* * *


Күлкімді күз ұрлады.
(Қу тірлік).
Мұңлымын бүгін.
Біртүрлі.
Мен — мен емес секілдімін.
Жасыл бақта билеп ем,
Әуеніме елітіп,
Жапырақтар секірді.

Сен сыйлаған қызыл гүлді,
Алақанда аялағам.
Амал не?
Үш-ақ күн болды ғұмыры.
Қураған құр сүлдесін, сосын,
Лақтыра салғам.
Қайғырды құмыра құрғыры.

Құмыра құсап қан жұтып жүре берер ме ем,
Таусылып басқа айтар ән.
Егер… өзің келмегеніңде,
Гүл бермегеніңде қайтадан…

Авторы: Бақытгүл Бабаш

4 пікір | * * *

  1. jansezim says:

    Күлкімді күз ұрлады.
    (Қу тірлік).
    Мұңлымын бүгін.
    Біртүрлі.
    Мен — мен емес секілдімін. – Керемет!

  2. […] авторы: Бақытгүл Бабаш. Share this:TwitterFacebookLike this:Ұнады жазбасын ұнатушылардың […]

  3. zhuldyz says:

    Сондай мунды олен

  4. Бакытгул Сармек says:

    журеги барлар угатын кудиретти олен!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: