Кино… Кино… Киноклуб…

Қыркүйек 19, 2009

Алдында Қазақтандағы беделді кинокритиктердің бірі – Олег Борецкийдің клубына бардық. Соңғы уақыттары арт-хаус фильмдерді бағалағанмен, оны түсіне алмай-ақ келемін. Сол арт-хаус қарауды, оның мағынасына терең үңілуді үйрену үшін, және рецензия айту, жазуды біраз тәжірибе жинақтайын деп Салтанат, Рауан, үшеуміз бардық. Негізі Рауанның иницативасы еді, сол үшін үлкен рахмет оған.

Бір байқағаным, клубта көбіне орыс халқының адамдары өте көп болды. Негізі қазақтардың келуі өте сирек сияқты, ал олардың фильмге байланысты өз ойларын айту тіптен сирек шығар деп ойладым. Жас аралығы – 80 жастағылардан төмен. Тіпті кемпір-шалдар да Борецкийдің репертуарларын қарауға асығады екен. Бұрындары голливудтың арзанқол дүниелерін көруге кинотеартрларда тек жастарды көріп үйреніп қалғандықтан, көзге оғаш көрінді.

Read the rest of this entry »


«Нокдаун»

Тамыз 17, 2009

Қайта тұрып хақың бар жүгіруге…

Мұқағали Мақатаев.

Рассел Кроу ойнаған «Нокдаун» фильмін алғаш осыдан біраз жыл бұрын көрген едім. Ол кездері әлі мұндай кино қарауға дайын болмадым ба, өмірлік тәжірибем жетіспеді ме, маған фильм айтарлықтай әсер қалдырмаған еді. Сөйтіп, алдында бізде өткен ережесіз жекпе-жектің әсерінен, әлде соңғы уақытта драма көруге құлшыныстан ба, «Нокдаун»-ді қайта қарадым. Негізі ағылшын көрсетілімінде фильмнің аты «Cinderella Man». «Нокдаун» деп аударылғаны да бекер емес деп ойлаймын. Фильм әлбетте өмірде болатын нокдаундармен тұспа-тұс.

Read the rest of this entry »


Ойпырмай… немесе «Қымбатты» менің балаларым…

Шілде 22, 2009

Осы фильм шыққан бойда қарауға мүмкіндік тумады. Негізі қазақша фильмдерді көруге асықпаймын неге екені… Бәлкім, менің тізімдерімде авторитет жинап үлгермеген болар. Сөйтіп, демалыста режиссер Жанна Исабаеваның түсірген фильмін көріп, жазғым келіп кетті. Сосын бүгін Балдырғанның мына жазбасы да түрткі болды.

Соңғы уақыттарда шыққан қазақ фильмдерінің ішіндегі ең сәтті шыққан фильм дер едім. Өмірдің, қаланың шынайы көрінісі. Қазіргі қазақтардың жағдайы: бәрі өте дұрыс суреттелген. Кең байтақ жерде тұрғызылған зәулім үйлерге қолдары жетпей жүрген қазақтар.
Read the rest of this entry »


Әлемді шулатқан миллионер

Наурыз 3, 2009

8 Оскар… Білмеймін, соншама жүлде алатындай әсерлі кино емес болып шықты мен үшін… Оның жанында Бенджамин Баттон әлдеқайда мықты, философиялық туынды ма деген ой келді. Жалпы үнділердің жағдайы мен кедейліктерін біз кішкентай кезімізден-ақ көріп, біліп жүрміз десек артық айтқаным емес. Алайда америкалықтар үшін бұл бір жаңалық болса керек.
Фильмнің басы шынымен әсерлі, әсіресе жас балалардың өнері тамсанарлықтай. Кейін біраз шиеленіскен оқиға, аяғы happy end.
Үнді фильмдері қалайша би мен әнсіз өтті деп таңдана бастап едім, соңында әйтеуір қосып қойыпты… Үнді киноларының басқа кинолардан ерекшелігі де сол болар…

Фильм жайлы мынадай қызық деректер тауып алдым:

Кедей аудандарда түсірілген кадрларда «Mercedes-Benz» компаниясы өз логотиптерінің алынып тастауын сұраған екен.

Read the rest of this entry »