Ақын… Періште… Махаббат…


Бүгін қазақ лирикасының атасы саналатын біртуар ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың туылған күні.

Қазақтың махаббатын жырлаған, сағыныш пен мұңды, өмір мен өлімді жырлаған ақынға деген менің махаббатым ерекше.
Бұрын кішкентай кезімізде әкем Мұқағалидің кітабын алып, бізге өлең оқып бергенді жақсы көретін. Кішкентай, кітап толған сөренің ең көп оқылатын кітабының бірі осы Мұқағалидің кітабы болатын. Сондай өлеңдерді тыңдап, кейін оқып өскеннен бе менің поэзияға деген құлшынысым зор.

Бәлкім, балалық кезде көп мағынасын түсінбеген болармын, кейін ашып оқысаң Мұқағалидің әрбір өлеңінен көптеген сұрақтарға жауап табуға болатынын түсінесің.

Осы блогымды ашарда ат таңдауда мен қатты қиналмаған едім. Бір күні жатарда осы “Ақын… Періште… Махаббат…” деген театрдағы қойылымның аты есіме түсіп кетті. Жалпы сол спектакль не жайлы, кім жайлы екенінен бейхабар едім. Кеше досым айтады, бұл қойылым Мұқағалидің өмірінен және соның өлеңдерінің үзінділерінен жасалған деп. Блогымның аты Мұқағали ағамыздың өнерімен ұштасқанына өте бір риза болып қалдым. Осы ат бекер басыма келмеген екен-ау деген ой туды.

Білдей, Мұқағали ақыны бар қазақ елі қандай бақытты! Періште көңілді ақын өмірдің мәні – махаббатты жырлап, артынан үлкен қазына тастап кетті. Оны оң ниетпен қабылдап жатқан біз де бақытты шығармыз осы…

О, махаббат!

О, махаббат сен әлі тірі ме едің?
Көзімнен ғайып болған күнім едің
Гүлім едің,
Елтіген түнім едің,
О, махаббат сен әлі тірі ме едің?!
Мен сені ұмытқанмын
Жылытқаның есте жоқ, суытқаның,
Суып қаным,
Жинағам құрып хәлім
Құлаған отауымның уықтарын
Содан бері мен сені ұмытқанмын.
О, махаббат, сен әлі тірі ме едің?
Тірі болсаң, мен де енді тірілемін
Ақ періште алдына жүгінемін
Қолдай гөр ғашықтардың пірі мені…

М.Мақатаев

7 пікір | Ақын… Періште… Махаббат…

  1. Дұрыс айтыпсың, Ақзере! Мұқағалиі бар, оны оң ниетпен қабылдап жатқан біз бақыттымыз расы. Өткенде біздегі шопыр ағай Мұқағалиге қатысты, дәлірегі экспромтына қатысты бір әңгімені айтып беріп еді. Бірақ оны түртіп өтейін десем аздап ыңғайсыздық туғызуы мүмкін. Қысқашасы, бүгінгі күнді ұмыт қылмай, еске салғаның өте дұрыс болған. Мұқалидікін қанша оқысаң да жалықтырмайды, иіріп әкете береді…

    P.S. Ақзере, менде шығар осы, блогыңдағы қазақ қаріптері анық оқылмайды. Алдынырақта “копи пейст” арқылы “уордқа” жүктеп оқушы едім, қазір ол функцияны істен шығартып қойғансың ба?

  2. akzere says:

    Нұрғиса, негізі ешқандай функциясына тиіспеп едім🙂
    Сіз Мозилламен немесе Операмен ашып көрсеңіз. Сол браузерлермен негізі проблема болмау керек.

  3. arsenal777 says:

    бүгін ғана осы бір өлеңі есіме түскен еді:
    “Мен сені сағынғанда,
    Қарамай жауындарға, дауылдарға,
    Қарсы қарап жүземін ағындарға,
    Кеудемде қимылдаған жаным барда,
    Мен сені сағынғанда,
    Бір минут та қақым жоқ дамылдауға…”
    сіз айтқан қойылымды көрген жоқпын😦 “Мұқағали” атты қойылымды көргенім бар

  4. 12aikon1986 says:

    Ақзере иә бүгін ақын ағамыздың туылған күні. Менің ұраным болып қалғандай мына жолдар:
    Сен менің жүрегімді жазалама,
    Шыдайды ол қуанышқа, қазаға да,
    Жүрек деген- сезім ғой, сезіміме
    Сезіммен кел, болмаса мазалама!

  5. Gastarbaiter says:

    Бүгін менің туға күнім ой пәлі ай,
    Мынау халық жатыр неге тойламай?
    Банкет жасап берер едім бәріңе,
    Тағдырдың бір жарытпай-ақ қойғаны ай..

    (с)М.Мақатаев.

  6. Қосақ says:

    Мұқаң жөніндегі естеліктерде, жары Лашынның және анасының айтқандары бойынша, туған күні наурыздың бас жағы болса керек. 9-ақпан болып жазылып кеткен екен, бірақ, бұдан өзгеріп жатқан ештеңе жоқ, Мұқағалиға 365 күнді қиюға да болады.

  7. АйРоза says:

    Мен ақпанның оны күні туыппын. Биыл туған күнімде электронды поштам біраз құттықтау хаттарға толып қалыпты. Бір құрбым “Туған күніңмен, Мұқағалидан кейін туған қыз! деп құттықтау жіберіпті. Мұқағалимен бір күнде тумасам да, қатар туғаным үшін бақыттымын…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: