Арпалыс

Сәуір 14, 2009

Бірде атасы немересіне мынадай әңгіме айтыпты.
– Әр адамның ішінде қасқырлардың арпалысындай күрес жүріп жатады.
Бір қасқыр зұлымдықтың: қызғаныш, көреалмаушылық, опық, өзімшілдік, кеудемсоқтық, өтіріктің атынан шықса, екінші қасқыр – бейбітшілік, махаббат, үміт, мейірімділік, шындық, кеңпейілділік, сенімділікті құрайтын – ізгіліктің атынан шығады.

Немересі осыны естіп, біраз ойланып: – Ал соңында кім жеңеді? – деген сұрақ қояды.
Атасы жымия күліп:
– Қайсысын жақсы тамақтандырсаң, сол жеңеді, – деген екен.