Сізге несие алуға бола ма?

Ақпан 2, 2009

Несие алмай-ақ өмір сүруге бола ма? Алуын алғанмен қайтаруында көп проблемалар кездесіп жатады. Қазіргі алмағайып заманда, жақындарыңнан қарыз алған тиімді, олармен келісіп, түбі бір қайтарасыз. Ал, банктерден кредит алу жағына қалайсыз? Алуын алғанмен, дер кезінде қайтармасаңыз, қиындықтарға тап болуыңыз мүмкін. Сонымен, сізге несие алуға бола ма екен?

1. Жаңа затты неге аласыз?
а) тұрмысымды көтеру үшін;
ә) байлығымды көрсету үшін;
б) ақшамды кетіру үшін.
2. Дүкенге кіргенде, ең бірінші неге көңіл аударасыз?
а) сапасына;
ә) бағасына;
б) жарнамасына.
3. Дүкенге кіргеннен кейін, қай сөресіне көңіл аударасыз?
а) үстіңгісіне;
ә) астыңғысына;
б) ортаңғысына.
4. Азық-түлікті қалай аласыз?
а) қолыма сыйғанша;
ә) арбалы сөмкеге сыйғанша;
б) машинама сыйғанша.
5. Егер досыңызға ұнаған киім, оған сыймай қалса, ол киімді өзіңіз ала саласыз ба?
а) жоқ, менің талғамым бөлек;
ә) мүмкін…;
б) иә, оған ұнаған киім маған да ұнайды.
6. Банкіде сіздің жеке есеп-шотыңыз бар ма?
а) иә, үнемі қосып отырамын;
ә) арасында қосып, арасында алып тұрамын;
б) жоқ, есеп-шот ашқан емеспін.
7. Қандай затты несиеге алар едіңіз?
а) кваритра, үй;
ә) автомобиль;
б) тоңазытқыш не кір жуатын машина.
8. Сіз қарызға ақша көп аласыз ба?
а) жоқ, қарыз алмаймын;
ә) арасында, тек жақындарымнан аламын;
б) үнемі, менің қарызды қайтаратыныма сенетіндерден қарыз ақша ала беремін.

«а» – жауап берсеңдер – 3 балл.
«ә» – жауап берсеңдер – 2 балл.
«б» – жауап берсеңдер – 1 балл.

20-24 балл жинағандар: ақылыңыз өз сезіміңізді, ал, сіз әмияныңызды мықты ұстай аласыз, ақшаны да өз орнымен жұмсай аласыз. Сондықтан, сізге несиесіз де өмір сүруге өз күш-жігеріңіз жетеді.
15-19 балл жинағандар: сіз керек зат болмаса да, алуға бейім тұрасыз. Ар жағын көп ойламайсыз, сондықтан, несие аларда «жеті рет өлшеп, бір рет кесіңіз». Әбден керек екендігіне көз жеткізіп, заңдылықтарымен танысып, несие алуыңызға болады.
8-14 балл жинағандар: сіз несие алуын алғанмен, қалай, қашан төлеуін ойламайсыз, сондықтан, несие ақша ешқашан алмаңыз. Несиеден құтыла алмай қалуыңыз әбден мүмкін.

Advertisements

Кризис кезінде қалай өмір сүру керек?

Қараша 4, 2008

Қазір әлемде орнап жатқан кризис біздің елге де өз әсерін тигізгені белгілі. Халықтың жағдайы күрт төмендеп, былтыр арзан несиелерді алған халық бүгінде төлей алмай қиналып жүр. Жұмыс орындарында айлық уақытылы берілмей, штатты қысқарту белең алып жатыр.
Осындай кезде қалай өмір сүру керек, ақшаны қалай үнемдеп, штаттан шығып қалмау үшін не істеу керек деген сұрақтарға эксперттердің жауабын оқып көріңіздер. Бәлкім біраз көмегі тиіп қалар.

1. Кризис қалай өрбиді? АҚШ-тағы сайлау кризиске қандай әсерін тигізеді?
Жағдай бұдан да қиын болады. Бәрі ушығып кетті, мұны АҚШ-тың әкімшілігі тез арада қалыпқа келтіреді дегенге күмән бар.

2. Ақшаны қайда және қалай сақтау керек?
Ақшаны сенімді бір банктің депозитінде сақтау керек. Әлбетте мұндай кезде банктерге сенімділік күрт түседі. Бірақ егер ақшаны үйде ұстасаң, банк тағы бір салымшыдан айрылып, бұл тек қана банктің емес, бүкіл елдің экономикалық жағдайын төмендетеді.
Read the rest of this entry »