BarCamp Central Asia жайлы не білемін?


Блог жазатын болған соң, мен де осы бейресми конференцияның бір бөлшегіндей сезіндім. Алайда өзім, блогымды пайда табудың көзі немесе профессионалды тұрғыда байланыстырмағандықтан, қатысып, белсенділік танытуға құлқым болмады, шынымды айтсам. Әркез осы конференция жайлы сөз қозғалғанда, қазақ блоггерлерінің (жалпы қазақтардың) ынтасыз, жалқау деп ойлап қала ма деп, іште бір ой да мазалады. Бірақ конференцияға сол оймен ғана қатысуды да әбестік деп санадым.

Осындай Баркемптерге қатысып көрген жоқпын. Сондықтан маған көп нәрсе түсініксіз. Тек жалпылама түйгенім болмаса. “Егер жұлдыздар жанса, бұл да біреуге керек болғаны ғой” – деп Маяковский айтпақшы, бұл жобаның интернет әлеміне үлкен маңызы бар шығар. Бірақ дәл осы ретте  Қазақстандағы орыс тілді интернетінің дамуын тағы нығайта түсетін тұрғысынан көремін.

Тіпті, қолдаушылардың арасынан қазақша сайттарды (New EurasiaNet басқасы) немесе қазақ баспаларының қолдағанын көрмедім. Жалпы қазақ интернет қауымдастықтарымен байланыс болды ма, ол да бір сұрақ болып қалды…

Сайтқа тіркелгендердің басты міндеттерінің бірі осы конференция жайлы жүрген жеріңде айтып жүру керек екен. Блогыма жазып қойдым, ойымды жаздым.

Интернеттің Қазақстанда дамуын қолдаймын. Әсіресе қазақ тілді сайттардың. Бірақ бірдеме жетіспейді, бір тілде сөйлейтін ниеттестер жетіспейді ма, әлде өзімнің ынтасыздығым…

Қатысыңыздар, көріңіздер, «Талап қыл артық білуге» – деген ғой Абай атамыз. Бәлкім, осы бейресми конференция арқылы интернет әлемінің басқа да қырларын танып, жаңа дүниелер ашуға көмектесер. Барлық қатысушыларға «Іске сәт»!

6 пікір | BarCamp Central Asia жайлы не білемін?

  1. Басқосу көп серпінді ой, жаңа шабыт береріне сенгім келеді!

  2. arsenal777 says:

    Ақзере, блогыңызда осы мәселені жазғаныңызға көп рахмет.
    Бұл коммерциялық жобаны қарапайым энтузиаст журналист-блогшылар жасап жатыр, қаржыландыратын НПОлар, басқа да демеушілерді өздері тауып алған. Бұдан қаражат іздеп жатқан жоқ, тек қана осындай шара өтсін, елдер өзі үшін жаңа ақпарат алсын, жобалары болса, оны қаржыландыратын компанияларды/адамдарды тауып алсын деген мақсатпен жасалынады.
    өзім қазақ тілінде презентация жасайын деп жатырмын, Қуаныш та. сондықтан өзіміз осы мүмкіндікті пайдаланбасақ, қазақ блогшылары болып жиналмасақ, оны кім жасайды…?

  3. urimtal says:

    Ақзере, қатысатыныңды біліп қуанып жатырмын. Бұл Баркэмп талай баркэмптерге жол ашады деге сенімдемін. Әлі-ақ блогты сылтауратып, ел аралап кеткеніңді білмей қаласың🙂
    Білген, көкейге түйгендеріңмен бөлісерсіңдер д.ү. Біздің тарапымыздан көмек керек болса, айтарсыңдар!!!

  4. akzere says:

    Рахмет! Тым құрымағанда Әлия мен Қуанышты қолдап қайтармыз🙂

  5. Айко says:

    қыздарики/балдарики табыс тіледім сіздерге!🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: