Жәрмеңке!!! Баламның суретін сатамын!

Шілде 30, 2008

Соңғы жылдары Голливуд жұлдыздары жарыса бала туып жүргендерін байқап жүрміз. Көптеген жұлдыздардың балалары қазақша айтқанда бесіктен белдері шықпай жатып, БАҚ-тың арқасында атақты бола бастады. Олардың бейнелерін алғаш жариялауға БАҚ өкілдері бірнеше мыңнан миллион долларға дейін ақша төлеуге дайын. Содан мынадай рейтинг құрылған екен.

Бірінші орынды, өздеріңіз білетіндей жақында дүниеге келген Брэд Питт пен Анджелина Джолидің егіздері – Нокс Леон мен Вивьен Маршелин алайын деп отыр. Балалардың суреті әрі сатылымға шықпаса да, БАҚ өкілдері 11 мен 20 миллион доллар аралығындағы соманы төлеуге дайын тұр. Және бұл осы күнгі рекорд болып саналады. Түскен қаржыны ата-аналары қайырымдылық қорына жібермекші.

Read the rest of this entry »


Сценарийін жазғандар…

Шілде 28, 2008

Кеше Астана телеарнасынан бас қалада өтіп жатқан Көркем гимнастикадан әлем кубогына жарысты тамашаладым. Бақылап отырып, жарыс бір сценарий бойынша өтіп жатқандай ойда қалдым. Винердің (әйгілі көркем гиманстика жаттықтырушысы) лидерлері – Евгения Канаева мен Ольга Капранова үлкен қателіктер жіберіп жатса да, оларға төрешілер 18-ден асық балл беріп отырды. Ал біздің елден қатысқан Алия Юсуповаға қалайда үшінші орынға іліктіруге тырысты.
Қалған қатысушы қыздар өз өнерлерін әдемі көрсете білсе де, олардың баллдары 16 мен 17-ден аспады. Мұндай көріністі Афины олимпиядасында да бақылаған болатынбыз. Алина Кабаева мен Чащинаның қалайда 1-2 орынға іліктіру керек болғандығын. Дәл сондай оқиға осы жарыста да байқалды. Осыған қарап, олимпияда ойындарында да осы біздің Алияға қоладан жоғары медаль тимейді-ау деп шырамытамын. Ресей құрамасының беделі немесе берері көп болып тұр ғой шамасы…


Жарты тонналық фотоаппарат (!)

Шілде 25, 2008

Жақында Русланнн (блоггер) маған мына бір суретті жіберіп еді, “Мына жерден атаңды тауып ал”, – деп, прикол ұстап… 🙂
Мен де бұл бір фотошоппен жасалған шығар деп, аса мән бермеген болатынмын. Сөйтсем, бұл суреттің өз тарихы бар екен.

Мынадай:
Read the rest of this entry »


Судың да сұрауы бар…

Шілде 23, 2008

Демалыс кезінде үйде жатсам, бір досым хабарласты. Ұялы телефоныма қалалық нөмірден, яғни жұмыстан телефон шалып тұр. Біраз әңгіме айтып тұрып алды. Бос әңгіме болғандықтан, мен оның қалалық нөмірден ұялы телефонға хабарласу қымбатқа түседі ғой деп түсіндірсем, ол болса “Ой не қыласың, “Бесплатно” емес пе?” – деп жайбарақат әңгімесін жалғастыруда.

Достардың осылай қалыңды сұрап, әңгімелерін айтқаны жақсы әрине, бірақ осы “Бесплатно” дегенді пайдаланып, шектен шығып кететіндерді шыны керек, жақтырмаймын. Мейлі ол жұмыстағы интернет болсын, 8-ге шыға алатын телефон болсын, жұмыс көлігі болсын, т.б. жұмыс бабымен “Бесплатно” берілетін заттар болсын, әр нәрсенің шегі болады ғой?

Өзің де кейде байқайсың ғой мысалы, әй осы мен оны шектен тыс қолданып жатқан жоқпын ба, біраз нәрсені пайдаландым, осыным да жетер деген ар-ұятыңның үні шықпай ма? Әрине, қолданып жатқаныңды ешкім көріп жатқан жоқ, санаса да саған айтып жатқан жоқ, бірақ өз-өзіңнен ұялу деген болады ғой адамда?

Өз басым, жалпы осындай “Бесплатно” дегенді еріксіз пайдаланып қалығысы келетін адамдарда сол “ар-ұят” жақсы жетілмей қалған немесе сол адамдық қасиет тіптен жоқ деп ұғамын. Бұл менің жеке пікірім, егер біреу-міреу оқып, өзін танып жатса ренжімеңіздер…


Rin’Go тобында өзгерістер

Шілде 21, 2008

Демалыста жатып, мынадай жаңалықты естіп қалдым. Отандық “шоу-бизнес” саласында аз-мәз еңбек етіп жүрген, жас та болса біраз жетістіктерге жеткен Rin’Go тобында біраз өзгерістер болған екен. Топтан Алдан есімді әншісі кетіп, оның орнына Суперстар.кз жобасында бақ сынасқан Аян Бирбаев есімді жігіт және финалда өнер көрсетіп, жақсы нәтижелер көрсеткен Адылжан Умаров топты толықтыратын болыпты. Топтың продюсері Алуа Қонарова бұл өзгерістердің топтың әлемдік масштабта дамуына бағытталған деп түсіндіреді.

Жап-жақсы топ, маған топ мүшелерінің қарапайымдылығы ұнайды. Өлеңдері де, клиптері де жастарға үлгі берерліктей, менің ойымша олар түзу бағытта келе жатыр. Бір журналдан сұхбаттарын оқығаным бар еді, сұрақтарға тиянақты жауап беріп, өздерінің қарапайым отбасынан шығып, жеткен жетістіктері тек өздерінің күші мен білімдері екенін айтқан. Жас буынды қолдау ретінде блогыма жеке арнап қояйын деп ұйғардым.


Былтырғы жылы осы Rin’Go тобы жыл сайын Латвияда өтетін “Новая волна” байқауында жүлделі болып қайтқаны есімізде. Шыны керек, жарқ етіп шығып, тәнті болатындай өнер көрсетпесе де, талаптарының зор, мықты екені көрініп-ақ тұрды. Соны ресейдің примадоннасы байқап қалуы керек, жалпы ол сахнада кімнің-кім, қандай екенін бір естігеннен-ақ тани алатын дәрежеге жеткен шығар. Сөйтіп, өзінің жеке сыйлығын беріп, топ мүшелерін қуантқаны бар.


Ал осы жылы осы байқауға Қазақстан атынан «China Town»-ның қыздары бақ сынамақ екен. Шын айтсам, өз басым бұл топтан мәз емеспін. Тіпті, Дзинтари сахнасында қандай амплуада шығатындарын көзіме елестете алар да емеспін. Не болса да оны өз уақытында көре, ести жатармыз. Ал қыздардың мойнында қазақ елінің абыройы жатқанын естен шығармағандары жөн болар…


SummeR VacaTioN!!!

Шілде 10, 2008

10 күнге демалысқа шығып барамын. Осы уақытқа дейін 10 күннен аса блогым жазуларсыз қалып жүрді ғой, 🙂 бірақ бәрібір де демалысқа кетіп бара жатқанымды айтып кетейін.

Бір жаққа барып демалу-демалмау әлі жоспарда жоқ. Мына түріммен үйде жататын шығармын. Жақсы бір кітаптар оқып, теледидар көріп дегендей. Келген бетте жаңа сарынмен сіздерді жаңа жазбаларыммен қуантармын деген ойдамын.

Сау болып тұрыңыздар!


6 шілде – сүйісу күні

Шілде 4, 2008

6 шілде күні, біз астанамыз бен елбасымыздың туған күнін тойлап жатқанда бүкіл әлем сүйісу күнін тойлайды екен. Махаббаттың бастамасы болатын, осы бір адам физиологиясындағы ерекше құбылыс жайлы біраз деректер жазғым келіп отыр.

Адам баласының бірін-бірі жақсы көруін сездіруінің өзі қызық. Жақсы көрген жандардың алдымен жанарлары түйісіп, жылы сезімін сөзбен ай­тып, одан әрі сүйісуге ұласады. Бұл адамдардың жылы қарым-қатынасының ертеден қалыптасқан және қалыпты әрі сүйікті бір формасы. Сүюдің дамуын, қалыптасуын зерттеушілер оның біздің эрамызға дейінгі 3000 жылдарға дейін жеткізеді. Ертедегі адамдар Құ­дайға сыйынып, өздерінің жақсы көруін, шынайы сезімін сүю арқылы білдірген көрінеді. Ол кездері сүюді «Құдайдың ісі» деп түсінген.

Ал адамдардың бірін-бірі сүюі әу баста не себепті басталғаны осы күнге дейін жұмбақ. Кейінгілердің зерттеп, сараптауына қарағанда, сүюді сенім білдірудің белгісі деп те қабылдаған кездер болған. Өзге біреудің сеніміне кіріп, қорықпай-үрікпей мұның жақсы көруін қабылдау үшін білдірілген белгі.
Read the rest of this entry »


Дания – әлемдегі ең бақытты ел

Шілде 4, 2008

Социологтардың өмір құндылықтардың тізімін анықтау барысында басқа елдердің тұрғындарына қарағанда, Дания тұрғындары өздерін бақытты сезінеді екен.
Респонденттерге “Өзіңізді қаншалықты бақыттымын деп санайсыз?” және “Қазіргі уақытта өз өміріңізге қаншалықты көңіліңіз толады?” деген екі сұрақ қойылған.
Даниядан кейінгі бақыттылар қатарында Пуэрто-Рико, Колумбия, Исландия және Солтүстік Ирландия орналасқан.
Зерттеу жүргізген команданың басшысы, Мичиган университетінің саясаттанушысы Рональд Инглхарт, Данияның бірінші орында болуы, оның, біріншіден тату ел болуында және екіншіден, бай ел болуында деп пайымдайды.
“Дания – бай ел, әлемдегі ең бай емес, бірақ бай. Ең басты фактор, ол адамдардың өз өмірін қаншалықты еркін құра алатындығымен өлшенеді ”, – депті Инглхарт.

Ал біздің елге келетін болсақ, бұл сұрақнаманың біздің елде қойылған, қойылмағанын анық білмедім. Алайда қойылса да, біздің елдің бай, тыныш болуына қарамастан тізімнің жоғарғы сандарын сәндеп тұратынына күмәндімін. Қаншалықты теледидардан өзіміздің керемет, бақытты, тойшыл екенімізді күле көрсете алғанымызбен, сол өтірік күлкінің астында “Әттеген-ай” дерлік күйіміз ешкімге жасырын емес.


Тағы да фактілер… еркектер жайында…

Шілде 1, 2008

1. Біздің санамызда жазылып қалған “статистика бойынша 10 аруға 9 жігіт” деген қағида 20-30 арасындағы топқа жатпайды. Бос жігіттер мен қыздардың ара қатынасы сенің пайдаңа, яғни 12-ге 10 болып шешіледі.

2. Олар сенің телефон нөміріңді алып, өзінікін бермеуді жөн санайды.

3. Егер жақсы бір жігітпен танысқың келсе отыра бермей, барып билеген жөн. Өйткені олар көбінесе қозғалыстағы заттарға көп көңіл бөледі.

4. Егер бірінші кездесуде ебедейсіз үнсіздіктер жиі болып тұрса, оған таң қалма. Бұл сәттерде инциативаны өзіңе алған жөн.

5. Көп жағдайда олар жасы келген әйелдермен кездесуден бас тартпайды.


Read the rest of this entry »