Өткен шақпын сізге мен


Өткен шақпын сізге мен.
Еске алуға, ескеруге тұрмайтын.
Бізді бөлген шақырымдар
Ауыр үкім оқығаны болды айқын.
Сырым едің –
Жан адамға ашпайтұғын құпиям,
Жырың едім –
Тәтті ұйқыңды ұрлайтын.

Енді бәрі елес боп,
Жағасында жалғыз қалдым Жайықтың,
Көп ішінде күрсінемін.
(Несіне…)
Ертіс, сенің ерке ұлыңа сенгенім…
Бар айыбым.
(Ол да мені ала ма екен есіне?)

Біз әдемі сезімдерді жоғалттық,
Көк қағазға айырбастап уақытты,
Сағынбайтын, сарылмайтын боп алдық,
Қолдан жасап бақытты.
Сұр қалаға қамалып,
Көкжиектер көрінбейтін көшемен,
Жан берісіп, жан алып,
Жүгірем деп,
Өлеңімді құрбан қылдым неше мен.

Енді бәрі ертегі.
Естелік қып бірге өткізген күздерден:
Сағынышым сіңіп қалған бойына,
Алтын түстес жапырақтар тізбегін,
Алқа қылсам мойыныңа деген ем.
Өкініш бар өміріме жетерлік,
… Өткен шақпын сізге мен…

Авторы: Бақытгүл Бабаш

3 пікір | Өткен шақпын сізге мен

  1. riko says:

    Менің нұрлы махаббатым
    армысың
    Бұл өмірде аман есен
    бармысың
    Арналады тағдырымда және де
    Сені туған анаңа мың алғысым
    Айтқан сөзге жауапты ғой иесі
    Саған деген жүрегімнің сыйы
    осы
    Айтқан сөзім жалған болса егер
    де
    Атсын мені махаббаттың киесілады тағдырымда және де
    Сені туған анаңа мың алғысым
    Айтқан сөзге жауапты ғой иесі
    Саған деген жүрегімнің сыйы
    осы
    Айтқан сөзім жалған болса егер
    де
    Атсын мені махаббаттың киесі

  2. Жазира says:

    Оте керемет!

  3. Акбота says:

    Бахытгул, олендериниз керемет әсер қалдырады жан дүниеге,рахмет,қаламыңыз ұштала берсін!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: