Интернет және біз

Шілде 21, 2009

Міне, 2 жарым жылдай болды, мен және интернет екеуміз айрылмай, дос болып келеміз. Және де интернетпен өткен жылдарыма мен еш өкінбеймін. Қайта қайталап, қалай өткізер едің десе, дәл осылай өткізер едім деймін. Интернет өзгерткен менің мынадай 5 нәрсем бар:

1. Көрегенділік. Интернет арқылы адамдарды тани бастадым. Қырларын, сырларын, сөйлегендеріне қарап, ішкі болмыс пен сыртқы қалпын ажырата бастадым.

2. Идеялардың іске асуы. Блог аштым, Мой Мирде қауымдастық құрдым. Небір ақындардың өлеңдерін оқып, қазақ поэзиясының керемет майталмандарымен таныстым, дәмдес болдым.

3. Рухани даму. Интернеттен көшіріп, көптеген кітаптар оқыдым. Өнерді бағалай білуді үйрендім. Өнер мен көзбояушылықты біраз болса да ажырата бастадым.

4. Достық. Интернетпен керемет адамдармен достастым. Кейбір достарым менің өмірдегі достарымнан да қымбатырақ. Өмірде сондай адамдармен сөйлесіп, дос болғаныма мың алғыс. Ғашықтарымды интернеттен табатын болдым. Бірақ көбіне кездесуден кейін бәрібір дос қылып аламын. 🙂

5. Бағыт-бағдар. Жалпы мен интернетте өзімді еркін сезінемін. Өзімнің мекенімде, өз орнымда отырған сияқты. Кейде өмірде іске асыра алмаған, басқа қырымнан көріне алмаған заттарымды осы интернетте көрсете алған сияқтымын. Өзіңе көңілің тойған сәтте ғана бағдарың мен не керек екенін білетін болады екенсің. Осыған көзім жетті. Өзімді тани білдім, маған не керек екенін білемін, бақытты болуға не керек екенін анықтадым, бәрі осы үстіндегі жазбалардың арқасы.

Advertisements

Түсінгенім…

Ақпан 12, 2009

Түсінгенім…
ешкімге қинап өзіңді жақсы көргізе алмайсың.
ұнатылатын адам боласың да, қалғаның өздері біледі.

Түсінгенім…
сенімге кіру үшін жылдар керек,
сенімден шығу бір-ақ минут.

Түсінгенім…
өмірде қолда не бары емес,
қасында кімнің болғаны маңызды.

Түсінгенім…
өзіңді ең жақсылармен салыстыру емес,
ең жақсы өзіңмен салыстыру нәтиже береді.

1222378940_boat

Read the rest of this entry »


Наушникпен ойлар…

Қараша 18, 2008

Жұмысқа бара жатқанда және үйге қайтар жолда әрдайым наушникпен жүремін. Бұл менің бір осал жерім шығар. Көңіл күйіме байланысты кейде радио толқынын, кейде өзімнің ұялы телефоныма жинақталған әндерді тыңдаймын.

Наушниктің бір жақсы жері көлік тығынан, адамдардың көптігінен біраз да болсын ойыңды бөледі.Вконтактіде осындай наушникпен жүріп серуендейтін жандарға арналған топ бар. Сол жерде адамдардың осындай сәттерде не ойлайтынын сұраған екен. Әр түрлі ойлар, қиялдар, армандар… Біреусі “Өмір жайлы ойлай берсең, оның мәнсіз екенін түсініп қоясың, сондықтан жәй арманда” – дегенді айтады. Осындай пікірталастардан кейін өзімнің наушникпен жүргенде не ойлайтынымды ойландым.

Read the rest of this entry »