Көктемгі жаңбыр

Наурыз 19, 2009

Қалаға жаңбыр құйды,
Жолына қарап тұрмын,
Жолына қарап тұрмын тереземнен.
Қоштасып сен кеткенде,
Дәл осындай көктемде
Дәл осындай көктемде – келем деп ең.

Өтті міне, көктем талай
Ұмыттың сен мені қалай?
Жүзің арай, сөзің балдай
Күте, күте көзім талды-ай

Ал жаңбыр шелектеуде,
Жылады теректер де.
Жылады теректер де, сусып алған.
Сағыныш керек неге?
Әйтеуір сол көктемде
Әйтеуір сол көктемде бір сыр қалды-ай.

Өтті міне, көктем талай
Ұмыттың сен мені қалай?
Жүзің арай, сөзің балдай
Күте, күте көзім талды-ай

Қалаға жаңбыр құйды…

1222378855_beautiful20night20in20rome

Сөзі – Назира  Бердалі, Әні – Гаухар Әлімбекова.

Advertisements

Сағындым сені, сағындым…

Қаңтар 19, 2009

23469849_1184879825_11714812_mlove-copyЖалғандағы армандаған асылым
Мұңымды айтам мен өзіңе жасырын
Асау өткел өткізбеді
Қашқан жолдар жеткізбеді, жаным
Айлар өтті кездеспедің
Сырларымды сезбеспе едің, жаным
Сағындым сені, сағындым.

Бір өзіңді ойлай-ойлай жыл өтті
Ғашық жүрек от боп жанды, дір етті
Қара көзің күлімдеген
Кірпіктерің дірілдеген, жаным
Жайнап өскен гүлім деп ем
Жүрегімді тілімдеген, жаным
Сағындым сені, сағындым.

Ғұмыр кештім мен өзіңмен, аяулым
Шықпай қойдың сен есімнен, аяулым
Кездескенде көктем еді
Көкте тырна өткен еді, жаным
Құстар қайтты – оралмадың
Сен бақытты бол, арманым, жаным
Сағындым сені, сағындым…

М.Бесбаев


Қайда жырларың, мұңды әнің жүрекке бір маза бермеген?

Наурыз 13, 2008

Жақында Ресей президентін сайлау барысында жаңалықтардан репортаж беріп жатып, олардың қызыл алаңдағы концерттерін көрсетті. Сонда Ресей шоу-бизнесінің ірі тұлғалары – Любэ, Машина времени, т.б. өнер көрсетіп жатты. Олардың әйгілі хиттарын алаңға жиналған жасы бар, кәрісі бар барлығы хормен айтып, көңілдерін көтеріп жатыр. Сосын осы 8 наурыз қарсаңында Эдита Пьеханың концертін берді. Онда да ерте кездерде орындалған әдемі өлеңдер, құлаққа жағымды, түсінікті хиттар… Шынымды айтсам қатты қызығып кеттім…

Read the rest of this entry »