Сен жоқсың…


Қабат үйлер шырақтарын сөндіріп,
Түн жарымы болғанына сендіріп,
Қалғып-мүлгіп қала ұйқыға кетсе де
Есігімнен келетіндей сен кіріп
Есім кетті терезеге телміріп.
Бірақ сен жоқсың…

Ақ білегім мойныңа асылып
Жатсақ шіркін жалынына шарпылып
Күн жауардың алдындағы теңіздей
алабұртып, алқынып,
Бірақ сен жоқсың…

Жанарымды жарық айға тастадым
Жабырқайды жалғызсырап жас жаным
Құс жолында жүргендейсің сен мүлде
Әнін айтып менің емес, басқаның
Бірақ сен жоқсың…

авторы белгісіз

4 пікір | Сен жоқсың…

  1. sheber says:

    “Ақ білегім мойныңа асылып
    Жатсақ шіркін жалынына шарпылып”
    -деген сөздері керемет екен!

  2. айгул says:

    олендеринз кандай жаксы,журек тебрентеди

  3. ardasau says:

    Сені ойлап, тыпыршумен қақталып,
    Сол аязда бардым сенің маңыңа,
    есік қағып, терезеңе тас атып
    аттырдам ау тықырлатып таңдыда…
    Бірақ сен ашпадың!

    Шарпылысым шабыттанда тасылып,
    шалбар симай, ілгек тұсы тартылып.
    Кун жауып тұр, үсті басым малмандай
    Қуат тасып, есігіңді тарсыттым…
    Бірақ сен ашпадың!

    “Журегіңнің кілті кімде, аяулым?”
    “Суйем сені, жан нұрысың арайлым ”
    “Бағым, әнім, сәнім, үнім, жүрегім”
    деп те алдадым,
    Бірақ сен ашпадың!

    авторы белгили

  4. yrzik says:

    Өлең өте керемет шыққан екен! Адамды терең ойға салып, ерекше бір сезімге бөлейді екен!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: