Балалы үй – базар…

Маусым 1, 2009

Бүгін балаларды қорғау күні. Қазақта жақсы мақал бар ғой: «Балалы үй – базар, Баласыз үй – қу мазар» – дейтін. Осы мақал кейбір отбасыларына түрпідей тиетін сияқты. Шындығында бүкіл әлемде бала сүйе алмайтын қаншама отбасылар бар. Бұлар осы мақалды естісе, онсыз да қанталаған жүрегіне жаншып пышақ сұққандай болатын сияқты…

Бұрынғы ата-бабаларымызда «тастанды бала» деген болмаған дейді. Ал қазіргі кезде біздің елде жетімдер үйінің бар екендігі және онда балалар санының көбеймесе, азаятын түрі жоқ. Және көптеген асыраушылар шет елдіктер екенін құлағымыз шалып жатады.

Менің ойымша, қазақ менталитеті неге екені, тастанды бала асырап алуға бейім емес. Жетімектерге көмектесіп, жанашыр болуға бармыз. Бірақ тек асырап алуға емес. Осыны түсіне алмай-ақ қойдым. Не кедергі? Әлеуметтік жағдай? Немесе эгоистік сезім: өз жағдайымызды жасап алайық, не бар балаларды жеткізіп алайық деген сияқты. Не біреудің баласы біреуге бала бола алмайды деген ба?

Қорғағымыз келеді… бірақ бәрі тек көңілдің ішінде ғана, бәріне қамқор болу қайда деп қана тыныш отыра береміз… Қатты болып барамыз ба?

1216839152_24_kids_57648


Балаларды қорғайық!!!

Тамыз 11, 2008

Осыдан біраз бұрын электрондық поштама, жоғалған кішкентай қызға іздеу салатын мынадай түрдегі хат келіп еді:

“Просьба переслать как можно большему кол-ву людей!!!!!!!
ПРОПАЛА ДЕВОЧКА!


14 июня 2008 года в районе Аэропорта г.Алматы. украли 6-летнюю девочку, Исраилову Томирис Аркеновну, дата рождения 16.12.2002 года.
Приметы: волосы – каштановые, длинные, мелированные по длине; брови – густые; глаза – карие; очень общительная.
Была одета: Розовый сарафан с белой рюшей.
Просьба всем, владающим какой-либо информацией, обращаться по телефонам:
*** *** *** ****”

Ол хатты бей-жай қалдырмай, достарыма да жіберген болатынмын.
Асхаттың да блогынан осы қызға іздеу салып жатқанын оқығанмын.
Жұма күні қыздың мәйіті табылған деген ақпаратты естідім. Оны өзінің ағасы мас күйінде қызды зорлап, өлтіріп, көміп тастаған екен.

Read the rest of this entry »