Ғашық оты жанады – жана берсін, жұбайлардың жолдары бола берсін…

Шілде 27, 2009

Сенбі күні Балдырған екеуміз ат шаптырып, қазақша блог жүргізу үрдісінің тұңғышытарының бірі саналатын, қазіргі таңда Birge.kz сайтының админі болып жүрген Қуаныштың шақыруымен үйлену тойына барып келдік. Жалпы интернеттегі таныстарымның бұл бірінші тойға шақыруы және бірлесіп бірінші рет баруым.

Қуаныш үшін өте ризамын. Әсел келініміз өте сүйкімді де, әдемі екен. Екеуіне ұзақ ғұмыр, үбірлі-шүбірлі болып, бақытты отбасы болуларына тілектеспін. Өкінішке орай, біздің тостқа жеткенше кеш болып, аяғын күтпей кетіп қалдық. Сондықтан блогты пайдаланып, бір құттықтап қояйын.

Тойдан әсер қалдыртқан:
– Қуаныштың анасының үлкен көздері, өте әдемі, салмақты, ақылды жан екені көрініп тұр. Қуаныш, ата-анаңа да ұзақ ғұмыр тілеймін;
– Достарының зор дауыспен «Ай да тост!!!» деп алып отыруы;
– Каспий тобының залды алып кеткен қымбат парфюмі;
– Қуаныштың бір досының биі мен тәнтті етті. БАЖ билеп қояды екен.

Той-тойға ұласа берсін. Блогшылар өмірінде той көп болсын!

Advertisements