Өмірлік пәлсапалар…


kagaya_109

Тұңғиық қараңғыдан шығып, өмірмен таныстым. Алғашында жарықты көріп, қорықтым. Жыладым…
Кейінірек жарықпен өмір сүруді үйрендім. Бірақ өмірдің қараңғы жағының көбірек екенін көрдім. Шошыдым.
Ең жақындарымды қараңғы жерге салдым. Тағы да жыладым…

Өмір сүруді үйрендім.
Туудың – өмірдің бітуінің басталуы екенін, одан кейінгі уақыттың өлімнен
ұрланған уақыт екенін ұқтым…

Уақытпен таныстым. Уақытпен жарыстым да…
Уақытпен жарысуға болмайтынын, уақытпен тату жүру керектігін уақыт өте келе ұқтым…

Адаммен таныстым. Адамдардың ішінде жақсылар мен жамандардың болатынын көрдім. Ақырында жақсылық пен жамандықтың әр адамның ішінде тұрғанын ұқтым…
Сүюді үйрендім. Соңыра – сенуді. Соңында сенудің сүюден өміршең екенін, сүюдің сенімге негізделгенде ғана мәнді болатынын ұқтым…

Адамның тәнімен таныстым.
Сонан соң тәннің астында рухтың тұрғанын көрдім.
Ең соңында рухтың тәннің үстінде тұратынын ұқтым…

Бір кезде ғаламмен таныстым. Ғаламды аялаудың жолдарын үйрендім.
Соңында ғаламды аялау үшін әуелі өз айналаңды аялаудың шарт екенін ұқтым…

Нанмен таныстым. Әлемде бейбітшілік болуы үшін мол нан керектігін түсіндім. Соңында нанды тек мол өндіру ғана емес, оны әділетпен үлестірудің де қажет екенін ұқтым…

Оқуды үйрендім. Өз-өзіме жазуды үйреттім. Соңында сол жазу, мені өзіммен таныстырды. Өзім өшсем де, жазуымның қалатынын ұқтым…

Алға жүруді үйрендім. Соңыра шыдай алмай кері қайтуды…
Соңында өз-өзіме қарсы жүруді де үйрендім. Өмірде көп нәрсенің қалауымнан тыс болатынын ұқтым…

Жас кезімде бәрімен ерегесуші едім. Кейінірек өмірдің ағымымен бірге жүруді үйрендім.
Соңында шынайы күрестің ағымға қарсы жүзу екенін ұқтым…

Ойлауды үйрендім. Артынша қалыптасқан қалыптар бойынша ойлауды үйрендім.
Соңында нағыз ойдың қалыптарға сыймайтынын ұқтым…

Үйде намыстылық туралы айтылды маған. Соңыра екіжүзділерде намыс болмайтынын көрдім.
Соңында нағыз намысты адамның күнә қолының астында бола тұра күнәға ұрынбаған жан екенін ұқтым…

Шындықпен таныстым бір күні. Және шындықтын ащщы екенін көрдім…
Соңында мөлшерлі ащщының тамаққа дәм беретіні сияқты ащщы шындықтың да өмірге дәм беретінін ұқтым…

Сатқындармен де таныстым. Сатқындар мен қиянатшылдардың тез табысатынын көрдім. Соңында олардың көптігіне қарамастан өмірде ізгіліктің жеңетінін ұқтым…

Адалдықпен таныстым. Адалдықтай әдеміні көрмеппін өмірімде. Алайда адамдардың көпшілігінің оны көрмейтінін, оның орнына арзан дүниелерді құмартып, өмірлерін босқа сарып ететінін ұқтым…

Өмірімде жауыздықты көп көрдім. Жауыздық пен ізгіліктің теке-тіресінен көп жарақат алдым. Соңында мейірім мен кешірімнің ең күшті ем екенін ұқтым…

Қыспен таныстым. Қарлы боран мен қаңтардың үскірігін көрдім. Адам жүрегінің де суық болатынын байқадым.
Бірақ та ажалдан суық нәрсенің жоқ екенін онымен танысқанда ұқтым…

Ажалмен де таныстым. Өткен өмірім көз алдымнан жүгіріп өтті. Қазіргі көргенімді ертерек білгенімде өмірімді басқаша өткізетінімді ұқтым…

Алайда, қазақта «Өткенге топырақ шашсаң – болашағың тас атады» деген сөзі бар емес пе? Осы сөзді еске ала отырып, әр адам өмірде өзіне тиесілін алады деп ойлаймын. Және қандай болса да бұл әркімнің өз өмірі… Екінші қайталанбас… Сондықтан сөзімізге, әрекетімізге, тіпті дағдымызға да өзіміз жауапты екенімізді ұмытпайық.

Электронды жәшігіме салып жіберген Ізігілік ағайға тағы да рахмет! Сіздермен бөлісе отырайын дедім, қай пәлсапа сізге өте жақын?

17 пікір | Өмірлік пәлсапалар…

  1. arsenal777 says:

    “Адалдықпен таныстым. Адалдықтай әдеміні көрмеппін өмірімде. Алайда адамдардың көпшілігінің оны көрмейтінін, оның орнына арзан дүниелерді құмартып, өмірлерін босқа сарып ететінін ұқтым…

    Өмірімде жауыздықты көп көрдім. Жауыздық пен ізгіліктің теке-тіресінен көп жарақат алдым. Соңында мейірім мен кешірімнің ең күшті ем екенін ұқтым…”

  2. bayan says:

    Оқуды үйрендім. Өз-өзіме жазуды үйреттім. Соңында сол жазу, мені өзіммен таныстырды. Өзім өшсем де, жазуымның қалатынын ұқтым…

    Сатқындармен де таныстым. Сатқындар мен қиянатшылдардың тез табысатынын көрдім. Соңында олардың көптігіне қарамастан өмірде ізгіліктің жеңетінін ұқтым…

  3. akzere says:

    Сүюді үйрендім. Соңыра – сенуді. Соңында сенудің сүюден өміршең екенін, сүюдің сенімге негізделгенде ғана мәнді болатынын ұқтым…

    Адамның тәнімен таныстым.
    Сонан соң тәннің астында рухтың тұрғанын көрдім.
    Ең соңында рухтың тәннің үстінде тұратынын ұқтым…

  4. urimtal says:

    Ізгілік ағаның соңғы жолдаған мақаласын оқыған боларсың. Мұсылман елдерінің қазіргі ахуалына қатысты. Қатты әсер етті.

  5. 12aikon1986 says:

    Адаммен таныстым. Адамдардың ішінде жақсылар мен жамандардың болатынын көрдім. Ақырында жақсылық пен жамандықтың әр адамның ішінде тұрғанын ұқтым…
    Сүюді үйрендім. Соңыра – сенуді. Соңында сенудің сүюден өміршең екенін, сүюдің сенімге негізделгенде ғана мәнді болатынын ұқтым…

    Сөздері керемет екен. Адамға қатты ой салады екен…

  6. Omarbek says:

    Соңыра деген сөзді әжем айтатын.
    Фото жақсы таңдалыпты; сонда адамдардан түңіліп, соңында итпен қаласың деген мағынада ма?

  7. akzere says:

    Асхат, ия, оқыдым. Маған да қатты әсер етті. Жалпы менің ойымды жазыпты екен. Менің де айтатыным сол болған…

    Омарбек, Құдай сақтасын, итпен қалудан! Жай, әдемі сурет екен сосын қойғаным ғой…

  8. Omarbek says:

    Қазір кейбір елдерде солай болып кетті ғой Ақзере; қарт адамдардың итінен басқа ешкімі қалмаған…

  9. akzere says:

    Омарбек, ия, болады ондай да… Көбінесе орыстар… Бізде қазақтарда итті үйде ұстауға болмайды деген ырымдары бар ғой. Сондықтан қазақтар үшін екі есе қиын шығар.
    Бірақ біздің тәрбиеміз басқаларға қарағанда мықты ғой, құдайға шүкір…

  10. Махаббат says:

    Өмір сүруді үйрендім.
    Туудың – өмірдің бітуінің басталуы екенін, одан кейінгі уақыттың өлімнен
    ұрланған уақыт екенін ұқтым…

    Алға жүруді үйрендім. Соңыра шыдай алмай кері қайтуды…
    Соңында өз-өзіме қарсы жүруді де үйрендім. Өмірде көп нәрсенің қалауымнан тыс болатынын ұқтым

  11. satibaldi says:

    Ақзеременда таныстым, ық-ық…

  12. маке says:

    wordpressпен таныстым: онда сатыбалдыны да, ақзерені де қатар оқи беруге бола беретінін ұқтым

  13. Азамат says:

    Қанатындай сұңқардың,
    Тұяғындай тұлпардың,
    Иман жүзді қуатты.
    Мен жастарға сенемін.

    Мағжан Жұмабаев
    Елім деген аталарымнын алдында бас иемін,
    Жазып кеткен әр сөздерин оқып ой түйемин,
    Дәл осы куннің боларын қалай білген даналар
    Білімдері, әлемде қорқынышты билікке ұмтылысты дәл көруге шырақ болған. ЖАСТАР басын котерді сіздер сенген, БАҚЫТТЫ ЕЛ боламыз әлем сүйсінген.

  14. Gastarbaiter says:

    Бет пердемді сүйгенше, шын бетімді жеккөріңдер.(с)

  15. Акнур says:

    Өмір сүруді үйрендім.
    Туудың – өмірдің бітуінің басталуы екенін, одан кейінгі уақыттың өлімнен ұрланған уақыт екенін ұқтым…
    Адаммен таныстым. Адамдардың ішінде жақсылар мен жамандардың болатынын көрдім. Ақырында жақсылық пен жамандықтың әр адамның ішінде тұрғанын ұқтым…
    Сүюді үйрендім. Соңыра – сенуді. Соңында сенудің сүюден өміршең екенін, сүюдің сенімге негізделгенде ғана мәнді болатынын ұқтым…
    Керемет мағыналы сөздер екен. Қатты ұнады…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: