Астанада болдың ба, бәйтерекке қолыңды қойдың ба?

Тамыз 6, 2008

Жалпы, Астана астана болғалы бері, әрбір қазақстандық сол қалада болуды армандайды, армандамаса да, бір сынап көріп қайтуды ойлайды. Ал кейбіреуі оны іске асырып та қойған.
Соңғы кездері, бір адаммен танысып, немесе көптен көрмеген класстас, курстас достарыңды кезіктіре қалсаң, Астананы сөз ете қалу әдетке айналған сияқты. Қатып қалған “Қалай екен?”, “Ұнады ма?”, “Алматыға жетеді деп ойлайсың ба” типтес сұрақтарды қоя отырып, көбінесе “Былай жаман емес”, “Көк шөп аз екен”, “Архитектурасы әдемі”, “Алматыға все-таки жетпейді” деген жауаптарды аламыз.


Астананың ең басты назар аударарлық орыны болып, сөзсіз “Бәйтерек” болып саналады. Мен осыдан 2 жыл бұрын осы қалаға барғанымда “Бәйтерекке” шығып, аралап, ел басының қолының пішініне (-мыс) қолымды қойып, өз арманымды іштей ойлаған болатынмын. Шыны керек, сол арманым сол жылы-ақ орындалды.
Астанаға барып, “Бәйтеректі” көріп қайтқандардың көбісі сол ритуалды жасаған болу керек, мені қызықтыратыны: қолыңызды қойып, армандаған армандарыңыз орындалды ма? Орындалса, мұны қалай түсінесіздер?

Advertisements

Бір ой…

Мамыр 6, 2008

Жақында ғана теледидардан Астананың 10 жылдығына қарсы салынып жатқан құрылыс алаңдарын көрсетті. Тағы да бір зәулім сарайлар, яғни салып жатқан адамдардың атын тарихта қалдыратын құрылыстар-мыс…
Ойландыратыны – оның бәрі осы уақытқа қажеті қанша? Онсыз да Астанада жаңадан салынған әдемі ғимараттар жетіп жатыр емес пе? Менің ойымша мұның бәрі жай “показуха”. Басқа елдер келіп көрсін, бізде бәрі жақсы, керемет, ел бай, ақшаны қайда жұмсарларын білмей, ғимарат салып жатыр екен деп ойласын дегендей.
Жастар үй ала алмай, отбасы түгіл өз бастарын әрең алып жүр, ал Астанаға үлкен ғимараттар керек екен.
Бұрынғы уақытта мемлекеттік кәсіпорындарда істейтін жұмысшыларға кәсіпорын атынан жатақанадан бөлме берген. Уақыт өте келе стажына және отбасы құруына байланысты пәтер берген. Ал қазіргі кезде мемлекеттік кәсіпорындар емес, жеке басты бизнестер көп, яғни ЖШС, АҚ дегендер. Олар үй беру мәселесімен айналыспайды. Істейтініңді – істейсің, жалақыңды аласың, болды.
Біздер демографиялық дамуды баяу деп жүрміз? Қалай ол дамиды, егер жастар далада қаңғып жүрсе?
Неге сол бытырлатып салынып жатқан ғимараттардың орнына жаңа құрған отбасына, жастар тұратын жатақана типтес үйлер салып бермейді? Ғимараттар салынып үлгермей қалады деп ойлай ма?
Алматының тарихын алып қарасақ ондай зәулім ғимараттар 150 жыл бойы салынған. Қазіргі кезде қонақтар келгенде қыдыртып алып баратын 2-3 орындар ғана бар. Бірақ одан қаланың беделі түсіп, келуші қонақтардың саны артпаса төмендеген емес. Алматыға келген шетелдіктердің де тек оң пікірлерін естіп жатамыз.
Жалпы айтқанда шетелдіктердің біз туралы не айтса да бәрібір. Ішкі саясатымыз, еліміз аман-жұртымыз тыныш, бақытты болғанға не жетсін? Ал төрт құбыла түгенделмей қалай бақытты болуға болады?…