Бір өкініш, бір үміт…

Мамыр 29, 2009

Көздеріңнің бірі – шаттық, бірі – мұң,
Ұқтым сенің жүрегіңнің дүрілін.
Кезектескен бір өкініш, бір үміт
Құлағымда жаңғырығы түр үнің.

Көңіліңнің терезесін қағайын,
Қағайын да, үміт шамын жағайын.
Екі жақсы қосылмайды дейсің сен,
Тағдыр қосса мен-ақ жаман болайын.

Екі жақсы қосылмайды дейсің сен,
Тағдыр қосса мен-ақ жаман болайын.

Жүрегімнен, көзімнен жас тамшылар
Тамшылаумен төзімім де таусылар.
Шын ғашықтар қосылмайды дейсің сен,
Шын сүюдің азабы да сол шығар.

Шын ғашықтар қосылмайды дейсің сен,
Шын сүюдің азабы да сол шығар.

Меруерт Түсіпбаеваның орындауындағы ән.


Статусомания…

Мамыр 27, 2009

Агенттегі статустарды оқығанды жақсы көрем… Агенттегі, Мой мирдағы, Вконтактіде (коп кірмесем де)… Кейде сол Мой мирдағы үстінде жазылып тұратын, немесе «О себе» деп жазылып тұратын жерлерін оқу үшін небір адамдарды аралап кететінім бар.

Өзім де соларды жиі ауыстырғыштардың қатарынанмын. Ұнайды солай, ауыстырып тұру, жақсы айтылған нақыл сөздерді жазу, не болмаса күлкінішті статустарды қою. Менің ойымша сондай статустар кейде адамды әңгімеге баулитын сияқты…

Менің құрбым, сондай статус қоюдан мастер 🙂 Кейде, бір сөздерін оқып алып, неге солай жаздың, не болды деп, ары қарай әңгімеміз өрбіп, небір тақырыптарды талқылап тастаймыз.

Бұл да бір адамның ішкі дүниесінің ойшылдығын білдіреді ме, қалай? Әлде қиялшылдығын ба…
Бірақ жәй «Онлайн»-нан гөрі статустарын оқып отырғанды жақсы көремін… Қызық мания, ия? 🙂

Круто


Логика қайда?! Логика…

Мамыр 25, 2009

Бүгін еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылатын күн. Қазіргі кезде мектепті сағынып, оқығым келеді деп айта алмаймын. Мені мектепке деген сағыныш мүлде баурамапты. Тіпті бітіріп кеткенім қандай жақсы деп қуанамын. Кейде ойлаймын да, егер мектепте тек тарих, әдебиет, география деген сабақтар ғана болса бәлкім сағынатын ба едім деп, сонда қарап тұрсақ менің есеп-қисаптық ғылымдардың кесірінен мектепте оқығанды жақсы көрмеген болармын.

Мектепте оқып жүргенде логикалық есептер деген сабақ болатын (шындығында жек көретінмін осы сабақты). Сонда бір есеп болған еді, үлкен талқылаулармен шешілгендіктен есімде қалып қалыпты. Сол есептің жауабын шеше алмадым сол кезде. Бәлкім, қатты ойланғым да келмеген болар. Біздің сыныпта небір математиктер оқығаннан, оларға бұл есеп оңайға түскендігі белгілі. Жауабын шешіп, көпшіліктің ықыласына бөленген-тұғын.
Бүгін сол есепті интернеттен тауып алдым. Орысша екен, қазақша нұсқамен ұсынып отырмын. Ал ойланып, шешіп көріңіздер…

Бір күні үш дос: мүсінші Ақбасов, музыкант Қарабасов және суретші Сарбасов кездесіпті. «Біздің біріміздің шашымыз ақ, біріміздікі қара, біріміздікі сары екен, бірақ ешқайсымыздікі фамилияларымызға сәйкес емес», – деп қара шаштысы байқампаздығын танытыпты. «Дұрыс айтасың», – депті Ақбасов. Суретшінің шашының түсі қандай?


Ғажайыпқа сенбеймін, бірақ сиқыршыны іздеймін…

Мамыр 22, 2009

Ванда Блоньская деген поляк журналист қызын танымайды екенмін. Бірақ бірер айтқан сөздері жымитып, блогыма жазуға түрткі болды.

Менің өтірігіме өтірікпен жауап бергенді жек көремін. Бұл дегенің әділетсіз бәсекелестік қой.

Еркектің құшағына тек бір ғана әйелге орын бар.

Қартайып барамын деп ойлай берме – бұл қартайтып көрсетеді.

Қыс жақындаған сайын біз куәліктегі суреттерімізге ұқсап кетеміз.

Еркектің өз бетінше қабылдайтын соңғы шешімі – үйлену

Табысым екеуміз баяғыдан бірге тұрмаймыз.

Басынан бастап жатсақ, онда соңы жақын деген сөз.

Бұрынғылар есі кеткенше сүйетін, қазіргілер тек неврозбен шектеледі.

Махаббат қанаттандырады: біреуін – құсқа, біреуін – жарқанатқа.

Әйелдің жарты сөзіне ғана сенуге болады, бірақ қай жартысына?

Еркектер ит сияқты: байламай ұстасаңыз сізге байланып қалады.

Тәртіпті қыз болған да жақсы: тым құрығанда ешкім сені күндемейді.

Бұрын жазған махаббат хаттарымды оқып ұялатыным бар, соның бәрін кімге жазғам?

Өмір деп жүргеніміз, сол бүгіндік жоспарларымыз ғой.

Зауыттарға да адамдар сияқты түтін шығару қиынға соғатын шығар.

Ерлер әйелді түсінуге тырысқан сайын құпиялар шырмала береді.

Ғажайыпқа сенбеймін, бірақ сиқыршыны іздеймін.1187048487_illystr21


Махаббат бар ма дейсің …

Мамыр 20, 2009

– Махаббат бар ма? – дейсің. 1241539902_2_david-kasparyan
– Бар, білемін.
Әйтеуір тыныш емес жан–жүрегім.
Бүгінде есейсем де, сол сезімнің
Бойымда ұшқындары қалды менің.Өмір жоқ махаббатсыз деп білемін,
Оған да талай есем де кетті менің.
Махаббат – сезімдердің серкесі ғой
Әркімнің елжіреткен ет–жүрегін.

Жарқыным, махаббатты жоқ дегенің,
Жастықтың тозағынан өтпегенің.
Сұлтаны сезімдердің – махаббатты
Тұрады теңегім кеп өртке менің.

Екі оттың бірде қалып ортасында,
Азабын кейде аямай тартасың да.
Дүние боп дүниенің тұрғандығы –
Махаббат пен мейірім арқасында.

Авторы белгісіз…


Шектеулі достастық

Мамыр 19, 2009

Менің бала күнімнен бірге өскен құрбым бар. Біз бірге мектепте оқыдық, кейін колледжде, кейін универде… Көрші тұрдық.
Жұбымыз мүлде жазылмайтын. Қайда барсақ та бірге баратынбыз, бірге қайтатынбыз, әңгіме деген таусылмайтын. Оның өмірінде болып жатқан жаңалықтардың бәрін мен білетінмін, сәйкесінше ол да менің өмірімдегі өзгерістерден әркез хабардар болатын. Оған қарап, мен өзімді танитынмын. Екеуміздің қалауымыз ортақ, таңдауымыз ұқсас, пікір-ойларымыз бір жерден шығып жататын.
Барлық бізге жақындасқан адамдар құрбым екеуміздің достастығымызға тамсана қарайтын. Екеуімізді бір-бірімізсіз елестете алмайтын.
Бір уақыттарға дейін мен де соны елестете алмайтынмын…

Read the rest of this entry »


Кім? Не?

Мамыр 15, 2009

1238692545_01_04_2009_0664142001238533810_harmony-nicholasЕгер сіздерде мүмкіндік болса, танымал адамдардың қайсысымен танысып, сөйлесер едіңіздер? Қандай сұрақтар қоясыздар?

Олар қазір өмір сүрсе де, өмірден өтіп кеткендері болса да…

Тақырыпты қызықты етіп өрбітейік 🙂


Арманыңдағы жігітке жолықтырар 16 қадам

Мамыр 12, 2009

Біраз бұрын бұл аудармам arular.kz сайтында жарияланған болатын. Сайт жабылып қалғандықтан қайта блогыма жариялауды жөн көрдім.

Мақала Cosmopolitan журналынан алынған.

Осы өмірде саған арналған жігіт қалмаған шығар деген ой келе ма? Немесе қолыңда барларарға көңілің толмай ма? Өзіңе “Жақсы жігіт табу үшін не істеуім керек” деген сұрақтарды жиі қоясың ба? Ол үшін бәрін өзіңнен бастауың керек.

Үш жыл бұрын “тәуір-ақ” жігітпен жап-жақсы қарым-қатынаста өмір сүргем. Ол абзал, ақкөңіл, қамқоршыл болатын. Алайда ол менің өмірімді төңкеріп жіберетін адам емес екенін басынан білгенмін. Бізді ешқандай ортақ қызығушылықтар немесе ортақ ұйғарымдар байланыстырмады. Мен оның Шумахерді сүйіп көретіндігін түсіне алмадым, ал ол менің табиғат аясында демалып, жорықтарға шығып, палатка құру қызығушылықтарымды түсінбеді. Мен кейде осы адаммен өмір бойы болу мүмкіндігін ойлағанда қайғырып кететіндей халге жететінмін. Ал сосын мен Домбайға шаңғы тебуге сапарға аттандым. Сол жерде, ойланып-толғанып, жақсы адамдармен жолығып, сөйлескеннен кейін, “тәуір-ақ” деген енді мені қанағаттандырмайтынын ұқтым.  Read the rest of this entry »


Сіз бен біздің жеңістеріміз үшін…

Мамыр 8, 2009

Қазақстан халқын келе жатқан 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтаймын!
Жыл сайын осы мейрамның түпкі иелерінің саны азайып, мерекелік реңі де саябырсып келе жатқандай. Алайда, осы мейрам арқылы, жалпы сол жылдардан естеліктер арқылы біз осы өмірімізге толықтай шүкіршілік ете аламыз.
Осы кезде қандай өжет халық болсақ, оған сол жылдардан келген лептің әсер етпей қоймағаны анық.

Қазіргі бүкіләлемдік дағдарыстың да сондай әсері бар деп ойлаймын. Әлбетте бізді күйзелткен жағдай рухымызды мықтырақ етеді. Ал мықты болу – адам ретінде қалыптасу деп білемін.

Жапондарда мынадай мақал бар екен: «Егер маған қиындық туғызбасаң, мен оны сенен сатып аламын», – деген. Сондықтан егер біздің ата-бабаларымыз қанды соғысты бастан кешіріп, ұрпақтың жалғасуына бар күш-жігерлерін жұмсап, аман қалдырса – біздің болмашы сәтсіздіктерге шағымымыз тіптен ұят нәрсе болып қалады.

Мықты болайық әркез… Тағы да мерекелеріңізбен!


Do you speak English?

Мамыр 6, 2009

Қай уақыттан бері – белгісіз, ағылшын тілі біздің елімізде оқу керектігі жөнінен маңызды болып кетті. Қазір көптеген жұмыс берушілер «ағылшынды жетік меңгерген» деген талаптар қояды. Бармай жатып былай фантазияға бой алдырсақ, ол компанияда бәрі ағылшынша сөйлеп, ағылшындармен келіссөздер жүргізіп, қыруар ақша тауып жатыр деп ойлап қаласың. Қалай дегенмен де, карьера қудың ба, жақсы ақша тапқың келе ма – ағылшынға судырап турың керек…

Маған тіл үйрену аса қиын деп айта алмаймын. Бірақ қаншама жыл осы ағылшынды оқып келсем де, жетік меңгере алмай-ақ қойдым. Бәлкім, аса тырыспаған шығармын.

Бұрын құнтталмаған уақытты енді сол ағылшын тілін үйренуге жұмсап әлек болып жатырмын.
Өзімді-өзім қинап, ағылшынды оқы, оқы, керек, деген үгіт-насихатпен күнде кешке көзім ағылшын кітабының бетінде, құлағым Драгунскийдің сабағында.

Бірақ бәрібір қанша тырысқанмен, Қазақстанда жүріп, жетік білу мүмкін емес сияқты. 1 аптаға ағылшындардың арасына топ ете қалсаң, міне сонда айқын нәтиже білінер еді.

Алайда қазір мақсат бір – ағылшынды бар мүмкіндігімше меңгеру болып тұр.

Сіздер ағылшынға қалайсыздар, егер таза сөйлеймін десеңіз, қандай жолмен жеттіңіз… Бөлісе отырсаңыздар…