Кәрісше махаббат…

Қаңтар 21, 2009

– Мен сізді сағындым, операциядан кейін қаншама уақыт сізді күттім. Сарғая, күні-түні күттім. Ал сіз келмей қойдыңыз, сондықтан қатты ызаланып ешкіммен сөйлеспей қойдым.

– Сіз маған уәде бердіңіз ғой, егер мен ақылды болсам, менің жанымнан ешқайда кетпейсіз деп, уәде бердіңіз ғой.

– Менің ақылды болғанымның бір ғана себебі бар: Мен мұғалима Ин Хені бақытты еткім келді.

– Мен артыма қарамадым, өйткені қарасам болды оны жібере алмайтынымды, қия алмайтынымды білдім.

– Сіздің жылағаныңызды көріп, енді сізге жолықпайын деп шештім. Сіздің жылғаныңызды көре алмаймын. Ендігәрі жылатпаймын деп шештім.

– Сіз кеткелі бері сіздің маған жетіспейтініңізді сездім. Көз алдымда жүрген соң, көп білінбейтін. Ал қазір сіз маған керексіз…

Бұл қазіргі болып жатқан “Жаратқан ием, армысың!” атты корей сериалынан диалогтар. Кәрістің қай сериалын алмасаң да, махаббат сондай шынайы суреттеледі. Ойлары ашық, мәдениетті, сыпайы. Сүйіспеншіліктері мейірім, қамқорлық, жанашырлыққа толы. Тұнып тұрған романтиканы кәріс жігіттерінің барлығы жеткізе ала ма, әлде өмірде бәрі басқаша ма? Кім біледі, алайда осындай сүйгендері бар кәріс қыздары бақытты шығар…
Кәріс сериаларының танымалдылығы тек жас қыздардың ортасында ғана емес жігіттердің арасында да артып келе жатқаны қандай жақсы болды. Көргендерге үйреніңіздер демекпін, махаббатты солардан үйренейікші…

photo15255