Үнсіз қалсам, ұғарсыз…


Жылдар бойы бәлкiм, сiздi iздегем?!
Сезiмiмдi жеткiзем деп
Сөз қалмады тiзбеген.
Жүз сөзге де сыймайды сағынышым,
“Хат жаз” дейсiз.
Қалай және не жазамын сiзге мен?

Тағы, тағы жанарыма қонақтады шық арсыз…
Жылы сөзге мен сияқты сiз де зәру шығарсыз.
Жүрегiмнiң тiлiнде ғой айтпағым,
Үнсiз қалсам, ұғарсыз.

Құралай Омар

b860638d1fda

33 пікір | Үнсіз қалсам, ұғарсыз…

  1. Вayan says:

    Әдемі…
    Осы Құралайдың тағы бір өлең жолдары бар
    Сендегі үнсіздік — ақталу,
    Мендегі үнсіздік — кешірім деген.

    Рахмет, Ақзере!

  2. urimtal says:

    Әдемі. Сурет те, өлең ішіндегі сезім де сөйлеп тұр. Рахмет, Ақзере!

  3. Ақзере, ол оқи ма бұларды? Анда-санда хабарласып тұра ма еш болмаса?

  4. Jan_Aina says:

    Блогыңызға кірсем жастықтың ғана емес, нәзік сұлулықтың да кейпін көрем!🙂🙂🙂 АЛЛА жар болсын сізге!

  5. Jan_Aina says:

    Құралайдың өлеңдері аспаннан мөлт-мөлт етіп тамып жатқан мөлдір тамшылар сияқты

  6. Айко says:

    жыладым,,,

  7. Самга says:

    Керемет өлең. Сіз блогыңызға акындар айтысына форум жасасаңыз қойсаңыз нұр үстіне нұр болар еді.

  8. Самга says:

    Бір адам бар жүрегімді жаралаған….

    Бір адам бар жүрегімді жаралаған,
    Бір минут ойдан кетпей, мазалаған.
    Телефонға қайта-қайта алаңдатып,
    Хабарласпай, кінәм үшін жазалаған.

    Кінәм сол, ғашық болып қалдым саған,
    Көздеріңе күн нұрындай жымыңдаған,
    Сөздеріңе құлағыма сыбырлаған,
    Әндеріңе гитарамен сыңғырлаған,
    Жаным-ау, қандай ғажап сый ең маған.

    Сол сыйды бағалай алмағаным,
    Сен тым алыс болып кеттің жаным.
    Бір елдің топырағынан нәр алсақ та,
    Суып кеттік, қайнайды соған қаным.

    Күнде көріп жүзіңді, келбетіңді,
    Жүрсемде сағынамын бір үніңді
    Асылым сенің кәусәр әндеріңмен
    Мен түгіл дала гүлі тербетілді.

    Талай- талай айлы түн аясында
    Есілдің жүрген едік жағасында
    Жұдырықтай жүрегім қақ бөлініп
    Кетердей сол күндерді еске алғанда.-десем бола ма болмай ма?
    Анда санда олең шығаратын әдетім бар еді. Бағасын беріңізші.

  9. akzere says:

    Пікірлеріңізге рахмет! Өлең ұнағанына қуаныштымын. Құралайдың өлеңдеріне не жетсін, шіркін…

  10. akzere says:

    Нұрғиса, ОЛ деп ана хаттың кейіпкерін айтсаңыз, ия, ол хабарласып тұрады. Бірақ біз доспыз…
    Жалпы, қазіргі уақытта бәрі артта қалған ғой. Ол бұдан біраз уақыт бұрын жазылған хат, және сол кездегі сезімдер. Ал қазіргі уайымым басқаша… не басқада🙂 жалпы, уайымым жоқ десе де болады.
    Өлеңді оқырмандар сұраған соң жазып отырмын…

  11. akzere says:

    Самга, өлеңіңіз жақсы жазылған, бірақ тез жазылғандай көрінді.
    Ақындарға арнап “Мой мир” желісінде ашқан қауымдастығым бар.
    http://my.mail.ru/community/makhabbat/ – осы адреспен. Мүше болып, ұсынар өлеңдеріңіз болса жариялап тұрсаңыз болады.

  12. Вayan says:

    Уайымның болмағаны жақсы, Ақзере.
    Оқырмандарыңның ұсынысын аяқсыз қалдырмағаның үшін алғыс айтамыз🙂

  13. ruslannnn says:

    Уайым болмағаны жақсы🙂

  14. Omarbek says:

    қазір байтал түгіл бас қайғы болып жатыр ма сонда?

  15. кендебай says:

    Өлеңдерді оқып, ебіл-дебіл болдым.

  16. Қарлығаш says:

    Осы блогты ашу ниеттеріңіз жақыс екен, бірақ өлең жазу оңай шаруа емес, сондықтан поэзияның құтын қашырып, құнын түсіріп алмаңыздар. Қара сөзді тізіп жазу өлең емес, оның белгілі бір шарттары болады, оралымды ұйқас, жүректі дір еткізер жаңа ойлар керек.
    Біреулеріңізде сондай ұшқын бар. Қыздардың тағдыры, күйеуге шықпай отырып қалған, тұрмыс құрсам ба деген үмітпен жүргендер туралы өлеңнің құрылымы жақсы, көтерген жүгі ауыр, бірақ соған берілген баға 0 бопты, соған таң қалдым. Әлде бұл жерге тек жеңіл-желпі көңіл көтеруді мақсат еткендер ғана кіре ме?

  17. Керім says:

    Я, кандай Асем,кандай асыл создер десенши мен осы еки куннен бери карап журмин осы сайтты маган катты унады. Тагы МАХАББАТ, СЕЗИМ, АНА туралы оленжырларынызды калдырсаныздыр екен деймин

  18. Құралай Омар says:

    Пікірлерінізге рахмет

  19. Жұмыссыз жалқау says:

    Жылдар бойы күдерімді үзбегем…
    Сезім солды, сөздерде көп
    тек қағазға тізбегем…
    Жүз сөз емес, мың сөз болсын, өте кеш қой жарығым…
    Мен үйленгем, сорлы қыз-ай…
    үйленген соң іздеген…

    Үнсіз қалсаң ұғармын ау басқа келер небір мін…
    Жүрегіңнің тілін сорып жаталмаспын, мұным шын.
    айызыңды қандыра алман, кешір сәулем өзіңмен.
    Тым болмаса, етек көтер мен сияқты біреумен

  20. Жансая says:

    ӨТЕ КЕРЕМЕТ, НЕГЕ АНА ТУРАЛЫ ЖАЗБАЙСЫЗ?

  21. Шыңғыс says:

    Өзге түгіл өзім безіп кеткенде
    Сен жанымда қала бердің,
    Кетпедің.
    Адал жансың!!!
    Маздап қана жанып жатқан махаббаттың алауын,
    Сезімің бар, сен аядың теппедің.

  22. mengo says:

    құр қолға бата жүрмейді.. әйтпесе, өкіртіп тұрып жазып берер едім…

  23. акыл says:

    әдемі сөздер…..)))

  24. улпан says:

    Куралай Омардын олендери катты унады,Мукагали мен Фаризанын олендерин гана окушы едим,Ал Куралайдын олендери керемет екен,Онын барлык олендерин окыгым келеди,Кайдан алуга болады екен???????????????

  25. Айгерим says:

    Махаббат бар ма өзі деп бул ғаламға таң қалам?!! Иа бар дейт быр адам, ол ана махаббаты. Шынайы махаббат тек сүйю гана емес сол үшін жанынды беру емес пе?! Әсте ондай адам бұл ғаламда жалғыз- АНА!!! Сондықтан аналарға мың АЛҒЫС!!!

  26. Бағдат Қазбек says:

    Мен сені ұнатамын ұнатамын,
    Тек сені көрген кезде жұбанамын.
    Көшеде кезіктірсем бір өзіңді,
    Бақытыма кезіккендей қуанамын.

    Мен сені көрген сайын күлімдеймін,
    Түсінкі болсын қанша көңіл күйім
    Себебі сен жүректің бір бөлігісін,
    Адам жаны тірісінде бөлінбейтін.

    Мен сені көрген сайын таңданамын,
    Себебі сенен сеземін таң самалын.
    Гүл секілді жансын сен көз тартатын,
    Келтіретін көркін бау – бақшаның.

    Мен сені көрген сайын қиналамын,
    Қинайтыны қолыма қонбағаның.
    Ертерек кезіккенде қиналмас ем,
    Белігілі еді жүрегіңе жол табарым.

    Б. Казбеков

  27. Кенжик says:

    олен жолдары жен3л уйкаспен шыгарылган кызыгарлык ештене жок,шабытын арта берсин

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: