Қорытынды

Желтоқсан 22, 2008

1219012293_she_with_the_butterflies

Осы жылға біраз да болсын қорытынды жасап, Оскар немесе басқа да жыл таңдауларын тағайындайтындар тәсілімен мынадай тізім жасап шықтым.

Жылдың цитатасы:
Бірінші жарты жылдық. «Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге»
Күзде «К… қысқан бай болады»
Қазір «Шақырған жерден қалма, шақырмаған жерге барма»

Жылдың үздік сайты:
1. Solai.de (форум арқылы көп нәрсе түсіндім, жаңа көзқарас пайда болды, достар таптым)
2. Mail.ru (қауымдастық құрдым, қазақша жырлармен сусындадым)
3. WordPress.com (блог жүргіздім, блоггерлермен таныстым)

Read the rest of this entry »


Жаңа жыл сезілмей ме?

Желтоқсан 19, 2008

Жаңа жылдың сықырлағаны байқалмай тереземізді ақырын қағуына байланысты көбімізде жаңа жылдық көңіл күй білінбейтін сияқты. Бұны, дамыл таппай зерттегіш ғалымдар, кризистің әсерінен деп жатыр. АҚШ-та рождестволық сыйлықтардың жыл сайынғы өтілуі төмендеп, адамдардың мейрамға деген құлшынысы салқындап қалғанын айтады.
Бізде де шамалы сондай жағдай. Бәлкім бала-бақша, мектептерде басқа көрініс шығар, ал біздің өмірде күйбің тіршілікте жаңа жылдық ғажайыпты күту немесе жаңа жылдық көңіл күй мүлде жоқ десе де болады.
Сол себептен сіздерге біраз да болсын демалдырып, құлшындыратын мынадай жаңа жылдық фильмдерді көруге кеңес беремін:

Read the rest of this entry »


Ұлы мейрам!!!

Желтоқсан 15, 2008

«Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Құшақ жая таныстым сан тілменен.
«Жаман үйді қонағы билейді» – деп,
Қала жаздап айырылып өз тілімнен,
Өзге тілге еліктеп ел болмайық,
Қазағымның артық жоқ өз тілінен …»

«Бұл дүниедегі зор бақыт – еркіндік екен ғой, кім білген. Адамның бостандықтағы бір күні, қапстағы бар ғұмырдан әлдеқайда қымбат екенін енді білгендеймін…»
Бұл жиырма бір жасар Қайрат Рысқұлбековтың түрмеде жатып жазған өлеңі мен хатынан үзінді.

Тәуелсіздік жолында құрбан болып, ер ұл-қыздарымыз аңсаған ұлы мейрам құтты болсын! Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Осыны түсінетін, қадірін білетін қара көздеріміздің саны молая берсін! Ана тілімізді, халқымызды, дінімізді, бірлігімізді, тәуелсіздігімізді қадір тұтайық. Қазағымыздың ұл-қыздары биіктерден көрініп, алға өрлей берейік!


Есемес… :-)

Желтоқсан 12, 2008

x_d181d0bcd1811

Жеке басыңызға қол сұққандық емес.. (хых-хых-хых…) Жай келе жатқан мейрамдар қарсаңында, кішкене көңіл көтерейік, құр отырғанша.

Менікі: 0002525: Ваш баланс меньше 0 Ожидается, что будет удалена услуга входящей связи.. (хи-хи-хи)


Адмиралъ

Желтоқсан 10, 2008

Бәрімізге адмирал Колчактың 1916-1920 жылдар аралығында Ресей империясының құлдырау шағында патша үкіметін қолдап, қызылдарға қарсы күрескені тарихтан аян.

Тарихты жақсы білетіндер бұл фильмді көрмей жатып (немесе көріп те) ғайбат сөздер айтып, қолдамай жатқандарды көп көріп жатырмын. Тіпті қазақстандық бір арнадан, көрермендерден сұрақнама жүргізіп, Колчактың кім екенін білмей жатып, фильмді неге мықты дейді деген материал да жасапты.

Фильмнің сюжеті бойынша Колчактың қызылдарды қырып-жойғандығы жайында емес, оның теңіз флотында жасаған ерліктері мен екінші азаматтық некедегі әйелі Анна Тимирева арасындағы махаббатты бейнеленеді.  

Read the rest of this entry »


Тәуелсіз?..

Желтоқсан 5, 2008

Алматы көшлерінен аңғаратын болсақ әлі бір ай бар “Жаңа жыл” мерекесіне дайындық басталып кеткен. Бірінші желтоқсан күні әкімімізді алып, шыршаларды жандырып, “В лесу родилась ёлочка”-сында айтып тастадық.

Бір ескеретіні осының алдында келе жатқан “Құрбан айт” мерекесі мен ең басты мерекеміз “Тәуелсіздік мейрамы” бар емес пе?
Жаңа жылға дайындықтың көлеңкесінен осы мейрамдар еленбей жатқан сияқты.

Бұл жайлы былтырлары да қаншама рет айтылып, жазылып та жатты. Алайда оған назар аударар ешкім жоқ.
Әрбірден кейін осы тәуелсіздік мейрамы болмаса жаңа жылды да қалай және қайда тойлайтын едік?

Read the rest of this entry »


Дағдарыс күлдіріп айтады…

Желтоқсан 2, 2008

– Жалақыңа қосымша ақша сұрағанда бастығыңның көңіл-күйі көтеріліп кетті дейсің бе?
– Солай сияқты. Әйтеуір қарқылдап күлді.

APTOPIX Germany World Markets