…Ғалам қаншалықты үлкен?

Тамыз 28, 2009

Олар бір-бірін мектеп кезінен танитын. Тіпті бір-бірінің алғашқы махаббаттары. Олар бірлесіп жүріп мектеп бітірді, кейін университетте де жұптары жазылмады. Елдің бәрі ендігі тойларын күтіп жүргенде, екеуі екі бөлек кететіндерін айтты.

Құрбым интернетте бұрынғы бастауыш сыныптарда бірге оқыған досын тауып алыпты. Кәдімгідей жігіт болып қалғанын айтады. Ғашық болып қалғаннан саумысың дегенше, оған тұрмысқа шығып та үлгерді.

Ауылдағы бір әпкемді жездем алып қашып кеткен. Жақсы танымаса да, тәуекел деген болар. Тәуекелі оңынан бұйырса керек, әлі күнге дейін, тілім тасқа – бақытты.

Құрбым да осы алып қашудың құрбаны болған еді. Дәл, құрбаны. Өйткені отасқанына жарты жыл болмай, ажырасып тыңды.

Жақында достарым үйленді. Олар да сонаааууу мектептен бірге, кейін универ, тіпті бірге жұмыс та істеді. Қарап тұрып, қызығатынмын. Адамдар ең алғашқы махаббаттарына үйленгендері қандай жақсы деп. Бірақ, орыстар айтпақшы, «Везде хорошо, где нас нет» дегеніне сүйенсек, бұның да бір кері әсері бар ма екен?

Read the rest of this entry »


Ғашық оты жанады – жана берсін, жұбайлардың жолдары бола берсін…

Шілде 27, 2009

Сенбі күні Балдырған екеуміз ат шаптырып, қазақша блог жүргізу үрдісінің тұңғышытарының бірі саналатын, қазіргі таңда Birge.kz сайтының админі болып жүрген Қуаныштың шақыруымен үйлену тойына барып келдік. Жалпы интернеттегі таныстарымның бұл бірінші тойға шақыруы және бірлесіп бірінші рет баруым.

Қуаныш үшін өте ризамын. Әсел келініміз өте сүйкімді де, әдемі екен. Екеуіне ұзақ ғұмыр, үбірлі-шүбірлі болып, бақытты отбасы болуларына тілектеспін. Өкінішке орай, біздің тостқа жеткенше кеш болып, аяғын күтпей кетіп қалдық. Сондықтан блогты пайдаланып, бір құттықтап қояйын.

Тойдан әсер қалдыртқан:
– Қуаныштың анасының үлкен көздері, өте әдемі, салмақты, ақылды жан екені көрініп тұр. Қуаныш, ата-анаңа да ұзақ ғұмыр тілеймін;
– Достарының зор дауыспен «Ай да тост!!!» деп алып отыруы;
– Каспий тобының залды алып кеткен қымбат парфюмі;
– Қуаныштың бір досының биі мен тәнтті етті. БАЖ билеп қояды екен.

Той-тойға ұласа берсін. Блогшылар өмірінде той көп болсын!


Сен жалғыз емессің…

Маусым 26, 2009

Міне, мына күн де өтіп кетті
Мен тағы жалғызбын
Бұл қалайша болды
Сен енді мендік емессің.
Сен «Қош» деп те айтпадың
Ал менің айтарым,
Сен кеткелі
Менің өмірім қара түнекке айналды.Ал кейде құлазыған көңіліммен
Махаббатты жоқтасам
Біреу маған сыбырлайды:

Қайырмасы
Сен жалғыз емессің
Мен сенімен біргемін.
Екеуміз алыс болсақ та
Мен тек сендікпін.
Сен жалғыз емессің
Қанша аралық жатса да
Сен менің жүрегімдесің.
Сен жалғыз емессің.

Жалғызбын…
Бірақ…

Кеше түсімде
Сенің жылағаныңды көрдім.
Мені өзіңмен шақырдың,
Жылулығыма мұқтажбын дедің.
Сенші маған, білемін,
Мен саған керекпін ғой.
Қолыңды берші, өтінем,
Бәрін бірге бастайық.

Тек сыбырлап қана айтшы,
Белгі берші. Мен тап сол сәтте
Сен жаныңда боламын, тек сендік боламын…

Қайырмасы:

Read the rest of this entry »


Деген екен…

Маусым 22, 2009

«Білесіз бе, бұл дүниеде сезімтал болудан ауыр нәрсе жоқ сияқты маған. Кейде тіпті сезімсіз адамдар әлдеқайда бақытты көрінеді. Бірақ оларға сезімнің тәтті дәмін татып көру бақыты бұйырмаған-ау деп тағы ойлаймын. Үнемі ауыр ойлармен арпалысып, кейде мұңға батып, кейде сағыныштан сарғайып, кейде сәл нәрсеге жүрегің жараланып, кейде қырандай түлеп, ал кейде бәрінен-бәрінен жалығып, өзің де анық білмейтін көз көрмес, құлақ естімес әлемге жетелейтін “Сезім” деген әлемнің тұрғындарына бар адамдар түсіністікпен қараса екен деймін…»

«Айнамекен» блогында Рауан деген жігіт осындай коммент қалдырыпты. Кейде біреулердің сөздерін, осыны неге мен айтпадым екен деп ойланып қаласың… 🙂 Жөн айттың, Рауан…


Тоғысқан тағдырлар…

Маусым 12, 2009

Махаббат жайлы жазылғанның бәрі де шын екенін аңғардым. Шекспир айтыпты ғой, «Бәрі де екі ғашықтың кездесуімен бітеді» – деп… Әдемі айтылған. Өз басым бұл сөздерден өзіме жақын ештеме таппаймын. Бірақ Шекспир тапқан шығар деп сенгім келеді. Ал былай қарасақ, мен махаббат жайлы шамадан тыс көп ойланатын сияқтымын. Бірақ махабаттың біздің өмірімізді түбегейлі өзгертіп жібере алатындай күш иелігіне тамсанамын. Айтпақшы, Шекспир тағы да мынадай ақылды сөз айтыпты: «Махаббатта көз болмайды» – деген. Міне, осы сөзіне мен толық келісемін.

Біреулерде түсініксіз жағдайлармен махаббаттары сөніп қалады.
Ал кейбіреуі өз махаббаттарын жоғалтып алады.
Және де, әлбетте махаббатты тауып алуға да болады, тіпті бір түнге болсын.
Сонымен қатар махаббаттың басқа да қыры бар. Ең қатыгез. Мұндай махаббат өз құрбандарына үміт те қалдырмайды. Бұл жауапсыз махаббат. Бұл жерде мен асқан шебермін. Махаббат романдарында адамдар көбінесе бір-біріне ғашық болады, ал қалғанымыз не істемекпіз? Біз біржақты махаббаттың құрбандарымыз. Біз ғашықтар әлемінің қарғысымыз. Біз сүйікті емеспіз. Біз аяқ басып жүрген аурулармыз. Біз толық тұраққа ие бола алмайтын мүсәпірлерміз… Ия, алдарыңызда дәл сондай жан. Өз қалауым бойынша мен 3 жыл бойы сол адамды сүйдім, өмірімдегі ең ұзақ 3 жыл, ең бақытсыз жылдар. Ең сорақы Рождество, ең сорақы туған күндер, жаңа жыл, бәрі жасқа толы көз бен валиумның көмегімен өтетін. Ғашық болған жылдарым өмірімдегі ең қара түнек күндерден құралатын, қалайша сондай адамға ғашық болдым, маған қарамайтын және ешқашан мені сүйе алмайтын адамға.

Read the rest of this entry »


Бір өкініш, бір үміт…

Мамыр 29, 2009

Көздеріңнің бірі – шаттық, бірі – мұң,
Ұқтым сенің жүрегіңнің дүрілін.
Кезектескен бір өкініш, бір үміт
Құлағымда жаңғырығы түр үнің.

Көңіліңнің терезесін қағайын,
Қағайын да, үміт шамын жағайын.
Екі жақсы қосылмайды дейсің сен,
Тағдыр қосса мен-ақ жаман болайын.

Екі жақсы қосылмайды дейсің сен,
Тағдыр қосса мен-ақ жаман болайын.

Жүрегімнен, көзімнен жас тамшылар
Тамшылаумен төзімім де таусылар.
Шын ғашықтар қосылмайды дейсің сен,
Шын сүюдің азабы да сол шығар.

Шын ғашықтар қосылмайды дейсің сен,
Шын сүюдің азабы да сол шығар.

Меруерт Түсіпбаеваның орындауындағы ән.


Ғажайыпқа сенбеймін, бірақ сиқыршыны іздеймін…

Мамыр 22, 2009

Ванда Блоньская деген поляк журналист қызын танымайды екенмін. Бірақ бірер айтқан сөздері жымитып, блогыма жазуға түрткі болды.

Менің өтірігіме өтірікпен жауап бергенді жек көремін. Бұл дегенің әділетсіз бәсекелестік қой.

Еркектің құшағына тек бір ғана әйелге орын бар.

Қартайып барамын деп ойлай берме – бұл қартайтып көрсетеді.

Қыс жақындаған сайын біз куәліктегі суреттерімізге ұқсап кетеміз.

Еркектің өз бетінше қабылдайтын соңғы шешімі – үйлену

Табысым екеуміз баяғыдан бірге тұрмаймыз.

Басынан бастап жатсақ, онда соңы жақын деген сөз.

Бұрынғылар есі кеткенше сүйетін, қазіргілер тек неврозбен шектеледі.

Махаббат қанаттандырады: біреуін – құсқа, біреуін – жарқанатқа.

Әйелдің жарты сөзіне ғана сенуге болады, бірақ қай жартысына?

Еркектер ит сияқты: байламай ұстасаңыз сізге байланып қалады.

Тәртіпті қыз болған да жақсы: тым құрығанда ешкім сені күндемейді.

Бұрын жазған махаббат хаттарымды оқып ұялатыным бар, соның бәрін кімге жазғам?

Өмір деп жүргеніміз, сол бүгіндік жоспарларымыз ғой.

Зауыттарға да адамдар сияқты түтін шығару қиынға соғатын шығар.

Ерлер әйелді түсінуге тырысқан сайын құпиялар шырмала береді.

Ғажайыпқа сенбеймін, бірақ сиқыршыны іздеймін.1187048487_illystr21