* * *


Сен менің жанарыма жас тұндырып,
Өзгеге көңіл кілтін аштың күліп.
Ошаққа отырғызып кетті мені
Әне бір ұзын бойлы ақ сұр жігіт.

Мен қалдым шыр айналып қу далада,
Жете алмай арман болған ну жағаға.
Сезгендей сүлдерімнен бір сұмдықты,
Көз алмай көп қарады туған ана.

Жаншылдым, жанартаудай биік едім,
Жоқ енді сүйенерім, сүйінерім.
Мен үшін қызығы да, қайғысы да –
бәрі бірдей секілді бұл дүниенің.

Авторы: Фариза Оңғарсынова

7 пікір | * * *

  1. Жұмыссыз жалқау says:

    …қыз, жігіт, таныс, бөгде отырғанбыз…
    ой келді небір түрлі санадан тыс.
    Көздер жылтың, жымиып көп қарады ау…
    не дегісі келді екен сол ұяң қыз?

    Үндемей төмен қарап жымияды…
    Үнсіздікке не мағына, не сияды???
    Шешіндіріп көзқарас жұтып барад…
    тербетіп кетті ме екен көп қиялды…?!

    Айызың алар меннен мықты ма екен…
    Ылғалдығы сезіліп тұр түкті неңнің…
    Соңғы тұсы келгенде шексіз ләззат…….🙂
    бәрі бірдей секілді бұл дүниенің.
    бӘӘӘрі бірдей секілді түкті ненің…

  2. Darkhan says:

    ademi aitylgan Fariza apa… sizge kyzyga da kyzgana da karaiym akyndygynyzga)))

  3. Нұрлан says:

    Қызық, “ұзын бойлы ақ сұр жігіт” Мұқағали емес пе екен?

  4. замирбек says:

    Ушундай акындары бар казак калкы кандай бакттысындар!

  5. Молдир says:

    оте керемет олен.

  6. Orazbaeva Juldyz says:

    Фари3а 0нгарсынова керемет акын апами3. Маган олендери катти унады! Бас иемин!

  7. Назерке says:

    өте жақсы жазылған өлең

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: