Армандау жолында…

Қараша 3, 2008

Қазіргі кезде діни ілімдерді көп оқып, білген адамдар – болашақты болжау, бір затқа сену, ағашқа мата байлап, мақсат тілеу сияқты наным-сенімдерді күнә деп жатыр. Бұған көптеген адамдар келіскен болса, ал басқалары сол бұрынғы кезерде ата-бабалырымыздың ұстанған салтжораларын қоймай, әлі де пайдаланып келеді.

Бүкіл әлемде, кез-келген туристік орталықтарда жоқ дегенде бір киелі, әулиелі жерлер немесе заттар болып шығады. Өзіміздің елде де ондай орындар қаншама. Ал сол орындарға барып, армандарын жүзеге асыру мақсатында сиынатын жұрттың саны көбеймесе кемитін емес. Бір қызығы армандардың орындалып жататынын көп естиміз. Тек ойларды дұрыстап жинақтап, дұрыс мақсатта армандай білу керек дейді. Көбісі мұны ойлардың көрінбес желімен комосқа жеткізіп, ал сол жерден ол бізге дайын күйінде түседі дегенді айтады. Бұл тұжырымның қаншалықты өтірік-шын екенін білмеймін. Бірақ бір ақиқаты бар екені анық.

Read the rest of this entry »