Қазақтың қызы

Наурыз 5, 2009

Ғажаптың бәрі өзінде,
Көзінде сұлу әлемі.
…Әдебі әрбір сөзінде,
Жан емі- оның сәлемі.

Келбеті күнге келіскен,
Нәзіктен нәзік сыр ұққын.
…Бесіктегі әппақ періштең
Бастауы әдеміліктің!

Пәк болып туған о бастан,
мүсіні мыңды арбаған.
Көңілі оның Көк аспан,
Көркінің құны бар ғалам!

Қыздары олар даламның,
Таусылмас жылы бір лебі.
…Мәншүк пен Әлиялардың
Сүйкімді сіңілілері.

Даладай дархан пейілін
Ұлдары РУХ санаған,
Болмысы тұнған мейірім,
Ол менің әппақ жан анам.

Ғасырдан жеткен ғасырға 38733752_krystapbaseyellow062
Ұлтымның ұлы дастаны.
Ол сенің қарындасың да,
Ол менің қарындастарым.

Жоғалтып бастың салмағын,
Сандалған талай ғашық ұл.
Біреудің болса арманы,
Бір үйдің қазынасы бұл!

Шынайылыққа заты мол,
Пәктіктің өзі турасы.
…Жүрегі жалын ақын ол,
Немесе ақын музасы.

Кессе де ептеп бұрымды,
Бәрібір сұлу жаны, нұр.
Жүрегі оның бұрынғы,
Қазақтың қызы ол бәрібір!

Өзінде бәрі ғажаптың,
Көзінде көркем әлемі.
Ақиқат жалғыз:
Қазақтың
қызының бәрі әдемі!

РАХАТ ӘБДІРАХМАНОВ

Advertisements

Құдыретті адам

Наурыз 7, 2008

“Сіз неге жылайсыз?” – деп сұрады кішкентай бала анасынан.
“Өйткені мен әйелмін”, – деп жауап берді анасы.
“Түсінбедім” – деді ол.
Анасы баласын қысып құшақтап: “Ешқашан да түсінбейсін… бірақ бұл дұрыс” – деп айтады.

Кейін бала әкесінен сұрайды: “Анам осы менің ойымша себепсіз жылайды, неліктен?” “Әйелдердің барлығы себепсіз жылай береді” – деп қысқа ғана әкесі жауап қайтады.

Read the rest of this entry »