Бардым, көрдім, жеңдім!!!

Мамыр 12, 2008

Кеше ең сүйікті тобымның – “МузАрттың” жеке концертін көріп қайттым. Керемет топ, тірі дауыс, музыка, әсем әндер… эхх… алып қайтқан эмоциямды Айконыкіндей әттең жеткізе алмаймын.
Шынымды айтсам, осы топтың арқасында қазақ эстрадасынан күдерімді үзбей келемін. Менің ойымша концерт шетел әншілерінің концерттерінен асып түспесе кем түскен жоқ. Сағындырып берген концерт толықтай үздік деген бағада өтті.

Жігіттердің орындауындағы “Не деген көркем едің”, “Қайран көңіл”, “Кел, жаным”, “Сағындым Алматымды”, “Жүрегім”, “Махаббат гүлі солмайды”, “Есіңе ал”, т.б. әндерінің сөздерін жатқа білетіндіктен олармен қосыла айтамын деп сәл тамағым ауырып, эмоциядан басым да ауырып кетті. Бірақ бұл шаттықтан, қуаныштан болған жақсы сезімдер.

Сюрприз ретінде арасында Мейрамбек домбырада, ал Сәкен дауылпазда отырып, инструменталдың сүйемелдеуімен күй шертті, Мейрамбектің орындауында терме де айтылды. Жалпы концерт “Көрген де – арманда, көрмеген де – арманда” лебімен өтті. Осы концертті көргенімнен, алған әсерімнен өте бақытты сезінудемін… 🙂


Қайда жырларың, мұңды әнің жүрекке бір маза бермеген?

Наурыз 13, 2008

Жақында Ресей президентін сайлау барысында жаңалықтардан репортаж беріп жатып, олардың қызыл алаңдағы концерттерін көрсетті. Сонда Ресей шоу-бизнесінің ірі тұлғалары – Любэ, Машина времени, т.б. өнер көрсетіп жатты. Олардың әйгілі хиттарын алаңға жиналған жасы бар, кәрісі бар барлығы хормен айтып, көңілдерін көтеріп жатыр. Сосын осы 8 наурыз қарсаңында Эдита Пьеханың концертін берді. Онда да ерте кездерде орындалған әдемі өлеңдер, құлаққа жағымды, түсінікті хиттар… Шынымды айтсам қатты қызығып кеттім…

Read the rest of this entry »