Сол баяғы тірлік…

Тамыз 21, 2009

Жұмыстан қайтар-барар жолымда сотка сататын жігіттердің жанынан өту «бақыты» бұйырған екен. Қаламызда ұрланған соткалардың барлығы осы жерде айналымға түседі. Күн өткен сайын, бұлардың саны да арта түсетін сияқты. Соқталдай жігіттер арзанқол пайдаға құмар. Тіптен ұялмай, сотка сатамыз, аламыз деп бежірейе қарап тұрады. Осылардың бәрі оқып, үлкен жұмыскер болуларына әбден болады ғой. Ал сосын келіп, «Орыстар бізді үйретеді, олар біздің басымызға шығып алды, билікте өңкей шалақазақтар» – дейді. Әрине, қара қазақтар, осылай салпақтап жүргенде басқалары құр қол отырмасы анық.

Бостан бос көңілімді түсіре бермей, басқа жақтан айналып өткім келеді. Бірақ, мұнда күн түсіп тұрады. Таңертең үйлердің арасы салқын, сондықтан батыл қадамдармен, алға қарап, жүре берем, осыларға да басымды ауыртып…
Read the rest of this entry »


Біраз уақытқа дейін…

Шілде 2, 2009