…Ғалам қаншалықты үлкен?

Тамыз 28, 2009

Олар бір-бірін мектеп кезінен танитын. Тіпті бір-бірінің алғашқы махаббаттары. Олар бірлесіп жүріп мектеп бітірді, кейін университетте де жұптары жазылмады. Елдің бәрі ендігі тойларын күтіп жүргенде, екеуі екі бөлек кететіндерін айтты.

Құрбым интернетте бұрынғы бастауыш сыныптарда бірге оқыған досын тауып алыпты. Кәдімгідей жігіт болып қалғанын айтады. Ғашық болып қалғаннан саумысың дегенше, оған тұрмысқа шығып та үлгерді.

Ауылдағы бір әпкемді жездем алып қашып кеткен. Жақсы танымаса да, тәуекел деген болар. Тәуекелі оңынан бұйырса керек, әлі күнге дейін, тілім тасқа – бақытты.

Құрбым да осы алып қашудың құрбаны болған еді. Дәл, құрбаны. Өйткені отасқанына жарты жыл болмай, ажырасып тыңды.

Жақында достарым үйленді. Олар да сонаааууу мектептен бірге, кейін универ, тіпті бірге жұмыс та істеді. Қарап тұрып, қызығатынмын. Адамдар ең алғашқы махаббаттарына үйленгендері қандай жақсы деп. Бірақ, орыстар айтпақшы, «Везде хорошо, где нас нет» дегеніне сүйенсек, бұның да бір кері әсері бар ма екен?

Read the rest of this entry »