Сіз бен біздің жеңістеріміз үшін…

Мамыр 8, 2009

Қазақстан халқын келе жатқан 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтаймын!
Жыл сайын осы мейрамның түпкі иелерінің саны азайып, мерекелік реңі де саябырсып келе жатқандай. Алайда, осы мейрам арқылы, жалпы сол жылдардан естеліктер арқылы біз осы өмірімізге толықтай шүкіршілік ете аламыз.
Осы кезде қандай өжет халық болсақ, оған сол жылдардан келген лептің әсер етпей қоймағаны анық.

Қазіргі бүкіләлемдік дағдарыстың да сондай әсері бар деп ойлаймын. Әлбетте бізді күйзелткен жағдай рухымызды мықтырақ етеді. Ал мықты болу – адам ретінде қалыптасу деп білемін.

Жапондарда мынадай мақал бар екен: «Егер маған қиындық туғызбасаң, мен оны сенен сатып аламын», – деген. Сондықтан егер біздің ата-бабаларымыз қанды соғысты бастан кешіріп, ұрпақтың жалғасуына бар күш-жігерлерін жұмсап, аман қалдырса – біздің болмашы сәтсіздіктерге шағымымыз тіптен ұят нәрсе болып қалады.

Мықты болайық әркез… Тағы да мерекелеріңізбен!

Advertisements

Грузия мен Ресей: не болып жатыр өзі?

Тамыз 13, 2008

Қазіргі таңда бәрі олимпияда машақатымен жүргенде көрші елдерде “соғыс” болып жатыр дегенге құлағымыз түрік жүр. Ол соғыстың неден, не үшін шыққанынан хабарым аз. Бірақ, көптеген қара қауым қаза тауып жатқаны өте өкінішті…

“ХХІ ғасыр – жаңа дәуір – соғыссыз, бейбітшілік әлемде өмір сүреміз” деген ойым күннен-күнге сейіліп барады… Мен сияқты ойлағандар да көп, білем. Қазіргі кезде, көптеген келіссөздер жүргізіліп, бейбіт өмірге жетелейтін одақтар құрылған заманда осындай кикілжіндер тууы қатты қынжылтады.

Read the rest of this entry »