«103»

Қыркүйек 8, 2009

Балдырғанның мына постына байланысты менде де өзімнің айтарым пайда болды. Өйткені күнде қоғамдық көлікте жүретіндіктен және қазақтардың ең көп шоғырланған жерінде тұратындықтан (көбі бірақ қарақалпақтар) автобуста шытырман оқиғалар, яки «базар ұрсыстар» өте-мөте көп болады. Содан бірнеше көрініс.

Сонымен, кешкі мезгіл, лық толы автобус.

Бір кезде шіңкілдеген дауыс артқы жақтан шығады:

– Әй, көргенсіз, ағаш тасып барасың ба, атаңа нәлеттің?! Өлтіресің ғой мындағыларды.

– Артына кіріп кете жаздадық, әрең үлгердік тоқтап.

– Енді қайтем? Өйстейді бұлар, бірдемеден құр қалғандай неменеге ұшып жүресіңдер?

– Ой, апай, қойыңызшы, таңғы 5-тен бері жүрміз. Сіз сияқтылар мың отырады.

– Таңғы 5-те тұрғыларың келмесе жат онда! Сені біреу зорлап шығарды ма жұмысқа? Жасасаң дұрыстап жаса жұмысыңды, атаңа нәлет! Бәріміз жұмыстан шаршап келе жатырмыз….

– ….

– …

Сол апай аялдамасында шығып кеткенше бақырады.

Read the rest of this entry »

Advertisements

12.30:Алматыда өрт

Маусым 15, 2009

Алматыда Жібек Жолы мен Қонаев қиылысында Казкомның (қазір сонікі ма, емес па білмедім) ғимараты өртенді. Үлкен өрт болған соң өрт сөндірушілер де, Көк базардың жаны болған соң адамдар да көп болды. Ғимаратта үлкен дүкен де болған…

Image014

Read the rest of this entry »


Тығындалған Алматы.

Қазан 15, 2008

Бірде Ақтаулық бір құрбым «Алматыда тұрған керемет шығар, сонда көшкім келеді», – деп сырын айтты. Әлбетте, мұнда адам көп, жұмыс істеуге, ақша табуға қолайлы қала. Сонымен қатар еліміздің мәдени орталығы деген де аты бар. Қалай болғанмен де елдердің осы қалаға асығатынын түсінбеймін.

Не бар мұнда асып-тасқан? Басқа қалаларға жете алмайтындай? Басқа қалаларда да ақша табуға, тамақ табуға, білім алуға, өмір сүруге болады. Мәдениеттілікке үйренеміз дейтіндей, адамдар мәдениеттіліктен жұрдай болып кеткен, жиырма минутта жететін жеріңе бір сағатта барасың, жұмыс дейтіндей істейтіндері көбіне қара жұмыс. Үй алу проблемасын айтпаса да түсінікті. Пәтерден пәтерге көшіп-қонып жүрген халық.

Еріккеннен жүрген жоқ, білем, бірақ мұнда тәтті өмір болады деп келеді көбісі, есесіне: бітпейтін пробкада, селқос адамдармен, лас ауа жұтып, тынышсыз өмір сүреді… Өмірдің қызығы сол ма?

Басқа қалаға көшкім келіп жүр…