз бақыт. Мейлің ол хеппи енд болмай-ақ қойсын. Бірақ өмір сондай қызық, және қызық. себебі адамдарда сезім бар, осыны алмасын құдай. әйтпесе өмірде ішің пысып кетер еді. Сымбат керемет ой айтыпсз. уақыт емші. Кезінде осыдан 5 жыл бұрын онсыз өмір жоқ деп түсінген адамыңды қалай ұмытқаныңды білмей қалады екенсің. Дәл біздей ұлдар сүйе алмай бірақ. Балдар сол рас қо да?🙂

  8. 12aikon1986 says:

    Өртеген сезім, жанымыздың түкпіріне тығылған сезімдер қашан жанартау болып атылар екен. Мүмкін сол құпиялығыменде олар бізге өте қымбат, тұнық асқақ та шығар. Зере сүйе білуде бақыт… Кетіп қалдың деп ренжимізде, бірақ сағыныш сезімнің өлшемі…

  9. маке says:

    айкоға: балдар-балдар!
    жігіттееер десең әдемі аузыңның ажары кетіп қалама?
    (аkzereден кешірім сұраймын)

  10. KonilAshar says:

    солаай өмір болғасын неше түрлі болады
    даа мынадай ғып жазу үшін кәдімгідей ғашық болу керек қой:)

  11. Айко says:

    маке🙂 ашудың исі шығад ғо ағасы? сізге ұнамады деп, мен неге “өзіме” ұнаған сөзді ауыстырум керек? адамдар бірінің айтқанымен бірі жүрсе, біз жұмақта өмір сүрген болар едік…

  12. Қарлығаш says:

    Жанып сөнген махабаттар, жылама
    Өткен күннен жылыныңды сұрама
    Өмір – майдан, өмір асу, өмір құз
    Өзіңе-өзің қайрат бер де құлама

  13. aselhan says:

    Қандай таныс сезім…
    Сүйгеніңмен бір болмаудан артық қайғы жоқ шығар. Қанша күлсең де, достарымен көңіл көтерсең де көзіңде сол мұң қалдырған бір кеңістік көрініп ақ тұрады. Махаббат қанша шаттық сыйласа да, сонша қайғы да сыйлайды екен…

  14. Madina says:

    Бул тура менің тағдырым сиякты! менде бир жигитти кулай суйдим, алі де суйемин! неге екенин билмеймин! ол казир менен алыста! журегимди тебірентіп жіберді…. Мұндай махаббатты ешкимнин басына бере кормесин!

  15. Гуль says:

    Мұнадй хатты мен де жазып едім. Меннен басқа ешкім жазбайтын шығар деп жүрсем,қателесіппін. тағдырымыз ұқсас сияқты. Өйткені менің де хатым өзімнің қойын кітапшамның бір беті болып қалған…

  16. nino says:

    allahka kulshylyk etiniz, jureginiz tynyshtyk tabady. Adam abalasyn Allah tagaladan artyk kormeniz, kinalys kop bolady. Sosyn kansha adamdy okpelettim deisiz olar sizdin tagdyrynyzda bolmagan goi. Siz ony oilagandai , izdegendei ol da sizdi oilaidy, sagynady degenge senesiz be? sondyktan uakyt otkizip almai tezirek turmys kuryp ana bakytyna bolenuge tyrysynyz!

  17. Акнур says:

    Ия, сол бір жанды неге жек коруге болмайды екен?! Мумкін махаббаттын кудіретті куші де осында болар… Канша уакыт отсе де оны корсем деп аландап іздеумен журесін… Оны озгеге кимасан да онын бакытты болуын калайсын…

  18. Айсұлу says:

    Хатыңызды оқып тебіреніп отырмын.Жүректен шыққан сөз әрқашан жүректерге жетеді ғой.Сізбен бірге осы хатты оқыған қаншама қазақ мұңдануда.Сіздің қайғыңызға ортақтасқандардың бірімін.Өмірде қандай қиындық көрсеңіз де,сабырды жолдас қып,Құдайға күпірлік етуден сақтаныңыз!Алла қуат берсін!Өмірде тағы бір жанды шын сүйіп,сонымен бақытты болуыңызға шын жүрегіммен тілектеспін!

  19. Aliya says:

    жауапсыз суйген киын екен

  20. Асель says:

    Акзере, рахмет сізге. Осы хат үшін. Рахмет.

  21. Жазира says:

    Ия, тура менін басымнан өткен жағдай. Сүйе тұра, қосылмау, нағыз азап. Кездескен басқа жігіттерді салыстырып, ешкімнің оған жетпейтінін түсінесің. Уақыт емші деген жай сөз, барібір сол адам жүрегіңнің түкпірінде қалады. Бір күні келер деген үміт жоқ емес.

  22. Алма says:

    Журек сыры.
    Жаным мен!н! шын суйемин гой сени. Калай катты киналатынымды билсен гой.Журегим кысылып, козимнен молдир жастар тогиледи.Сенин касымда жок болганын маган бул омирдин сынагы ма деп бир ойлаймын жаным. Сенин отбасын бар,соны ойласам типти киналамын. Билемин саганда киын. Сени ойласам, молдир жастар тогиле агады.Сондыктан мен озимди жумыспен,жолдастарыммен,туыстарыммен алданамын. Мине 4жылда отти,бирак сени умытар емеспин.Жалгыз калганда, сен коз алдыма келип турасын жаным. Журегим абден киналып битти жаным. Баска жигитпен менин курбын таныстырды, бирак озимди де,оны да алдай алмадым. Барлык ойым да журегимде тек сенсин гой жаным. Омирдин мени сынаганыы болар енди,абден кайгырдым гой. Енди тек Алла тагаладан сурайтыным жаным Сенин бакытты болуын,шын журегимнен тилеймин соны. Маганда Алла тагала айел бакытын силар…

  23. Айсапар says:

    Типти не айтарымды билмеймин… тагдырлас екенсин жаным. конилимде жаткан создерди алде ким келип унсиз окып тургандай бир мен ушин. козимнен жас тиылар емес, ия бул коз де жылап-жылап уйренип те калды-ау… казактын киели кобызынын куйн косып койдым да, дауыстып окыдым, откен ащы да татти кундеримди еске алып тун тунилдим. тек менин тагдырымнын айырмашылыгы суйгеним руласым еди. билемин ол да киналып жур… амал канша тагдырдын берген куни сол екен. Бул менин ен ауыр ашылмаган сырым еди. Жаным… Ия жаным деп те айта алмадым суйгениме, себеби мен казактын кызымын салт-дастурин сыйлаган! Баска ешкимди суйе алмайтындаймын дал осылай. бар созимди озин-ак жеткизипсин алып-косарым жок. Тек бир айтарым Ей гашыктар кулак сал созиме, Ерме аркимнин бир созине. суйсен егер шын оны, курес омир жолында махаббаттын жолында! Алсиздик танытпа курбан етпе озинди, есте сакта жаратушы Алла деген созинди. Ескер ата-ана коз жасын, курбанында калмасыншы егилип….

  24. Nur-Islam says:

    Саламатсыздарма!!! менім басымнан өткен махаббат азабы; 2013 жылдың куз айында другвакругпен бір инабатты, иманды кызбен таныстым, 2 ай көлемінде мен онымен телефон арқылы тілдесіп журдім. Коп узамай сол иманды, инабатты кызбен кездестім өзім ауылдан боламын, Ол кыз Сарыагаштың Абай деген жерінен болатын еді. біздің ауылдан бір жарым сагаттай жолы алшак еді. Бір алланың берген багыма сол кызды унатып журдім. 1-2 ай токтаусыз сойлесіп журдім. Ауылдан калага оку жылының басында кеттім, окып журіп жумыс істеуіме тура келді, жумыска турдым, сабақпен жумысты катар алып журіп онымен аз сойлесетін болдым. Сойтіп жургенде ол кыз маған былай деді, маған анда санда звандайтын жігіт керек емес, есіңе тускен кезде звандайтын болдың деді. Оның устіне сол кыздың апшесі жетісайға турмыска шыккан. жетісайда келіндерді былай кылады азапка салады екен, мен болашакта онда турмыска шыкпаймын деп бетіме айта салды, сонымен ол кызбен айырлысып сойлеспей кеттік. мен ол кызды умыта алмай журмін. алданып бір кызбен таныспакшы болсам сол кыз есіме тусе береді сонда ол кыздың махаббаты жалган болганыма. мен сені суйемін Улболсын

  25. Гулайна says:

    Мұңымыз ортақ екен Зере. Мына хатыңды оқып компьютер қасында елжиреп жылап жибердим Амал нешік тағдырға көнеміз

  26. жанм says:

    даже не деринди билми қалады екенсин………….. бірақ маған үлкен көмегі тиді….. жігітіммен көп ренжісіп қала беремз қазір мен болмайтн нарсеге ашуланп калам….. брақ болашақта бірге болғм келеді. жазғандарыңызды оқып енді ренжімейм и оны да ренжітпим деп шештім……..

    сізге айтарм өмір алма кезек,
    тек шыдам керек.
    шыдамдылықтың арқасында
    айналп жүгірп қуанышта келмек.

  27. Анар says:

    Иә махаббат деген қиын ғой… Сендегі бұл азап әр оқыған адамды толғандырмай қоймайды. Осылай жазып іштегі сезімді шығарып отыру керек деп ойлаймын. Бөліскеніңіз дұрыс.

  28. Гулим says:

    ия Омир кызык. сен оны суйесін ол басканы, бул омир зандылыгы секилди сірә. менде дәл солай болган жыладым, ауырдым, анамнын журеги мени корип елжірейтін. мен анам ушин кайгыруды, жылауды кишкене токтаттым. бирак шынында да ол жанга ешким жетпейди. ешким ол жандай бола алмайды. мейли сени баска жан суйсин мейли ол сени аяласын бирак журек тек сол жан деп кана согады. бул хат канша жыл алдын жазылган. мумкин бул киси балалы шагалы болыпта улгерген болар. умит журекти жаралайды. катты киналганда ширкин айй осы журек неге тас болмаган деп те ашу ызага булыгамыз. бирак артынша умытамын болды деп озимизше жубанган сынай танытамыз. журекке алгаш ким кирди сол жан сол жерде кулыптаулы калып кояды екен. мейли ай мейли жыл отсын уакыт ешашан ол жанды умытуга комектеспейды. мейли сен баска жаннын жары бол барибир сенин сананда,журегинде сол жаннын есими бар. ол умытылмайды. оны умыту керек емес тек еске алмау керек. бул омирде бари отер кетер мейли, бирак жалындаган журектеги махаббат ошпейди. ким болсакта кайда болсакта, кимди суйсекте тек оган бакыт тилеуден шаршамайык. ким билсин олда сени сагынар олда издер бирак олда саган бакыт тилери анык. мен суйдим бирак суйіле алмадым……

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: