Сәнденудегі 10 қателік

Маусым 10, 2009

1. Мойын мен кеуде тұсын және әдемі аяқтарыңызды бірдей ашық көрсеткен жарасымсыз. Ашық декольте мен мини бірге киілген кезде, бұдан асқан бейпілділік жоқ. Мұндай киім-киіспен сізді ең кем дегенде талғамсыздықпен айыптар немесе одан бетер – жеңіл жүрісті қыз деп ойлауы мүмкін.

2. Джинсының ішінен көрініп тұратын стринги біраз уақыт бұрын көшелерде сұрықсыз кейіппен көздің жауын алатын. Қазіргі кезде мұндай киім-киіс ұмытылған сияқты, қуанышымызға орай. Сонымен қатар джинсы немесе юбканың ішінен көрініп тұратын колготкилерге де жол жоқ. Егер күн суық болып, амал жоқ болса, онда бөкседен келетін колготки сатып алуға тырысыңыз.

3. Босоножкиді нәскимен (колготкимен, чулкимен) ешқашан кимеңіз. Жалпы колготкидің тігістері көрініп тұрса, бұл көріксіз көрінеді ғой, сондықтан капрон колготкиді басы ашық туфлилермен де кимегеніңіз абзал.

1217205382_1216203829_image062 Read the rest of this entry »

Advertisements

Арманыңдағы жігітке жолықтырар 16 қадам

Мамыр 12, 2009

Біраз бұрын бұл аудармам arular.kz сайтында жарияланған болатын. Сайт жабылып қалғандықтан қайта блогыма жариялауды жөн көрдім.

Мақала Cosmopolitan журналынан алынған.

Осы өмірде саған арналған жігіт қалмаған шығар деген ой келе ма? Немесе қолыңда барларарға көңілің толмай ма? Өзіңе “Жақсы жігіт табу үшін не істеуім керек” деген сұрақтарды жиі қоясың ба? Ол үшін бәрін өзіңнен бастауың керек.

Үш жыл бұрын “тәуір-ақ” жігітпен жап-жақсы қарым-қатынаста өмір сүргем. Ол абзал, ақкөңіл, қамқоршыл болатын. Алайда ол менің өмірімді төңкеріп жіберетін адам емес екенін басынан білгенмін. Бізді ешқандай ортақ қызығушылықтар немесе ортақ ұйғарымдар байланыстырмады. Мен оның Шумахерді сүйіп көретіндігін түсіне алмадым, ал ол менің табиғат аясында демалып, жорықтарға шығып, палатка құру қызығушылықтарымды түсінбеді. Мен кейде осы адаммен өмір бойы болу мүмкіндігін ойлағанда қайғырып кететіндей халге жететінмін. Ал сосын мен Домбайға шаңғы тебуге сапарға аттандым. Сол жерде, ойланып-толғанып, жақсы адамдармен жолығып, сөйлескеннен кейін, “тәуір-ақ” деген енді мені қанағаттандырмайтынын ұқтым.  Read the rest of this entry »


Ақылмен жуынамыз

Наурыз 11, 2009

Бетті макияждан тазарту түк те емес сияқты. Бірақ көбіміз мұны неге дұрыс істемейміз? Осыған байланысты бірнеше кеңес.


1. Екі рет жуыныңыз.
Макияжды кетіру үшін макияж кетіргіш затты аямаңыз. Процедураны 2 рет жасаған абзал. Косметиканы ізін қалдырмай тазалау қажет. Әйтпеген жағдайда безеу мен тері асты қабынуларының пайда болуына үлес қосуы мүмкін.

2. Жылы су.
Макияж кетіргіш затты саусақтарыңызды ұшымен жағыңыз. Ең бастысы – барынша кірді кетіру. Судың температурасына көңіл аударыңыз, суық сумен жуынбағаныңыз абзал. Суық су сергектік бергенімен алдын-ала тері клеткаларын тарылтады, бұл қара дақтардың пайда болуына әсер етеді. Судың жылулығын бөлмелік температураға сәйкестендіріңіз, макияж кетіргішті жағып, жуыныңыз. Содан кейін тері клеткаларын жабу үшін суық сумен жуынсаңыз болады.

3. Көзіңізді уқаламаңыз.
Мақтаны макияж кетіргішке батырып, көзіңізде 2 секундтай ұстаңыз. Кетіргіш зат теріге сіңе бастайды да бұл макияжды кетіру процессін жеңілдете түседі. Косметиканы соңына дейін кетіруге тырысыңыз. Түнге қалған кірпік бояғыш кірпіктерді әлсіретіп, кейін оның түсуіне себепкер болады.

Назар аударыңыз!

Read the rest of this entry »


Иықтан шашың төгіліп жерге…

Ақпан 20, 2009

Әдемі, қолаң шаштарға қалай қол жеткізуге болады? Жалпы шашқа қандай күтім керек? Осындай сұрақтар көптеген қызды мазалайтыны белгілі. Егер шаштарыңыз көлемінен айрылып, ұштары құрғап, өңсіз, түсе берсе мына кеңестерге құлақ түріңіз.


Шашты жуғанда бір ғана ережені ұстаныңыз: мейлінше су сабынды (шампунь) аз қолдануға тырысыңыз. Егер көп жаққан жағдайда шашқа артық салмақ түсіп, құрғатып жібереді. Шаштараздардан кеңес: 1 шай қасық су сабынды 1 стақан суда араластырып, жағу.

Су сабынды шаштың барлық ұзындығына құймаңыз. Оны тек шаштың түбіне жақсаңыз болғаны. Жуған кезде су сабынның көпіршігі соңына қарай ағады. Бұл оларды жуу үшін жеткілікті.

Су сабынды жылы сумен кетіру қажет. Өйткені ыстық су шашты құрғатып, қайызғақтардың пайда болуына әсер етеді. Содан кейін барып бальзам-шайғышпен шайыңыз.
Read the rest of this entry »


Берет – романтикалық бас киім

Қаңтар 27, 2009

Көбіміз мектепте оқып жүргенде бас киім киюді ұнатпай, үйден шыға сала сөмкеге тығып тастайтынбыз. Ал есейе келе бас киімдердің түр-түрі шығарылып, таңдауға үлкен мүмкіндік барын білдік. Соның бірі ең танымал беретка болып саналады. Беретка таңдағанда және кигенде қандай қателіктер жібермеу керек, осы жайлы бірер кеңес.

1. Берет – бұл шындығында романтикалық бас киімдер қатарына жатады. Сондықтан оны өкшесіз етікпен, былғары күртешемен және джинсымен киюге болмайды. Пальто, өкшелі етік және юбкамен кисеңіз қатып кетеді.

2. Аңыз болған Бонни мен Клайд гангстерлік жұптағы Боннидің береткасындай жүн матадан жасалған классикалық модельдерді таңдауға тырысыңыз. Бұл фасондағы береттер кез келген түр-әлпетті әдемілетіп жібереді.

3. Көлемді тоқылған береттерді маңдайға түсірмей, желкеге қарай майыстырып киген дұрыс.

4. Шашыңды береттің астына жинап тастамаңыз, тым құрымағанда кекіл қалдыруға тырысыңыз. Көптеген дизайнерлер беретті жайылған шашқа киюді ұсынады.

5. Акссесуарларды беретке сәйкестендіріп тағу міндетті емес. Алайда аксессуар үстіне киген киімге, не аяқ киімге сәйкес болуы міндетті.

6. Жиын кештерге романтикалы көйлегіңізге қосымша сәнді берет (жұқа иірілген жіптерден тоқылған, пайтектермен сәнделген немесе кестелі) киіп алсаңыз да болады. Осы тұста ең қайталанбас стильді ханым атағын өзіңізге бұйырып тұрғанына күмәндаңбаңыз.