08.08.08

Тамыз 8, 2008

Бүгін өздеріңізге белгілі үш сан қайталанып келетін, ерекше датаның күнін кешпекпіз. Былтыр 7 санының қазақта қасиетті сан деген ырыммен жыпырлатып той жасаса, осы жылы 8 саны қытайларда тұрақтылық пен байлықтың белгісі деген ырыммен тойлар саны тағы да артып отыр. (Келесі жылы 9 санының да бірдеме-шірдеме сан деген ырымын тауып алатын шығар…)
Сонымен қатар, сегіз санының көлденең күйінде беретін шексіздік белгісін ескерсек, ырымның көкесі сонда шығады. Отау құрған отбасылардың қайсібірі махаббаттарының баянды да, шексіз болғанын қалайтыны сөзсіз.
Мынадай қызық мәлімет оқыдым, бүгінгі датаның нөмірлерін, яғни осы 08. 08. 2008 сандарының бірліктерін бір-біріне қосып шықса қайтадан сегіз саны шығады екен: 2+0+0+8+0+8+0+8=26; 2+6=8. Сондықтан, бүгін жасалатын істердің бәрі игілі болар деп сенеміз.
Бүгін Олимпияда ойындарының ашылу салтанаты. Өзім соны тамашалауға асықпын.
Ал бүгін көтеріліп жатқан жастардың көтерген шаңырақтары биік, босағалары берік, махаббаттары баянды да, шексіз болсын деп тілеймін!!!