Кризис кезінде қалай өмір сүру керек?

Қараша 4, 2008

Қазір әлемде орнап жатқан кризис біздің елге де өз әсерін тигізгені белгілі. Халықтың жағдайы күрт төмендеп, былтыр арзан несиелерді алған халық бүгінде төлей алмай қиналып жүр. Жұмыс орындарында айлық уақытылы берілмей, штатты қысқарту белең алып жатыр.
Осындай кезде қалай өмір сүру керек, ақшаны қалай үнемдеп, штаттан шығып қалмау үшін не істеу керек деген сұрақтарға эксперттердің жауабын оқып көріңіздер. Бәлкім біраз көмегі тиіп қалар.

1. Кризис қалай өрбиді? АҚШ-тағы сайлау кризиске қандай әсерін тигізеді?
Жағдай бұдан да қиын болады. Бәрі ушығып кетті, мұны АҚШ-тың әкімшілігі тез арада қалыпқа келтіреді дегенге күмән бар.

2. Ақшаны қайда және қалай сақтау керек?
Ақшаны сенімді бір банктің депозитінде сақтау керек. Әлбетте мұндай кезде банктерге сенімділік күрт түседі. Бірақ егер ақшаны үйде ұстасаң, банк тағы бір салымшыдан айрылып, бұл тек қана банктің емес, бүкіл елдің экономикалық жағдайын төмендетеді.
Read the rest of this entry »


Бір арманмен…

Тамыз 26, 2008

Міне, Олимпияда да тәмамдалды. Біздің ел үшін жаман болған жоқ. 2 алтын, 4 күміс, 7 қоламен жалпы командалық есепте 29 орынды иеленіп бітірдік. Жеткен жетістігімізді менсіз де қақсап айтып жатқандар жетерлік. Тек осы олимпиядадан бір байқағанымды жаза кетейін:

“One world, one dream” деген олимпияда ұраны әрбір жеке мемлекет үшін айтылған болса бұл сайыстың өту барысында, мен бұл ұранның бір мемлекетте тұрып жатқан әрбір азамат үшін үлкен арман болмаса да, тілеуі екенін түсіндім. Мой мирдағы олимпиядаға қатысты қауымдастыққа жүлдегерлердің суреттерін іліп, пікірлерін оқығанымда бей-жай қалмаған қазақстандықтарды көрдім. Қазағы бар, орысы бар, ұйғыр, тәжік, кәрісі бар бәрі ретпен олимпияда жүлдегерлерін құттықтап, әділетсіз төрешілерді балағаттаумен болды.
Недегенмен біртұтастығымыз осындай кездерде байқалады. Қазақстандық азаматтардың біріге жанкүйер болып, ұлтқа бөлінбей, қолдау көрсетуі – әр адамның асқан адамгершілігі ғой.