Ақырын ғана өледі…


1971 Нобел әдебиет сыйлығын алған Пабло Неруданың шығармашылығынан

Ақырын-ақырын өледі – әдетінің құлы болғандар, бағытын өзгертпейтіндер, көкжиектерін кеңейтпейтіндер, кимідерінің түсін де өзгерте алмағандар, немесе бір бейтаныспен сөйлесе алмағандар.

Ақырын-ақырын өледі – құмарлықтан, жүректі тез қаққызған, көздерді жайнатқан қателіктер мен сезімнен қашатындар, ақ пен қараны ғана қалап, нүкте қоюға асығатындар ақырын-ақырын өледі.

de5003a251fc

Ақырын-ақырын өледі – үстелді төңкермейтіндер, жұмыста бақытсыз болып, өзгерісті қаламайтындар, арманға жету үшін тәуекелге бел байламайтындар, өмірлерінде бір рет те болса есті сөздің сыртына шыға алмағандар.

Ақырын-ақырын өледі – саяхат етпейтіндер,
Ақырын-ақырын өледі – оқымайтындар, музыка тыңдамайтындар, өз-өзімен үндестік таба алмағандар.

Ақырын-ақырын өледі – махаббаттан безетіндер, ізеттіліктерінен айырылғандар, өміріне шағым айтқыштар, сәтсіздіктері мен толассыз жаңбырды жыр ететіндер.

Ақырын-ақырын өледі – бастамай жатып, жоспарынан бас тартатындар, білгенін айтқысы келмейтіндер.
Ақырын ғана өледі…

Поштаға салып жіберген Ізгілікке рахмет! Жазбаға бірқатар аударма мен толықтырулар енгіздім.

12 пікір | Ақырын ғана өледі…

  1. Aikona says:

    Ақырын-ақырын осылай өмір өтеді…

  2. Ақ томпақ says:

    Ақырын-ақырын өледі – үстелді төңкермейтіндер, жұмыста бақытсыз болып, өзгерісті қаламайтындар, арманға жету үшін тәуекелге бел байламайтындар, өмірлерінде бір рет те болса есті сөздің сыртына шыға алмағандар.

    керемет айтыпты, мен осыны айтып бірталай адамды сендіре алмай жүр едім, енді бәленше ғұлама айтыпты дейтін болдым ғой🙂

  3. Баян says:

    Ақыры-ақырын өлмес үшін адам өміріне “революция” жасап тұрғаны дұрыс қой шынымен де

  4. arsenal777 says:

    жалқаулардың бәрі өлі тірілер ғой сонда)

  5. ansar08 says:

    kiimnin tüsin ozgertu jaily jazylgan jeri bir turli eken. jok adam nesin özgertedi?
    Aktompak🙂 ol adan Nobel syilygyn algan deniz

    //өмірлерінде бір рет те болса есті сөздің сыртына шыға алмағандар.//
    Magynasy kalai sonda?

  6. balgyrgan says:

    қызық жазба, ақырын өлгім келмейді🙂 “қайнап” жатқан өмірімнен кеткім де келмейді🙂

    тамаша жазба…

  7. akzere says:

    ansar08, Ережемен өмір сүретіндер жайлы айтылған.

  8. ruslannnn says:

    “Опасеееееен но свободеееееенн!!!!” деп ән айтатын біреу бар еді ғо, соның видеосы инетте алғаш шыққан уақытта, ЖЖ-дағы біреу жазыпты, “бұл шувак, қиратпастан бұрын, өзінің қазіргі күйін сақтап қалды ма екен?” деп🙂
    Сол сияқты, алдын ала резервті көшірме жасап алып барып, бәрін қиратпаса білмедім.
    Ағыспен келе жатып пшик ете қаламыз, ия, негізі. Кімде қандай ұсыныс бар? Танымайтын көрші қызды бірінші этаждың подъездінде ішіне су толтырылған тапаншамен түннің бір уағында атып кетуден басқа ештеме ойыма келер емес.
    Біреулер болса, парапланмен секіріп жүр. Мың доллар, ех😦 Секірген жақсы ғой.

  9. akzere says:

    Русланннн, неге сразу жаман ойларға тап боласың, а?🙂

  10. KonilAshar says:

    керемет жазылған екен
    алып оқығым келіп кетті

  11. Сымбат says:

    “Кто не рискует тот не пьет шампанское!” Біреуге тіптен көшеге шығу “риск”

  12. Акнур says:

    Акзере сізден өтініш маған Ізгілік ағанын электронды адресін жазып жіберсеңіз. Жаны рухани бай , жақсы әңгімелерге толы адамдармен достасқым келеді.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: