Шалақазақтарский прикол

Қыркүйек 26, 2008

Вот банк, который построен навек
В котором сидит улкен человек.
Который на всех постоянно орёт
Бiрак толком его никто не поймёт.
Конечно же речь про директора тут
Ну как без него, айтпесе всем капут.
А вот его “зам”, он тоже жесток,
Но с ним не бывает особых морок.
Отпишет бумажку, исполнишь её
Келесiн, айтасын, вот собственно всё.
В том банке ещё есть один человек
Который для банка бесспорно керек.
Сидит ундемей, жазып отыр чего-то
Глядишь на него и так денег охота!
Ну вы догадались, да, это главбух.
Проводка жасап, бишара, весь опух.
А это кто там по дорожке бредёт
Ой-бай! Бул клиент за кредитом идёт
Ну точно, к кредитчику быстро подходит
И тихо унылую песню заводит
Мол нужен кредит ему, ну позарез!
Расплатиться в год, калжындайтын емес
И гордо гласит: «Предлагаю в залог
Бiр сиыр, екi кой и жумсақ уголок»
Кредитчик в ответ: «Жоқ, солай жарамайды,
Такой вот залог ешқай жерде ешкiм алмайды.
Бiр сиыр, екi кой и жумсақ уголок –
Бiзге ол и даром совсем керегi жоқ.
В залог лучше дом ваш давайте возьмём
Кредит под недвижимость мы выдаём
Машин бар болса давай немесе
Короче весовый керек бiр нарсе.
На чём-то обое вообщем сошлись
Ну вот, акрындап, кассаға добрались
Немного поведаю вам про кассира
Считает быстрее прямого эфира
Ақшаны көрсе тура жайнап кетедi
Он даже во сне их наверное коредi.Поштама келіпті, қызық болсын деп жазып қойдым.  🙂

Advertisements

Жыным келетін нәрселер

Қыркүйек 24, 2008

Соңғы кездері шабыт келмей, блог жайына қалып жатыр еді. Негізі мен жақсы көретін нәрселер жайлы жазғым келіп жүрген, бірақ қазір романтикаға берілетін жағдайда емеспін. Ал жыным келетін заттарды с удовольствием жазамын:

Менің жыным келетін:

сусын: қант көп салынып кеткен және қаймақ түсіп кеткен шай

тамақ: фаршированный перец

мамандық: математик

музыка түрі: рок, металлика

спорт түрі: теннис (әсіресе ұлдар ойнағанда), ралли, велоспорт.


фото: сюжетсіз қыздардың майысып өздерін алай да, былай да түсіре бергендері ұнамайды

мессенджер: джитолк ұнамайды. Әр сөз сайын жымын-жымын етіп, экранға шыға бергені әсіресе.

пошта: оk.kz

интернеттегі әрекет: амандассам, жауап жазбайтындарға жыным келеді. Жалпы хат жазсам да, смс жазсам да, мессенджерге бірдеме жазсам да жауап жазбай қойса қатты қапаланып қалатыным бар.

қарсы жыныстағы қасиет: әйелдерді топас санайтындарды. Әйелдердің еркектерден ойлау қабілеті төмен деп, орныңды біл деп сөйлейтіндерге вообще құсқым келеді.

кино түрі: фантастика, үнді кинолары

жануар: мысықтарды ұнатпаймын, сосын ана қоңыз, қырықаяқ, қосаяқ, түрлері қорқынышты жәндіктердің бәрінен қорқамын.

өсімдік: тікенек, судағы балдырлар

жұмыс: бір жұмысты істеп болып, сақталмай қалып, басынан қайта істеген ең сорақысы.

сөз: қандай да бір мақтаншақтық сөздер

киім үлгісі: қыздардың (кейде әйелдердің) іштегі майын салбыратып, қысқа топик киіп жүргендеріне жыным келеді.

Фантазиям қазір “0” шкаласында жатыр. Сондықтан алып-қосар ештеме келмей қойды басыма. Ренжімеңіздер…


Ғашық жүрек қалап сені іздеді…

Қыркүйек 5, 2008

Суреттің үстінен бассаңыздар толығымен көре аласыздар. 🙂

Өлеңді жазған Жандарбек Бегімбетов.