Іш пыстырған өлеңдер…


Қазақ өлеңдерінде ең көп кездесетін сөзер хит-парады:

1. Жаным

2. Аяулым

3. Ғашығым

4. Кеш немесе кешір

5. Жүрегім

6. Алтыным

7. Қарағым

8. Сүйдім, сүйген едім, сүйемін, кейбір кезде ғашық болдым, ұнаттым

9. Айым («күнім» емес)

10. Сезім.

😦

24 пікір | Іш пыстырған өлеңдер…

  1. Абу Али ибн Хаттаб says:

    М.Исабекованың барлық әндері іш пыстырады. Сосын Айқынның. Тағы кім бар еді? Есіме түсер емес.

  2. huanysh says:

    😉 кеше жаным, аяулым, алтыным … деген сөздерден алшақтап, жеке Камилам, Ками деген қызына арналған өлеңді радиодан естідім.🙂 Қазақша бастап, орысша қосып, ағылшын тілінің бэби сөздерін түртіп, түрікшеде кіріп кеткен дүбәрә өлең бар екен🙂

  3. Ansar says:

    Іш пыстырса бір сәрі. Адамның жүйкесіне тиеді ғой. Өлең деген аттан жұрдай сөздер топтамасы ғана. Сүйген, күйген, жылаған, сорлап қалған ғашықтардың сыңсуы бітпейді екен.

    Өткен жылы ең сорлы әндердің ”TOP 10” жасайын деген едім, бірақ болмай қалды. Әуендеріне қарап емес, сөздеріне қарап.

    Бірер сөздерді қоса кетейін. Шымкентке барғанда құлағым шалып еді.

    1) жараладың
    2) неге (көңілсіз өлеңде)
    3) тағдырға не амал (тағдырда не жұмысы бар?)

  4. balgyrgan says:

    жүрегімді жаралап кеттің, ғашығым…
    сезім отын… бірдеңе бірдеңе… (білмеймін)
    ***
    сөйлеме маған, доғар сөзіңді
    көрсетпе, жаным, мінезіңді… (Алмас Кішкенбаев)
    ***
    қайтемін енді, шыдармын да
    жүрегімді бір қинаймын да… (Азиз(?)-сенші маған)
    ***
    жаным-ау, сағындым деп неге алдайсың,
    сүйемін, ғашықпын деп тағы алдайсың… (білмеймін)
    ***
    сүйем дедің сүйе алмадың – алдадың,
    айтқан сөзге тұра алмадың – тұрмадың.
    бақыттымыз деуші едік қой, жаным-ау жАным-ау…
    неге, неге, неге, жаным алдадың… (білмеймін)
    ***
    жаным, қалай жағдайың,
    жүректесің әрдайым.
    қайда жүрсең аман бол деп
    әсем әуен арнайын(?)… (білмеймін)
    ***

    бір ән бар еді ғой, “іздеймін таппаймын, тапсам да бақытты болмаймын” дейтін :))) ішім пыспайды :)) просто, ішім қатып қалады :)))

  5. Абу Али ибн Хаттаб says:

    “Жаным” сөзі әсіресе С.Жолбарыстың өлеңдерінде көп.

    • aigero says:

      Көретін күнім бар екен, жайдарлы күлкіңді сенің, жақсыға жар болдың ба жаным?
      Тағдырдың жазғаны болар, өмірдің озғаны болар, бақытыңды таптың ба жаным? (С.Жолбарыс “Ақ құсым”)

      Ұйқас қайда???

  6. Бөкен says:

    Жаным сөзі қосылмаған ән жоқ шығар (Бозторғайдан басқасы):-)

  7. ardasau says:

    ля ля мен ммммм ды да сол қатарға қосып қою керек

  8. Gastarbaiter says:

    Рифмалары топас болған өлеңдер ше:
    Қарай алмадым, жарай алмадым, тарай алмадым
    Бардым, Алдым, Салдым, Қалдым…

    Сөзі, өзі, көзі – орыстың грезы слезы, любовь морковь дегенімен салыстыруға болатын өкшесі тесіліп, мойны созылған ұйқастар.

  9. Көше әндері боп кеткен туындыларды әлдеқандай боп эстрадаға шығарып жүргендерге ішім пысады.

    ***
    сүйем дедің сүйе алмадың – алдадың,
    айтқан сөзге тұра алмадың – тұрмадың.
    бақыттымыз деуші едік қой, жаным-ау жАным-ау…
    неге, неге, неге, жаным алдадың…

    бұл өлеңді тек көшеде гитарамен айту керек )))
    ***

  10. Тоты says:

    Қызық…бәріне бірдей сапалы өлең тие бермейді… барын айтады да…қолдарына тигенін…әрине, олар жүрекпен айтпағаннан кейін…іш пыстыратыны анық қой…

  11. Аршат says:

    ойлай берме мені, жаным, ойлай берме. ойлай берме.

    шедевр өлеңдерден үзінді.

    зы. айтпақшы Айым ай бар екен ғой🙂

  12. Madlen says:

    janym sozi negizi en nazik, en jaksy soz goi:) magynasy men manyzdylygy osyndai olenderde jogalgan goi:) mumkin sol uwin de jigitter kyzynyn atyn esine tusire almasa, “kim edi… a, janym” dei salady:))))

    mynda kommentirovannye olenderdin keibiri magan unaidy:( arine, man-magyna jagyna kelsek, kazirgi kezde el arasynda jurgen olenderdin jartysynan kobisi atu jazasyna ketedi goi:(

  13. Gastarbaiter says:

    Қашан Сатекең кеп, “жаулап алды махаббатты” айтады деп отырмын..

  14. Назик says:

    бір уақытта автобуста келе жатыр едім, жүргізуші осындай “іш пыстыратын” өлеңдердің бақандай бір касетасын сатып алыпты…. онымен қоса сол өлеңді даңғырлатып бүкіл автобусқа қойып қойды…..енді ішім пысып ұйықтайын деп қалған кезде, бір өлеңнің сөздерін естіп қалдым: “қолымда РУЧКА МЕН ҚАҒААААЗ, саған хат жазып отыыыырм” деп бір(кешіріңіздер мені) дауысы мүлдем жоқ жас жігіт гитарамен айтып жатты…. не күлерімді не жыларымды білмедім…. осындай да “әншілер” болады екен….

  15. Бота says:

    МузАрттын андирин тынданыздар!100 кайталап естисениздер де жалыктырмайды!Журектериниздин торинен ойып орын алатын керемет назик андер!

  16. Gul' says:

    көшеде гитарамен айтылатын “сүйгеніме” деген әнді кім біледісонгы куплети жаным, сүйгенім деп битеди. кимде кандай варианттар бар сөзин умытып турм

  17. Gul' says:

    кінәсәма унатқаны жылап тым
    айтшы жигит кызды неге жылаттын, деп басталатын гитарамен айтылатын өленнин жалғасын ким биледі

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: