Ұлы мейрам!!!

Желтоқсан 15, 2008

«Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Құшақ жая таныстым сан тілменен.
«Жаман үйді қонағы билейді» – деп,
Қала жаздап айырылып өз тілімнен,
Өзге тілге еліктеп ел болмайық,
Қазағымның артық жоқ өз тілінен …»

«Бұл дүниедегі зор бақыт – еркіндік екен ғой, кім білген. Адамның бостандықтағы бір күні, қапстағы бар ғұмырдан әлдеқайда қымбат екенін енді білгендеймін…»
Бұл жиырма бір жасар Қайрат Рысқұлбековтың түрмеде жатып жазған өлеңі мен хатынан үзінді.

Тәуелсіздік жолында құрбан болып, ер ұл-қыздарымыз аңсаған ұлы мейрам құтты болсын! Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Осыны түсінетін, қадірін білетін қара көздеріміздің саны молая берсін! Ана тілімізді, халқымызды, дінімізді, бірлігімізді, тәуелсіздігімізді қадір тұтайық. Қазағымыздың ұл-қыздары биіктерден көрініп, алға өрлей берейік!


Тәуелсіз?..

Желтоқсан 5, 2008

Алматы көшлерінен аңғаратын болсақ әлі бір ай бар “Жаңа жыл” мерекесіне дайындық басталып кеткен. Бірінші желтоқсан күні әкімімізді алып, шыршаларды жандырып, “В лесу родилась ёлочка”-сында айтып тастадық.

Бір ескеретіні осының алдында келе жатқан “Құрбан айт” мерекесі мен ең басты мерекеміз “Тәуелсіздік мейрамы” бар емес пе?
Жаңа жылға дайындықтың көлеңкесінен осы мейрамдар еленбей жатқан сияқты.

Бұл жайлы былтырлары да қаншама рет айтылып, жазылып та жатты. Алайда оған назар аударар ешкім жоқ.
Әрбірден кейін осы тәуелсіздік мейрамы болмаса жаңа жылды да қалай және қайда тойлайтын едік?

Read the rest of this entry »