Жүгіретін біреу болса қол созып…

Шілде 1, 2009

24115394_1b878dbc33f321660a64a0a25d13e52a

Кей кездері ортайғаным түк етпес,
Жап-жас болып қартайғаным түк етпес.
Менің жайнап жүруіме ішінен,
Бұл әлемде біреу болса тілектес.

Кей біреудің елемеуі түк етпес,
Мейірімге бөлемеуі түк етпес.
Аман болсын екі жұлдыз көктегі
Менің қиын бақытыма шын тілектес.

Қызғанбаймын тұстастарым шықса озып,
Түк етпес-ау көтерсем де қанша жүк.
Абайсызда жұрт ішінде сүрінсем
Жүгіретін біреу болса қол созып.

Күләш Ахметова

 


Үнсіз қалсам, ұғарсыз…

Сәуір 10, 2009

Жылдар бойы бәлкiм, сiздi iздегем?!
Сезiмiмдi жеткiзем деп
Сөз қалмады тiзбеген.
Жүз сөзге де сыймайды сағынышым,
“Хат жаз” дейсiз.
Қалай және не жазамын сiзге мен?

Тағы, тағы жанарыма қонақтады шық арсыз…
Жылы сөзге мен сияқты сiз де зәру шығарсыз.
Жүрегiмнiң тiлiнде ғой айтпағым,
Үнсiз қалсам, ұғарсыз.

Құралай Омар

b860638d1fda


Жазмыштың құлымыз…

Қараша 20, 2008

359455-12557


Мендегі үнсіздік – кешірім

Қараша 26, 2007

kuralai-omarova.jpg

Құралай Омарова 2000 жылы Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы облыстық гимназия-интернатында Қанипа Бітібаеваның авторлық сыныбын бітірді. Өлеңді 15 жасынан бастап жаза бастады. Алғашқы өлеңдері 2000 жылы облыстық «Дидар» газетінде жарық көрді. 2004 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. 2004 жылғы VІІ Халықаралық «Шабыт» фестивалінде Ерік Асқаров атындағы арнайы жүлдеге ие болды. Өлеңдері республикалық «Жұлдыз», «Жалын» журналдарында, «Қазақ әдебиеті», «Әдебиет айдыны», «Кентавр», «Алтын орда», «Алаш үні» газеттерінде жарияланды. «Жас толқын» жинағына топтама өлеңдері енді. «Жалын» журналының 2006 жылғы Төлеген Айбергенов атындағы жүлдесін, «Дала мен қала» газеті өткізген «Наурыз – мүшәйра» ақындар сайысының ынталандыру сыйлығын алды. Биыл Х Халықаралық «Шабыт» фестивалінде бас бәйгені жеңіп алды.

Read the rest of this entry »