Әйелдермен қалай қарым-қатынас жасау керек? 10 кеңес


30 жасар бойдақ британдық бір журналист әйел қауымын түсіне алмай: «Оларға не керек, не істесем дұрыс?» – деген сұрақтармен басы қатқан екен. Өзінің 2 жасар Лу-лу атты қарындасының іс-әрекетін бақылай отырып, әйелдермен салыстыра, көптеген сұрақтарға жауап тауып, жеке өмірінде де жақсы нәтижелерге жетсе керек… Сөйтіп, ол еркектерге мынадай кеңестер береді:

1. Назар аудармаңыз
Лу-лу бөлмеме кірген сәттен, мен сайқымазақ сияқты оның көңілін аулаймын, ол мені көрмеген кісіше ойыншықтарымен ойнап отырады. Ал егер мен оны байқамағансып, өте шықсам, ол өзі шақырып, «менімен ойна» – деген сыңай танытады.

2. Сыйлықтармен алдаңыз
Сыйлық – өте оңай жол. Неғұрлым жылтыр және шулы болса тіптен жақсы. Лу-лудың жағдайында бұл ән айтатын жұмсақ ойыншық немесе жылтыр шаш қыстырғыштар. Ал, әйел адамдар үшін бұл автомобиль, не қымбат әшекейлер болса керек.

3. Комплимент айтудан жалықпаңыз
Мен әркез комплиментті көп айтсаң – оның сапасы кетеді деп ойлайтынмын. Бірақ олай емес. Мысалы, Лу-лу бір сөзді дұрыс айтқаны үшін, бәріміз қол шапалақтап, оны мақтай жөнелеміз – ол бір үлкен іс тындырғандай марқайып қалады. Сол сияқты әйелдерде де, комплимент олардың мәз болуына, кейін сізді мәз етуіне көмектеседі.

4. Оларды тыңдаңыз
Өмір бойы мен әйелдердің нені қалап, нені ойлап тұратындығын алдын-ала білуге тырыстым. Сол бекер-ақ екен. Егер зейін салып қарасам, Лу-лудың өзі маған не керек екендігін айтады: тамақ ішкісі келетінін, билегісі келетінін, қуыршақ керек екендігін және т.б. Маған тек соны жасап беру қана қалады. Егер мен осыны баяғыдан білсем, оларды көп тыңдап, соған байланысты қимылдайтын едім.

1237148324_12_03_2009_0244930001236879323_michelle_carr

5. Кешірім сұраңыз
Не бүлдірсеңіз де. Не бүлдіргеніңізді білмесеңіз де. Лу-луға қалаған қуыршағының орнына басқа бір қуыршақты бергенім үшін зәбірлеген шығармын. Мен үшін бұл жәй ғана орынсыз жағдай болса, ол үшін үлкен трагедия. Ең дұрыс жолы – оның рақымына көніп, кешіруін талап ету. Бірақ даусыңыз шынайы шығуы керек, іштей шынайы болмасаңыз да, сондай сынай танытыңыз. Бірақ бұл кеңесті көп жігіттер пайдаланбайды.

6. Не істесе де – өз еркі
Қалағаны – әлемдегі ең топас ермектің бірі болса да оның жолында тұрмаңыз. Егер Лу-лудың басына бір нәрсе келе қалса, ол оны жасамай қоймайды. Былайша айтқанда әйел адамды барлық жағдайда қолдаңыз, жәрдем беріңіз. Содан кейін демалып, жәйбірақат жүргеніңізде, өзінің жоспарының түкке тұрғысыз екенін біліп, өзі-ақ алдыңызға келеді. Бірақ көп кезде ол өзінің идеясының керемет екендігіне сенетіндігі, сонымен сізді де сендіргісі келеді. Бір күні Лу-лумен шай ішіп ойнап, қызығып кеткендігім соншалық, бір литрдей шай ішіп тастаппын.

7. Оларға не істеу керектігін айтпаңыз
Айтқан сайын, ол оған қырсығып, кері істегісі келіп тұрады. Ең дұрыс жолы – бұл оның идеясынан шыққанындай етіп істеу. Мысалы өзімді Лу-луды құмда ойнағаннан, футболдан чемпионат көрген әлдеқайда қызық екендігін дәлелдей алғаныма мақтан тұтамын.

8. Өміріңізге шағым айтпаңыз
Бұл біраз қиын. Әйел адамды өзіңнің проблемаларыңмен басын қатыру дұрыс емес. Мен Лу-луға арқамның ауырып тұрғанын айтып шағымдансам, ол селқос қарайды. Ал егер үндемей, көңілім болмай тұрса, ол өзі сезіп, жаныма келіп, құшақтап, рухымды көтеріп қояды.

9. Ерегеспеңіз
Бұның түк пайдасы жоқ. Ұрсысуда сіз бәрібір жеңбейсіз, жеңсеңіз де бұдан ештеме ұтпайсыз: оның көп уақытқа дейін көңілі түсіп, жынданып жүретін болады. Былайша айтқанда, сізге артық проблема не үшін қажет? Бұдан біз соңғы бір кеңеске құлақ түреміз.

10. Оны жылатпаңыз
Дүниедегі ең сорақы көрініс – бұл Лу-лудың жылауы. Оның қоңыр көздері жасқа толып, аузы ашылып, сілекейі ағып, даусы траур белгісінен кем емес болған кезде менің жүрегіме ине шаншылғандай болады. Ол жылаған кезде мен сондай қорғансыз боламын да қаламын. Ал ғылымда жасты тоқтататын бір де бір қолданатын шара жоқ. Тамақ берейін бе? Маймылды келтірейін бе? Балмұздақ сатып әперейін бе? Көзімді шұқып алайын ба? Тек жыламашы… ал ол жылай береді…

Сөйтіп, әр әйелдің ішінде бір кішкентай қыздың өмір сүріп жатқандығы белгілі болды. Ал нағыз еркектің міндеті соны көре білу…

30 Responses to Әйелдермен қалай қарым-қатынас жасау керек? 10 кеңес

  1. Madlen айтады:

    mmmmm, osynyn bari keibir erkek kauimynyn kulagyna jetse edi….

  2. bayan айтады:

    5 пунктпен келіспеймін. Өз басым дүниеде ер адамның әйел адамнан орынсыз рақымына көніп, кешіруін талап етуін жек көрем.

  3. Аршат айтады:

    30-ға келгенше әйелдерді тани алмаған бұл нағылған жігіт? жыным келед та просто осындайларға 🙂

  4. satibaldi айтады:

    11 пунктпен келіспеймін! А ойбай – эпилог екен ғой, кешірерсіз…

  5. akzere айтады:

    Баян, мен керісінше жақсы көремін. Дұрыс емес істегенін біле тұра, кешірім сұрағылары келмейді ғой. Жыным келед, сондайларға.

    Аршат, елдің бәрін өзіңдей көрмесей… 🙂

  6. ruslannnn айтады:

    Помедленнее пжжалста, я запписсссываююю

  7. urimtal айтады:

    Шынымен де осы айтылғандармен барлық қыздар келісер ме екен, сонысы қызық. Меніңше, қыздар қауымы неғұрлым құпиялау болғанды жақсы көреді. Оларға сондай болуға мүмкіндік беру керек тәрізді.

  8. Нұрғиса айтады:

    Кейбір қыздар олардан біреу кешірім сұраса, өздерін озбыр сезініп кетеді екен.

    Жетінші тармақтағы қырсығуға келісем. Келісетін себебім кері істегісі кеп тұрады. Істегенде. Яғни, істегенде кері істегісі кеп тұрады. Келісем. Аха…

  9. Айко айтады:

    Баян жан, кешрім сұрағанның несі айып, кеш деп айту, қазаққа жат қылық сияқты осы, әсресе балдарға. 😦

    Өзіме 7/8/9 қатты ұнады, менің мінезімде дәл айтқандай. 🙂
    Өрімтал, келсеміз, неге келіспеске? :), бұл мін емес, так и она есть дегендей ғо…
    Құпиялықты қаламаймын, ішімдегіні тап дейтіндей, сызлып тұрған қыз емес қой 🙂
    Назар аудармаңыз пункті қызық енді :). бұны балдарға де пайдаланған пайдалырақ :)))

  10. balgyrgan айтады:

    слыш, Зере… менің інім бар ғой, сол 2 жаста болғанда тура осындай жүйемен жүретінбіз…

    Меніңше, қыз болсын, ұл болсын кішкентай балалардың қылықтары бірдейлеу(жалпы алғанда) емес пе?!

  11. bayan айтады:

    Көрдің бе, Айко, «кеш деп айту» қазақ балдарға жат қылық сияқты депсің ғой…солай біздің қазақ жігіттерінің мүмкін «изюминкасы» сол шығар 🙂

  12. Айко айтады:

    кінәсін біле тұра, кеш деп айта алмаған адамды тупизимнің бір белгісі деп қараймын мен.
    “изюминкасы” деп әспектетудің керегі жоқ 🙂
    Балдырғанның заңдылығын түсніп тұрм 🙂 адамзаты бір етіп жаратқанын таңмын да, қыздар/балдардың айырмашылығ аздау сияқт :)))

  13. akzere айтады:

    Білмеймін, Сатыбалдының бір келеңсіз сөз айтып, «Ренжіп қалдыңыз ба?»-сынан марқайып қаламын, жане сол үшін өзімше болып кетпеппін.
    Сатеке, сырымды ашып тастадым… ))

  14. bayan айтады:

    Айко,»кешір» деп айта бермей, соны емеурінмен білдірсе ше, әлде ол да «тупизм» ба екен, а? 🙂

  15. Айко айтады:

    ауызбен айтса, аузы қисайып қалмайтын шығар ол пақырдың? 🙂

  16. Айко айтады:

    бәрі құрсын, экспримент жасаған, мына ағышлынға крышам кетіп отр я 🙂

  17. bayan айтады:

    Айко 🙂 аузы қисайып қалмайтын шығар… 🙂

  18. кендебай айтады:

    Балғырғанның екінші жазған ойымен толық келісемін. Яғни, қыз болсын, ұл болсын кішкентай балалардың қылықтары бірдей.

  19. Ansar айтады:

    6. Не істесе де – өз еркі
    Олай ерік беріп қойған жарамас.

    8. Өміріңізге шағым айтпаңыз
    ия, Life’s good

  20. Самат айтады:

    Еркектер бұған құлақ аспаңдар. Бұл британдық бір қатынжандының әңгімесі ғой. Нағыз қазақ болсаңдар қатынды бастан, баланы жастан деген бар! Әйелдер шышына келгенде еркектің оларға әмір бергенін ұнатады. Олар оны мойындамас, бірақ шындық солай!

  21. aelaman айтады:

    расында 30 жасқа дейін әел адамды тани алмау өте ұят немесе сорақы нәрсе.маған ол 30жасқа дейін әиел көрмей өскен тәрізді.әиелсіз өмір бос қапшық екенін білген әр ер адам әйел қадірін біледі ғой.

  22. Gastarbaiter айтады:

    Кішкентай бала әрқашан бостандық шеңберінің шекарасын анықтап, ненің рұқсат, ненің тыйым екендігін білу үшін бұзақылық жасайды. Сол кезде шегіне жеткенде, жайлаудан асып кетпеуі үшін «Қайт-ей! қайт!» деп жөнге келтіріп отыру керек.

    Яғни бостандық шеңберін анықтап сызып беру керек.
    «Мына қораның ішінде тышасың ба, сиесің бе, ойнайсың ба өзің біл, бірақ қорадан шығып кетсең, саған қора!» деген қағида тайға таңба басқандай болу керек…

  23. Ереке айтады:

    Salemetsiz be jigitter men kizdar!
    Mina nuskalar ote durus aitilipti! Men barligimen kelisem! omirimde kop degen kizdarga komplement aittim, birak olardin beretin reakciasi arkalai boladi. kei bireuleri jaktirmaidi da, konil audarmai kaladi… Alaida, kizdarga «sulusin» – deu arkashan iske jaraidi…

  24. Нұрғиса айтады:

    Ереке, үлкен рахмет!!!

  25. Нурик айтады:

    Әйел затының мінезі «доп» секілді,доп болғанда желі шығып кеткен емес,атылуға сәл-ақ қалып тұрған,тиіп кетсең жер-көкте тұрмай ұша жөнеледі. оған қарсы келген сайын өрши түседі.ендеше әйелді алдап сулап икемге көндіруге тура келеді.кемшілігін айтқанда саған сенбейді,басын бір-екі рет тасқа ұрған соң амалсыздан сені мойындайды.қыздар,осылай ғой келісесіңдер ма менімен?

    • akzere айтады:

      Әркім әрнәрсені өзінше түсінеді ғой. Недегенмен қыздар адам ғой. Жылулық пен қамқорлықты сүйетін. Бір ебін табу керек…

  26. Мейірбек айтады:

    Әйел затының барі бірдей емес,неге десендер? әр кызбала ар турлі жануяда, артурлі ортада өседі. Сол көрген тәрбиесіне, ортасына байланысты мінезі әртүрлі қалыптасады! сондықтан бұл кеңесті бар әйел затына бірдей қолдануға мен келіспеймін! мына ағылшынның кеңесінің барлығы дурыс деп айта алмаймын!!!

  27. Galok айтады:

    әркімнің оз санасына берсін! ауелі ата-ана баласын: ер балага кыз баланы сыйлауга, кыз баланы ер баланы сыйлауга тәрбиелеу к.к! мен озім кыз баланы сыйлайм. әр бір кызга «ана» ретінде карау к.к жігіттер

  28. Светлана айтады:

    Оте дурыс айтылган кенестер,себеби омирден алынган далелдеме.Осы кенестерди устана отырып, айел адамды ешкандай дау-дамайсыз озинизге багындыра аласыздар,курметти ер азаматтар.

  29. Абзал айтады:

    тормоздаргоо жасым 20 га келседе алдыма келген кызды сындыра аламын!

Пікір қалдыру