Арифметикадан басталған өлең


Бірге бірді қосқанда не болады?
Онда өмірден бойдақтар жоғалады.
Алдында тұрған шақта асу белең
Қандай жақсы мақсатты қосу деген.

Өседі адам қияға қарап тұрып,
Қалықтайды қиялын қанат қылып.
Жалғыз өткен күндерден жалығады ол
Сенімінің жеңісін санап тұрып.

Алдында тұрған шақта асу белең,
Қандай жақсы мақсатты қосу деген.
Көрші, әні, айрылған сырласынан
Бір мұңлы күй төгілтіп тұлғасынан
Төсінде шөл даланың жалғыз ағаш
Тұрады қолын бұлғап қыр басынан.

Бұл өмір бір күн шаттық, бір күн егес,
Тірліктің барлық мәні күлкіде емес.
Болсын мейлі көл жалғыз, терек жалғыз
Менің жалғыз болуым мүмкін емес!

Бірге бірді қосқанда не болады?
Онда өмірден жалғыздық жоғалады
Жоғалсын, мәңгі көргің келмес оны
Білемін, аңсайсың-ау сен де соны

Ия, өмір бір күн шаттық, бір күн егес
Тірліктің барлық мәні күлкіде емес
«Екі» деген егіз сан аман болса
Менің жалғыз қалуым мүмкін емес!

Авторы: Мұхтар Шаханов

10 Responses to Арифметикадан басталған өлең

  1. Арай айтады:

    Қандай керемет өлең! Бәріңізге өмірде өз жұптарыңызды табуға тілектеспін.

  2. Жұлдыз айтады:

    Ия, өмір бір күн шаттық, бір күн егес
    Тірліктің барлық мәні күлкіде емес
    “Екі” деген егіз сан аман болса
    Менің жалғыз қалуым мүмкін емес!

    P.S:
    Менің де…

  3. Бексултан айтады:

    Мұхтар Шаханов агаммен келісемін не деген олен десейші!!

  4. Тоты айтады:

    Кеше ғана осы өлеңді есіме алып,бүгін сенің блогыңнан тауып алдым…ех,керемет өлең!

  5. Ардақ айтады:

    “Екі” деген егіз сан аман болса
    Менің жалғыз қалуым мүмкін емес!
    !!!

  6. Марал айтады:

    Ия, өмір бір күн шаттық, бір күн егес
    Тірліктің барлық мәні күлкіде емес
    “Екі” деген егіз сан аман болса
    Менің жалғыз қалуым мүмкін емес!Өте керемет өлең!

  7. майра айтады:

    Кейде жабыркаган сатте Шаханов аганын олендерин окыганда,бар коркынышым басылады.

  8. tompashka айтады:

    Akzere tate sizge ulken rahmet!

  9. Жумабай жана казак жанашыры. айтады:

    Мухтар агамыздай адам омiрге келема? ай кайдам… Агамызды кадiрлей аламызба? Ай кайдам,11000000-казак олендерiн окыдыма? Ай кайдам… окыса тyсiндiма? ай кайдам… кайссыныз тусiндiнiздер менiмен хабарласыныздар +7(701)342-9447

  10. Айжан айтады:

    Мұхтардай ағамның барына қуанамын, Ол бар жерде қазақ жоғалмайды.

Пікір қалдыру