Қарақат қыз


Жұлдызды түн. Уақыт мәмілелі…
Кәрі төбет ерініп паң үреді.
Қарақат қыз қарайды мамасына,
Сылтауратсам екен деп тағы нені.

Маған пана сол үйдің бәйтерегі,
Күндегідей төбемнен ай төнеді.
Қолжуғыштың шелегі толмаса да,
Төкпек болып шығады, қайтеді енді?!

Кім екенін білмесін, білсін мейлі…
Әдеті ғой, ақырын «кімсің?» дейді.
Біле тұрып не үшін келгенімді,
«Қай жақтан мұнда адасып жүрсің?» дейді.

Авторы: Бейбіт Сарыбай

7 пікір | Қарақат қыз

  1. Ардақ says:

    “қолжуғыштың” дегенді,, жуындының десе ғой….бырақ керемет, керемет, керемет!!!! қатты тамсандым , шіркін!!! Өлең!!!!

  2. Ерлан says:

    Жарайсыз Беке!!! Тамаша жазылган нагыз махаббаттын манызын корсетіп тур!!! Жарайсыз Шыгармашылыгыныз орістей берсін агасы!!!!

  3. Сымбат says:

    Мен бул өлең жолдарын Қазақ радиосынан естіген болатынмын,қазір осы өлеңді тауып тағы оқып отырмын!

  4. достар менин де оленимеде бага бериндерш. менде олен шыгарам жасым 15 те. мына оленимди 12 жасымда шыгаргам.

    Шаршадым мен, сені сүиіп өкінуден.
    Саттерім азаюда еркін күлген.
    Басымнан өткен қайғы, мұң, налаға.
    Мен үшін жалғы3 ғана кінәлі сен.
    .
    Жерідім мен, өзің жайлы ойланудан.
    Оралмайтын бақытты ойға алудан.
    Сүйгеніме мен сені мақтанбаймын.
    Керісінше ұялам бұл қауымнан.
    .
    Қажыдым мен,қауқарым жоқ күресуге.
    Сенің айтқан ауыр сө3ің тұр есімде.
    Сенен соңғы өтінішім бұл өмірде.
    Мүмкіндік бер бақытпен тілдесуге.
    Қаншалықты сен мені жек көрер болсаң.
    Соншалықты сені сүйем білесіңбе?
    Асқақтап, ақын болсам армансыз мен.
    Жыр оқыр ем саған алғаш жыр кешімде.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: