Жәй… Эстафета…

Қыркүйек 1, 2009

Өмір туралы

Бірде ыстық, бірде суық. Бірде шаттықтан басың айналып жатса, бірде қайғыдан жаныңды қоярға жер таппайсың. Қайсысы қай уақытта келері белгісіз, сонымен өмір қызықты да шығар? Алайда белгілісі – «Бәрі өткінші».

Уақыт туралы

Зымырап өтіп жатыр. Уақытым бос өтпесінші деп бірдемелерді шама-шарқыма сай жасағандай боламын. Бірақ сонда да, қазақтың «Ас – ішерде…» мақалы маған қатысты ма деген де ойлар келеді.

Read the rest of this entry »

Advertisements

1 жас…

Қараша 12, 2008

Қаншама сынақтан өтіп, қаншама творчестволық кризисті бастан кешіріп, “Осы кімге керек?”, “Ешкімге қызықсыз”, “Тіл байлығым жоқ” деген сылтаулармен қаншама рет жабылып қала жаздаған блогым, міне 1 жылға толып отыр.

Басында, осы блогты бастағанда алдымда бір мақсат болды – қазақша ақпараттармен толтыру. Интернет қауымын қазақша оқуға ынталандыру болған. Бірақ, кейін өзім жайында да, ойларымды ортаға салып, сіздермен бөлісе отыруды да жөн көрдім.

Қазіргі уақытта, күйбің тіршілікте, кітап немесе журнал оқысам да, интернеттен жаңалықтар оқысам да, “осыны блогыма жазсам” немесе “блогыма бір қызықты ақпараттар бар ма екен” деген ой әркез тұрады.
Блогым арқылы сіздерді танимын, еліміздің қамқоршыларын, ана тілінің жанашырларын, рухани бай – достарымды.
Блогым арқылы мені танисыздар. Бәлкім, осы жерде көп жаңалық ашып жатқан жоқ шығармын, алайда менің мақсатым бұл емес, жай ғана үлес қосу, “Көп түкірсе көл” демекші, қолымнан келген соң – бөліскенім.

Мені әрдайым қолдап, блогымды комменттермен қуантып, алға жетелеп жүргендеріңізге көп-көп рахмет!!!