Бір өкініш, бір үміт…


Көздеріңнің бірі – шаттық, бірі – мұң,
Ұқтым сенің жүрегіңнің дүрілін.
Кезектескен бір өкініш, бір үміт
Құлағымда жаңғырығы түр үнің.

Көңіліңнің терезесін қағайын,
Қағайын да, үміт шамын жағайын.
Екі жақсы қосылмайды дейсің сен,
Тағдыр қосса мен-ақ жаман болайын.

Екі жақсы қосылмайды дейсің сен,
Тағдыр қосса мен-ақ жаман болайын.

Жүрегімнен, көзімнен жас тамшылар
Тамшылаумен төзімім де таусылар.
Шын ғашықтар қосылмайды дейсің сен,
Шын сүюдің азабы да сол шығар.

Шын ғашықтар қосылмайды дейсің сен,
Шын сүюдің азабы да сол шығар.

Меруерт Түсіпбаеваның орындауындағы ән.

12 пікір | Бір өкініш, бір үміт…

  1. Madlen says:

    jaksy eken… Meruerttin anderine man bermeitinmin.
    “Men -ak jaman bolain”:)

  2. 12aikon1986 says:

    Иә, өкініш-арман, өтініш…

  3. Вауаn says:

    Қай ақынның туындысы екен? Өлеңді оқып отырып, әні түк есіме түспеді…

  4. ainameken says:

    Екі жақсы қосылмайды дейсің сен,
    Тағдыр қосса мен-ақ жаман болайын.
    !!!

  5. Меруерттің Нұрғиса деген баласы бар🙂
    Жақсы әнші. Өз күшімен алға басқан әнші.
    Мына әні тыңдаған адамды бей-жай қалдырмайтын композиция ғой.
    Ән әщки таққан әлжуаз әщкәриктерге арналмаған.

  6. Айко says:

    арманым/ай арманым деп басталасын өлеңіне жылауч едім🙂
    кей өлеңдері керемет😦

  7. Көздеріңнің бірі – шаттық, бірі – мұң

    Екі көзі екі түрлі адамдар біртүрлілеу келеді негізі.

  8. Тоты says:

    Екі жақсы қосылмайды дейсің сен,
    Тағдыр қосса мен-ақ жаман болайын…

    дәл осы жолдар ұнады,астарлы сөздер…бір өкініш, бір үміт деген осы да…

  9. aselhan says:

    ШЫн ғашықтардың қосылмайтынына сенбеймін! Сенгім келмейді, болды! Шынайы сүйген әр адам сүйіктісімен бақытты болуға құқылы! Тек өзіміз сондай сезімнен қорқып, қашып кететініміз болмаса…
    Екі жақсы қосылмайды дейсің сен,
    Тағдыр қосса мен-ақ жаман болайын.

  10. Назым says:

    Маган олен катты унады керемет шыккан екен.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: