Кім? Не?

Мамыр 15, 2009

1238692545_01_04_2009_0664142001238533810_harmony-nicholasЕгер сіздерде мүмкіндік болса, танымал адамдардың қайсысымен танысып, сөйлесер едіңіздер? Қандай сұрақтар қоясыздар?

Олар қазір өмір сүрсе де, өмірден өтіп кеткендері болса да…

Тақырыпты қызықты етіп өрбітейік 🙂


Зеректілігіңізді тексеріп көрелік…

Ақпан 4, 2009

Сұрақтарды оқып шығып, дереу жауап беруге тырысыңыз. Көп ойлануды қажет етпейді, фишкасы да сонда жатыр. Сосын өз-өзіңізді алдауға тырыспаңыз 😉

1. Жарысқа қатысып жатып, сіз екінші болып жүгіріп келе жатқан жүйрікті басып оздыңыз. Сіз қазір нешінші орындасыз?

Жауап: Егер бірінші орындамын деп жауап берсеңіз – дұрыс емес. Өйткені сіз екінші жүйрікті басып оздыңыз, яғни соның орнына келдіңіз. Сәйкесінше қазір екінші орындасыз.

Ал екінші сұраққа мұқият болыңыз.

2. Сіз ең соңғы болып келе жатқан жүйрікті басып оздыңыз. Енді қай орындасыз?

Жауап: Егер соңғысының алдындамын (предпоследний) десеңіз, сіз тағы қателескеніңіз. Ойланып қараңызшы. Ең соңғы болып келе жатқан жүйрікті қалай басып озуға болады? Егер сіз оның артынан жүгіріп келе жатсаңыз, онда ол соңғы болмағаны ғой. Яғни, жауап бұл мүмкін емес.

Read the rest of this entry »