BarCamp: бардым, көрдім, жаздым…

Сәуір 20, 2009

Сенбі күні жол түсіп, Балдырған, Айкона, мен – үшеуміз Баркэмпке барып қайттық. Көптен бері блоггерлік өмірдің дәм-тұзын бірге татып жүрген Әлияны да көріп қалу мүмкіндігі туды.
Жалпы, Баркэмптің жұмысы, жобасы өте ұнады. Интернет әлемінен көп ақпарат алуға болады екен. Өзім қатысқан 3-4 сағатта бірнеше презентацияларға қатысып шықтым. Соның бірі – қазақстандық мобильді блогы –  Moblog болса, екіншісі YourVision блогосфералық сайты.
MoBlog-тың бір артықшылығы, блогты кез-келген жерден, ұялы телефон арқылы басқаруға болатындығы. Суреттерді MMS арқылы енгізіп, жазбаларды дереу жариялауға болады. Презентацияны жүргізген және сайттың авторын сұрамаппын, өкінішке орай. Бұл жобаға Қуаныштың да қатысы бар ғой деймін, жалпы ынталарыңа үлкен рахмет! Сайттың болашағы зор деген үміттемін. Сайтты қазақшаландыруды да шетке қалдырмапты, яғни блогты қазақша да жүргізу мүмкіндігі бар екен. Сайттың қазақша нұсқасының аудармасымен Асхат Еркімбай айналысыпты. Асхат, сіз суперсіз, сөз жоқ! 🙂

Келесі YourVision блог-платформасы. Бұл сайтты осы кезге дейін көп оқымаппын шындығында, енді кіріп, оқып тұрамын деп ойлаймын. Сайттың басқармасы жап-жас жігіттер екен, қолданушылары да жастар және Баркэмпте көбі бас қосып, бірге шүйіркелесіп жатты. Кімнің-кім екенін танып, өте қызықты. Сайттың жоспарында қазақша нұсқасын жасау және сайтты ары қарай жетілдіру мен қолданушылар санын арттыру бар екен.  Іске сәт демекпін.

Әлия Twitter әлеуметтік жүйесі жайында презентация жасады. Жалпы бұл микроблоггинг, яғни уақыт үнемдеумен қатар көптеген қызықты ақпараттарды оқып тұруға мүмкіншілік жасайды екен. Сонымен қатар Twitter-дің ішіне кіретін көптеген пайдалы сайттар жайында да сөз болды. Оған көмектескен Елдар деген жігітке де рахмет! Қазақша мазмұнды пікірлерімен Әлия екеуі салмақты презентация жасап шықты.

Екінші күні үйдегі бір жағдайларға байланысты бара алмадым. Баркэмп жайлы толығырақ Әлия Сембай мен үстіндегі сілтемелердені сайттардан біле аласыздар деп ойлаймын.
Қаламызға ТМД елдерінен көптеген қатысушылар келіпті. Opera-ның да елшісі келген екен.
Ауа-райының қолайсыздығы болмаса, қаламыз ұнады деп ойлаймын. Барлықтарыңызға үлкен рахмет!  🙂