Жаңа жыл… Жаңа бақыт…


Міне, бүгін жаңа 2009 жылдың 5 қаңтары. Дала аппақ қарға оранған, күн де жарқырап, сәулесін төгуде. Көңіл-күй де жадыраңқы…
Жаңа жылға аттап басқан қадамда үлкен үміттер мен армандар… Мүмкін, өмірде бәрі де біз қалағандай болмайтын шығар, бірақ соның өзі өмірімізге біраз да болсын дәм береді емес пе? Әйтпесе әрдайым ақ жолақта өмір сүрсек, қуаныштың қадірін түсінбейтін де шығармыз?

Мен кейде ойлаймын, адам өз-өзімен үндестікте өмір сүрсе бәрі де жақсы болатын сияқты. Яғни, адам өзін жақсы көрсе, мақтан тұтса, ақыл мен сезім бір тілде сөйлесе, міне, осындай кезде жанды тыныштық баурайды. Ал жанымыз тыныш болса бақ та, жақсы көңіл-күй де, рухани тоқтық та бізбен бірге болады.

Сондықтан әрдайым өз-өздеріңізбен үндестікте болыңыздар. Өздеріңізге ұнайтын іспен шұғылданып, өзіңіз үшін – өмірдегі ең керемет адам үшін ештеме аямаңыз, өзіңізді сүйіңіз, сонда ғана барлық жақсылық, барлық жақсы адамдар, сізге керек адамдар сізге қарай тартыла түседі.
Осындай үндестікпен жаңа жылға қадам басайық. Барлық істеріңізге сәттілік тілеймін!

13 пікір | Жаңа жыл… Жаңа бақыт…

  1. huanysh says:

    Жаңа Жыл жаңа табыс, жаңа бақыт әкелсін!

  2. Мектептегі үндестік заңы есіме түсіп кетті… Апайлар біліп айтқан екен🙂

  3. Жанар says:

    айтқанын келсін! менің де өмірдегі мақсатым өзіммен үндетікте өмір сүру, алайда кейде оған қол жеткізу қиын болғанымен, оған тырысудыі өзі бір табыс деп ойлаймын.
    Жаңа жыл жаңа қуаныш алып келсін. Өмірде болатын кейбір қиындықтарға, ештеңеге қарамай әр қашан күлімдеп, жарқын көңіл- күймен жүрейік!!!!!!

  4. ansar08 says:

    sizge de sättilik!
    bizdede kar bar. Koshede bylshyldap jatyr erimei

  5. Айко says:

    жана жылдарыңмен!

    Оптоп етсем бола ма?🙂
    Назгүл туған күніңмен! (5 қаңтар ед дачы соны айтып атрм)

  6. akzere says:

    Рахмет барлықтарыңызға!!
    Назгүл кім болды екен?🙂

  7. Aikona says:

    Жаңа жылдарыңызбен!

  8. Айко says:

    менің үшінші тәтем ғо🙂

  9. Бекжан, өтіп кеткен туған күніңмен!🙂

  10. akzere says:

    Нұрғиса, бұл құттықтауыңызды Бекжан көруі шамалы. Менің блогымда ол ең көп көрінбейтін қонақ…🙂

  11. Гоха says:

    Kop-kop raxmet.
    Barinizge de zhana zhylda zhana bakyt akelsin!!!!

  12. Акмоншак says:

    Жана жыл табысты, сатти болсын! Молшылык пен береке келсин ар уйге!

  13. Шынар says:

    Келе жатқан жаңа жылдарыңмен құттықтаймын !!!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: