08.08.08


Бүгін өздеріңізге белгілі үш сан қайталанып келетін, ерекше датаның күнін кешпекпіз. Былтыр 7 санының қазақта қасиетті сан деген ырыммен жыпырлатып той жасаса, осы жылы 8 саны қытайларда тұрақтылық пен байлықтың белгісі деген ырыммен тойлар саны тағы да артып отыр. (Келесі жылы 9 санының да бірдеме-шірдеме сан деген ырымын тауып алатын шығар…)
Сонымен қатар, сегіз санының көлденең күйінде беретін шексіздік белгісін ескерсек, ырымның көкесі сонда шығады. Отау құрған отбасылардың қайсібірі махаббаттарының баянды да, шексіз болғанын қалайтыны сөзсіз.
Мынадай қызық мәлімет оқыдым, бүгінгі датаның нөмірлерін, яғни осы 08. 08. 2008 сандарының бірліктерін бір-біріне қосып шықса қайтадан сегіз саны шығады екен: 2+0+0+8+0+8+0+8=26; 2+6=8. Сондықтан, бүгін жасалатын істердің бәрі игілі болар деп сенеміз.
Бүгін Олимпияда ойындарының ашылу салтанаты. Өзім соны тамашалауға асықпын.
Ал бүгін көтеріліп жатқан жастардың көтерген шаңырақтары биік, босағалары берік, махаббаттары баянды да, шексіз болсын деп тілеймін!!!

4 пікір | 08.08.08

  1. balgyrgan says:

    Олемпиада да, тойлар да құтты, берекелі болсын!
    өзім сандар магиясына сенемін, машинаның нөмірінің қосындысы 1 болса, “е, жолың арқашан главный екен”, 2 болса “е, жалғыз жүрмейді екенсің”, 7 болса “опаньки, балғер боларсың, а?”, 8 болса “мДа, деньги куры не клюют, да”, 9 – “жолың көңілді болады екен” деп ерігемін 🙂
    пысы: 3-6 аралығындағы сандары не білдіретінін ақыры жаттай алмадым

    Той тойға ұлассын!!! Тойлы күндерде кездескеншЕ!

  2. 666aiko999 says:

    🙂 қап менде осы жылы нете* салмай. әлгі сөзіңіз құлағыма жағып қалд
    махаббатары шексіз деген да … 🙂

  3. Аnar says:

    Байкап отырсам, шыгыс халыктары ырым, сен1м-нанымга катты кон1л болед1 екен. Оган мына кезект1 29 Олимпиаданы оз жер1нде уйымдастырып отырган Кытай корш1м1з де далел бола алады. Ашылу салтанатын 08.08 кун1 сагат кешк1 08.08 гке жасауы да кызыкка саяды. Олар айтса айтканда уакытында бастар, ал КАзакстанда болар болса +_ 2 сагат кеш1кт1р1л1п басталатын болар:-)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: